Кредиторлармен байланыс

ККЖ-ҰЕҚБ сыртқы кредиторларымен қарым-қатынас

2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. 

ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды. ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды

Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

Байланыс үшін арналған электрондық пошта tcolr@tengizchevroil.com


Байланыс ақпараты

Қазіргі облигация иелері, кредиторлар немесе потенциалды инвесторлар, компанияның қаржы есептеме мәліметі үшін бізбен электрондық пошта арқылы байланыса алады. Егер сіз:

Қазіргі облигация иесі

Белгіленген процедураға сәйкес құпиялылық формасын толтыру үшін сенімгерлікпен электрондық пошта арқылы байланысуыңыз қажет. Электрондық пошта: emea.at.debt@citi.com

Кредитор

Белгіленген процедураға сәйкес сіз өзіңіздің агент-банкіңізбен байланысуыңыз қажет

Потенциалды инвестор

ТШО-ның кредиторлармен байланыс ұжымымен tcolr@tengizchevroil.com электронды адресі арқылы хабарласыңыз.  

Қаржы есептеме мәліметі құпия сөзбен қорғалған дерекқорда сақталған.

Жиі қойылатын сұрақтар

«Кредиторлармен байланыс» веб-парақшасы не үшін қажет?

Кредиторлармен қарым-қатынас, ақпарат алмасу және кредиторлардың сұрақтарына жауап беру үшін орнатылады.

Кредитор ретінде компания туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қайдан ала аламын?

Алдыңғы жылдағы қызметіміздің жалпы статистикалық деректерімен танысу үшін Негізгі мәліметтер сілтемесін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, несиелеушілер үшін ақпарат Merrill Datasite дерекқорында сақталады және кіру рұқсаты берілгеннен кейін сенімді түрде қорғалған құжаттар форматында қарауға қолжетімді болады. Жүйеге кіру туралы әрмен қарайғы нұсқау алу үшін бізбен байланысыңыз.

Merrill Datasite дегеніміз не?

Merrill Datasite – бұл сенімді әрі жедел дерекқор. Ол жерде біз кредиторлардың қолайлылығы үшін жаңартылған ақпаратты сақтаймыз.  

Merrill Datasite дерекқорына кіру рұқсатын қалай аламын?

Егер сіз қазіргі уақытта біздің кредиторымыз болсаңыз, tcolr@tengizchevroil.com электрондық поштасы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Кредиторларға байланысты сұрақтармен кіммен байланыса аламын? 

Бізбен tcolr@tengizchevroil.com электрондық поштасы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Кредиторлармен байланысты сұрақтарыма жауапты қаншалықты жылдам аламын? 

Біз жауаптарды уақытылы береміз. Кейбір сұрақтарға жауап дайындау үшін кәсіпорыннын түрлі бөлімдерінен дерек алу қажет болуы мүмкін. 

Кредиттік рейтинг

Рейтинг агенттігі

Соңғы талдау

Кредит рейтингі

Болжам

Веб-парақ

Standard & Poor’s

20/07/2017

BBB

Тұрақты

S & P

Moody’s

06/06/2017

Baa2

Тұрақты

Moody’s


Пайдалы сілтемелер