Тарихи межелер


1979

Теңіз кенішінің ашылуы

Разработка Тенгизского месторождения в 1979 году

Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы Қазақстанның батыс аймағында ашылды. 1979 жылдың 18 желтоқсанында осы алаңдағы бірінші ұңғыдан 4045 – 4095 метрлік тереңдікте орналасқан тұз қабаты астындағы қыртыстан мұнай алынды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басынан ортасына дейін кеніш территориясында бұрғылау жұмыстары белсенді жүргізілді. 100-ден аса ұңғы бұрғыланды.


1986

Теңізде құрылыс жұмыстарының басталуы

1986 жылдың басында мұнай өнеркәсібінің нысандарында құрылыс жұмыстары белсенді басталды, ал көктемнің келісімен – зауыт комплексінің нысандарында. Теңізге Батыс Германия, Франция, Канада және Венгр Халық Республикасының мамандары мен құрылысшылары келді. Отандық мұнай институттарының немістің «Лурги», канадалық «Лавалин» және американдық «Литвин» компанияларымен бірлесе отырып дайындаған жобасы бойынша «Ведепсьер» венгр компаниясы Теңіз газ өңдеу зауытының маңызды бөлшегі кешендік технологиялық желілер КТЖ-1 және КТЖ-2 салды.


1985

«Тенгизнефтегаз» құрылды

1985 жылдың ақпанында алып кен орнын игеру мақсатында «Тенгизнефтегаз» өндірістік бірлестігі құрылды.


1985

Т-37 ұңғысында орын алған апаттық жағдай 

Ликвидаторы аварии на скважине Т-37

1985-ші жылдың маусымында Т-37 ұңғысының фонтанынан өрт шықты. Бұл өрт 400 күнге созылып, ол "Камерон" компаниясының мамандарының көмегімен сөндірілді.


1991

Теңіз мұнай-газ кешенінің қосылуы

1991 жылдың 6 ақпанында инженер Борис Васильев пен оператор Абдулхамит Артығалиев және Ғафурин Әубәкіров Т-8 ұңғысын іске қосты. Күкірттік сутектен және қоспалардан тазарту үшін шикі мұнай зауыт кешеніне жіберілді. Теңіз мұнай-газ кешені іске қосылды.


1993

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының құрылуы

Nazarbaev

1993 жылдың 6 сәуірінде Алматы қаласында Теңіз кенішін игеру бойынша бірлескен қазақстан-американ кәсіпорнының құрылуы жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. Келісім-шартқа ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен американдық «Шеврон» мұнай корпорациясының басшысы Кеннет Дерр қол қойды. Құрылған бірлескен кәсіпорын «Теңізшевройл» деген атқа ие болды.


1993-1998

ТШО-ның бағдарламасы «Атырау Бонус Қоры»

«Атырау Бонус Қоры» деп аталатын бесжылдық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы жүзеге асырыла басталды, оның бюджеті 50 млн.АҚШ долларын құрады. Атырауда  қалалық қазандыққа дейін автоматтандырылған қазандық және Редут ауылынан қала және оған жақын орналасқан елді мекендерді газбен қамтуға жеткілікті қуаты бар табиғи газ құбырының құрылысы басталды. «Атырау Бонус Қоры» бағдарламасы аясында нан зауытының құрылысы жүргізілді, Атырау облыстық ауруханасын жөндеу және қайта жарақтандыру жұмыстары аяқталды. Құлсарыда жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы, ал Атырау қаласында жаңа медициналық аппараттармен жабдықталған диагностикалық орталық салынды.


2001

КТК мұнай құбыры іске қосылды

КТК

2001 жылдың басында Новороссийск Қара теңіз портының мұнай терминалдарына Теңіз мұнайын тасымалдау үшін КТК  мұнай құбыры іске қосыды. 


2006 - 2008

«Игілік» бағдарламасының жылдық бюджеті 12 миллион АҚШ долларын құрады


1997

Мұнай кешен алғашқы рет жаңарту

1997 жылы Теңізде алғашқы ірі мұнай кешенін жаңарту аяқталды – Debottlnecking  – «Тар жерлерді кеңейту» жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба жылдық мұнай өндіру көлемін 7 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Дәл осы жылы өндірістік қуатты одан әрі арттыру бойынша «Бесінші желі» және «Бағдарлама-12» жобалары жүзеге асты. 2001 жылы мұнай өндіру көлемі 12 миллион тоннаға өсті.


1999

«Игілік» әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының басталуы

Жаңадан «Игілік» атты ерікті бағдарлама (қазақ тілінен - "благо") іске қосылды. Осы бағдарлама аясында Атырау қаласындағы Орал өзені арқылы орталық көпірді қайта қалпына келтіруге 4 млн АҚШ доллары бөлінді. 2000 жылы бағдарлама бюджеті 5 миллион АҚШ долларын құрады.


2001 - 2008

Екінші буын зауытының және Шикі газ айдау кешенінің құрылысының басталуы

2001 жылы Екінші буын зауыты және Шикі газ айдау (ЕБЗ/ШГА) жобалары бойынша жұмыстар басталды. Қазақстанда мұнай өнідірісі тарихындағы мұнай кешенінің қуатын арттыру бойынша ең ірі  жобаны жүзеге асыру  2003 жылы басталып, 2008 жылы табысты аяқталды.  


2008

Екінші буын зауытын іске қосу

Завод второго поколения ТШО

2008 жылдың 5 маусымында ЕБЗ/ШГА кешенін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

"Екінші буын зауыты  –  ең ірі инновациялық жобалардың бірі. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны расында да еліміздің мұнай-газ саласындағы корпоративтік көшбасшы болып табылады. Бағасы 7 млрд АҚШ долларын құрайтын осы жоба қазіргі таңда ТМД елдеріндегі ең ірі жоба болып табылады. Оның қуаты Қазақстанға жылына 25 млн тонн мұнай өндіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоғары технологиялық жабдықты қолдану ауаға зиянды заттар шығарындылар көлемін азайтуға ықпал етті", - деді Елбасы.


2009 - 2012

«Игілік» бағдарламасының бюджеті осы уақытқа дейін жылына 20 миллион АҚШ долларын құрады

"Игілік" бағдарламасын жүзеге асырудың жалпы мерзімінде Атырау облысындағы түрлі әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына 150 миллион АҚШ доллары бөлінді.


2009

Шикі газ өндіру көлемі 25 миллион тоннаға жетті

ЕБЗ/ШГА жобалық қуатына 2009 жылы қол жеткізгеннен бері ТШО-ның шикі газ өндіру көлемі  25 миллион тоннаға жетті, яғни кешеннің өндіріс қуаты екі есеге артты


2011

ТШО «Парыз» Гран-при сыйлығының иегері

Церемония вручения премии Парыз

2011 жылы «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі «Парыз» республикалық байқауында Гран-при сыйлығына ие болды. Сыйлықты табыс ету рәсімі Астана қаласында өтті. Осы сыйлықты ТШО бас директоры Тим Миллерге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыс етті.  


2012

ТШО құрылғанынан бері 2 миллиард баррель шикі мұнай өндірілді


2013

ТШО 20-жылдық мерейтойын атап етті

Өткен 20 жыл ішінде ТШО-ның Атырау облысындағы әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларға жұмсаған қаражаты 800 миллион АҚШ долларынан асты, кәсіпорынның Қазақстан Республикасына жұмсаған тікелей төлемі 77 миллиард АҚШ долларынан асты.


2016

ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны қаржыландыру жөніндегі соңғы шешімнің қабылдану жөнінде жариялануы

ПБР-ПУУД

2016 жылдың шілде айында ТШО Серіктестері ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны қаржыландыру жөніндегі соңғы шешімнің қабылданғанын жариялады. ТШО мен Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды болып табылатын бұл шешім кәсіпорынның біліктілігі жоғары, өз ісінің шын мәніндегі кәсіби шеберлері арқасында қабылданды.


2013

«Игілік» бағдарламасының жылдық бюджеті 25 млн АҚШ долларына дейін өсті

Бұған қоса, ТШО бірнеше марапат иесі атанды: Ұлттық салалық «Қорған» конкурсының «Мұнай-газ саласындағы жыл компаниясы» номинациясы бойынша; KAZENERGY 8-ші Еуразиялық форумының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсының лауреаты атанды. «ТШО жаңалықтары» корпоративтік газеті «Үздік корпоративтік БАҚ – ENERGY TRIBUNE, 2013 жыл» конкурсында үздік аймақтық корпоративтік басылым болып танылды.


2015

Теңіз кенішіндегі күкірт алаңдары тазартылды

Қазан айының аяғында «Теңізшевройл» ЖШС сақталған күкірттің соңғы партиясының жөнелтілуі жөнінде Үкіметке ресми түрде мәлімдеді және осылайша өз мойнына алған міндеттемесін мерзімінен екі жылға ерте орындады.


2017

1993 жылдан бері 3 миллиард баррель мұнай өндіру межесіне қол жеткізілді


2018

ТШО 25-жылдық мерейтойын атап өтуде

Выступление Президента на торжественной церемонии