Кері байланысты басқару үдерісі

Кері байланыс үдерісі жұртшылық өкілдеріне компанияның қызметі жөнінде сұрақтар қойып және оларға тез де оңай жолмен құпиялықты сақтай отырып, жауап алу үшін байланысуға мүмкіндік береді.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мемлекеттік, іскерлік және жергілікті қауымдастықтармен жемісті және өзара тиімді қарым-қатынас орнату дәстүріне берік жолдан айнымай келеді. ТШО мен мүдделі тараптар арасындағы ашық диалог - осындай қарым-қатынас құрудың негізгі принципі болып табылады. ТШО-ның кері байланыс үдерісіалаңдатарлық мәселе жөнінде ой бөлісудің, ұсыныс айтып, ескертпе жасаудың, соған сай жауап алудың сенімді тәсілі.

Сіз ескертпе / ұсынысты жіберген соң, ТШО оны алғандығын 5 жұмыс күні ішінде растайды. ТШО келіп түскен ескертпе / ұсынысқа 20 жұмыс күні ішінде жауап береді.

ТШО келіп түскен ескертпе / ұсыныстарды қарастыру барысында оны компаниядан тыс жарияламайды. Ескертпе / ұсыныстар біздің жауап беруімізге мүмкіндік береді, бұл ТШО-ның жергілікті жұртшылықпен байланысын барынша ашық етеді.

Үдеріс құпиялықты сақтайды. Сауал жолдағанда, кері жауапты тікелей өзіңізге жолдауымыз үшін байланысуға қажетті ақпаратты қалдыруыңызды сұраймыз.

ТШО пікір қалдыруды барынша жеңілдетудің бірқатар әдістерін ұсынады. Жұртшылық өкілдері ТШО-ның кері байланыс сауалнамасын Атырау, Ақтау, Құлсары қалалары мен Теңіз кен орнында келесі мекен-жайлар бойынша толтыра алады:

  • «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас кеңсесі, Атырау қаласы
  • «Уорли Парсонс» компаниясының  ғимаратында орналасқан ККЖ-ҰЕҚБЖ кеңсесі, Атырау қаласы
  • PSN компаниясының кеңсесі, Атырау қаласы
  • Орхусс орталығы, Атырау қаласы
  • «Шаңырақ» вахталық кенті, 1-үй, Теңіз к/о
  • «Шаңырақ» вахталық кентінің вахта алмасу залы, Теңіз к/о
  • Жылыой ауданы әкімдігі әкімшілігінің ғимараты, вахталық кент, Теңіз к/о
  • Светлана» дүкені, вахталық кент, Теңіз к/о 
  • «QAZKOM» банктің кеңсесі, вахталық кент, Теңіз к/о
  • ТШО вахталық кентінің асханасы, Теңіз к/о
  • Құлсары қаласы әкімдігінің ғимараты
  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимараты, Құлсары қаласы
  • Халыққа қызмет көрсету орталығы, Құлсары қаласы
  • «Интертич» клиникасы, Құлсары қаласы
  • ККЖ-ҰЕҚБЖ кеңсесі, Ақтау қаласы

Сонымен қатар, пікірлер  tcofp@tengizchevroil.com электрондық поштасы, 8-800-080-84-88 тегін желісі  және төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ.

«Теңізшевройл» ЖШС

Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі