Негізгі мәліметтер

Тарих пен серіктестер

Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев пер Шеврон корпорациясының басшысы Кеннет Дерр. Алматы, 1993 ж.
«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.

ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері:


«Шеврон»


50% 


«ҚазМұнайГаз»


20% 

«ЭксонМобил Қазақстан»


25% 


«ЛукАрко»


5% 

Кеніш

«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.


Жалпы барланған қорлар:

Теңіз кеніші

 Королев кеніші

3,2 млрд тонна

(25,5 млрд баррель)

200 млн тонна

(1,6 млрд баррель)


Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді құрайды..

Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 19 шақырым, ал, ені 21 шақырым жерді алып жатыр, ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.

2018 жылдың 2-ші тоқсаны бойынша басты деректер



Өнімнің өндірісі және сатылымы:

Шикі мұнай (тонна)
14,7 млн

Сұйытылған газ (тонна)
704 мың

Құрғақ газ 3)
3,9 млрд

Күкірт (тонна)
1,2 млн


Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:

Тікелей төлемдер (АҚШ долл.)


3 млрд

1993 ж. бергі жалпы төлемдер (АҚШ долл.)


>129 млрд

Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.

Қазақстандық тауарлар мен қызметтер:


Жұмсалған қаржы (АҚШ долл.)


1,5 млрд


Ішіндегі ККЖ-ҰЕҚБ аясында (АҚШ долл.)


936 млн

1993 ж. бергі жалпы жұмсалған қаржы көлемі (АҚШ долл.)


>25,5 млрд


Әлеуметтік салаға үлес:

«Игілік» бағдарламасының бюджеті (АҚШ долл.)
25 млн

ӘИБ* бюджеті (АҚШ долл.)
1 млн

*ӘИБ - Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 

1993 ж. бергі әлеуметтік жобаларға жұмсалған қаржы (АҚШ долл.)
>1,5 млрд