Компания

"Теңізшевройл" ЖШС Атырау облысындағы алып Теңіз кенішінде геологиялық барлау, және игеру жұмыстарымен айналысатын Қазақстандағы ірі кәсіпорын болып табылады. Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әлемдік стандарттары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары көрсеткіштер, сондай-ақ өндірістік операциялардың сенімділігі кәсіпорынның Қазақстан Республикасындағы 1993 жылдан бергі көпжылдық және табысты еңбегіне арқау болды.



Теңіз кеніші

«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.