Қадірменді оқырмандар! 

2016 жылы «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өзінің алға қойған өндіріс межелеріне қатысты мақсаттарын жүзеге асыру, ал жекелеген бағыттар бойынша, тіпті, асыра орындау арқылы өзінің Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көшбасшылық орнын растады.

  • ТШО-да қайғылы нәтижеге апаратын ешбір оқиға тіркелмеді; қауіпсіздік техникасы бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер әлемдік мұнай-газ өнеркәсібіндегі орташа көрсеткіштен тағы бір мәрте айтарлықтай асып түсті;
  • 2016 жылы ТШО жаңа рекордқа қол жеткізе отырып, 27,56 млн тонна мұнай өндірді. ТШО зауыт кешені үздік  өндіріс тиімділігін растады;
  • ШГА/ЕБЗ және КТЖ нысандары 99 пайыз деңгейінде сенімділік көрсетті, бұл – ең үздік халықаралық стандарттарға сай көрсеткіш;
  • 2016 жылы ТШО 1,350 млн тонна сұйытылған көмірсутек газын, 7,21 млрд текше метр табиғи газ және 2,33 млн тонна  күкірт сатты;
  • Қазақстан Республикасына төленген жалпы қаражат мөлшері шамамен 4,7 млрд АҚШ долларын құрады;
  • ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған қаражаты  Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) жүзеге асыруға жұмсалған 730 млн АҚШ долларын қоса алғанда 1,9 млрд АҚШ долларына жетті;
  • Біз ең ірі күрделі жөндеу жұмыстарын бекітілген бюджетке сай тосын оқиғасыз және жұмыс күнінің шығындалуынсыз мерзімінен бұрын аяқтадық;
  • Project Finance International (PFI) халықаралық агенттігінің ұйғарымы бойынша ТШО-ның бонд шығару мәмілесі 2016 жылы Еуропа нарығындағы ең үздігі деп танылды.

«Теңізшевройл» газды кәдеге жарату  бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады және алауда жағылатын газ көлемдерін азайту жөнінен үздік көрсеткіштерге ие болып келеді. 2000 жылдан бері жалпы алауда газды жағу көлемі 84  пайызға азайып, газды кәдеге жарату үлесі 98 пайыздан асып түсті. 

2016 жылдың шілде айында ТШО Серіктестері ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны қаржыландыру жөніндегі соңғы шешімнің қабылданғанын жариялады. ТШО мен Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды болып табылатын бұл шешім кәсіпорынның біліктілігі жоғары, өз ісінің шын мәніндегі кәсіби шеберлері арқасында қабылданды. 

2017 жылы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жұмыстар қарқынының артуына куә боламыз. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын сәтті жүзеге асырып, салынатын нысандарды қауіпсіз пайдалану әрқайсымыз үшін аса маңызды.

2017 жылы басты назар өндірістік және жеке қауіпсіздік мәселелеріне көңіл аудару арқылы келеңсіз жағдайлар бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізуге бағытталатын болады. Күрделі жобалар бойынша жұмыс көлемінің артатынына қарамастан, біз ТШО қызметкерлері мен мердігерлеріміздің жазатайым оқиғалар бойынша нөлдік деңгейге қол жеткізетініне сенімдіміз.

Тед Этчисон, бас директор



Әнуарбек Жәкиев, бас директордың орынбасары


Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау

ТШО өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс күндерін жоғалтуға ұласқан оқиғалар және жалпы тіркелетін оқиғалар секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындарды ұстап отыр. 2016 жылы ТШО өндірісіндегі қызметкерлер мен мердігерлер  жұмыс күнін жоғалтуға ұласқан жарақаттану көрсеткішінсіз жалпы алғанда 55 млн сағаттан астам жұмыс істеді.ТШО өз тарихында осындай көрсеткішке алғаш рет қол жеткізіп отыр. Аталған статистикалық мәліметтер шынында да әлемдік деңгейдегі жұмыс нәтижелерін көрсетсе де, ТШО жұмыс орындарында жарақаттану деңгейін нөлге жеткізуді қамтамасыз етуге ұмтылады және де бұл бағыттағы жұмыс көрсеткіштерін жақсартуда үздіксіз жұмыс жүргізеді.

 

Қоршаған ортаны қорғау

2000 жылдан бері ТШО-ның қоршаған ортаға тиетін әсерді мейлінше азайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға жұмсаған қаржысы 3 млрд АҚШ долларынан астам соманы құрады – бұл Теңіздегі қоршаған ортаны қорғау шараларын үздіксіз жетілдіріп отыруға жұмсалған елеулі қаражат. Жұмсалған қаражат 2000 жылдан бергі мерзімде кәсіпорынның алауда жағылатын жалпы газ көлемін 84 пайызға қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, Теңізде газды кәдеге жарату коэффициенті өсіп, 98 пайыздан асты. Газды кәдеге жарату жобасы мен басқа да жұмыс бағдарламалары атмосфералық ауаға шығарылатын жалпы газ көлемін аталған мерзім ішінде 71 пайызға қысқартуға септігін тигізді. Бұл жерде кәсіпорын аталған уақыт аралығында мұнай өндірудің жылдық көлемін 2,5 есе арттырғанын атап өткен жөн.

Қоршаған ортаны қорғау саласына және зауыт жабдықтарының сенімділігін арттыруға жұмсалған қаржы кешенді технологиялық желі, Екінші буын және Шикі газ айдау зауыттарындағы  техникалық ақаулар санын 21 пайызға қысқартып, техникалық бұзылулар салдарынан алауда шикі және қышқыл газ жағу көлемін 96 пайызға қысқартуға септігін тигізді. 

ТШО қалдықтарды басқару саласында да әлемдік көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр, атап айтқанда, 2016 жылы Теңізде түзілген қалдықтардың 69 пайызы қайта өңделуге немесе қалдық өңдеумен айналысатын арнайы мердігер кәсіпорындарға жөнелтілді. Сонымен қоса 2016 жылы ТШО бас кеңсесінде пластикалық бөтелкелерді бөлек жинау бағдарламасы да бастау алды, бағдарлама басталысымен алғашқы 5 ай ішінде қайта өңделуге 600 кг пластикалық бөтелке жиналды.

2016 ж. экология бөлімі  Өнеркәсіп алаңының жөндеу-қызмет көрсету басқармасында Экологиялық қадағалау бағдарламасы аясында сынамаларға талдау және экологиялық мониторинг  жасау мақсатында алдыңғы қатарлы озық зертхана орнатуды қолға алды. Зертхана бөлмелерінің инфрақұрылымын жақсарту, әлемдік стандарттарға сай зертханалық жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстары аяқталды. Осындай жоғары деңгейлі зертхана ТШО-ға қоршаған орта ахуалы жөнінде ең нақты деректерді, атап айтқанда, атмосфералық ауа, жерасты суы және топырақтың сапасы жайлы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.  

2016 жылдың қыркүйек айында өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктер үшін мұқият тазартылған техникалық сумен қамтамасыз етіп, мұнай өңдеу нысандарында тазартылған суды қолдануға мүмкіндік беріп отырған суды қайтадан қолдану нысаны іске қосылды.

Өндіріс және өнімді сату

2016 жылы мұнай өндіру көлемі 27,56 млн тоннаны (220 млн баррель) құрады. 

Сұйытылған көмірсутегі газын сату көлемі 1,35 млн тоннаны құраса, табиғи газ сату көлемі 7,21 млрд текше метр болды. Компания аталған уақытта өндірілген күкірттің 95 пайызын құрайтын 2,33 млн тонна күкірт сатты.

Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы

ТШО-ның Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы – Теңіз кенішінің өндіріс қуаттылығын арттырудың келесі ауқымды сатысы. Аталмыш ірі жоба Теңіз кен орнындағы өндіріс қуаттылығын жылына 12 млн тонна мұнайға арттыруға мүмкіндік береді және қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады. Жоба модульдерден салынады – олар Қазақстан, Оңтүстік Корея және Итали¬яда шығарылып, кейіннен соңғы құрастырылуы үшін Теңіз кен орнына тасымалданады.

2016 жылдың шілде айында «Теңізшевройл» ЖШС серіктестері ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын қаржыландыру жөніндегі соңғы шешімді мақұлдады. Осы елеулі жетістік – Қазақстанның келешек ұрпағының игілігі үшін Теңіз кен орнындағы сенімді және тұрақты мұнай өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған ТШО мен Қазақстан Республикасы арасындағы  ұзақ мерзімді серіктестіктің көрінісі. 

ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыстық жобалаудың жартысынан көбін аяқтады, ал қазіргі таңда Теңіздегі өндірістік алаңдар инфрақұрылымы мен нысандар құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Прорва портында Теңіз кен орнындағы жұмыс алаңдарына тасымалданатын модульдер мен құбыр эстакадаларын қабылдайтын жаңа жүк түсіру терминалы салынуда. 2016 жылы қазанда Қазақстандағы «ЕРСАЙ» компаниясының өндіріс алаңында алғашқы болат құрылымдарын кесіп дайындау жұмыстары орындалды, бұл ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында модуль жасау жұмыстарының қазақстандық бөлігінің басталғандығын білдіреді.  

Жоба Қазақстан Республикасы үшін айтарлықтай экономикалық пайда әкелетін болады, соның ішінде құрылыс жұмыстарының қызған шағында және модуль жасау жұмыстары кезінде шамамен 20000 жұмыс орны ашылады. 

ККЖ-ҰЕҚБЖ аса заманауи жоба болып табылады және оны жүзеге асыру нәтижесінде мұра ретінде жоғары білікті мамандар, жаңа салынған нысандар қаладыі мамандар, жаңа салынған нысандар етінде номикалық пайда әкелетін болады, соның ішінде құрылыс жұмыстарын және аймақтың инфрақұрылымы жаңартылады.

Қазақстан Республикасына төлемдер

ТШО құрылғаннан бастап Қазақстан Республикасына төлемдері 116 млрд АҚШ долларын құрады. Оған қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ үлесіне тиесілі пайданы бөлу, мемлекеттік бюджетке тиесілі салықтар мен роялти төлемдері, мемлекеттік компаниялардың тарифтері мен қызмет құны және қызметкерлердің жалақысы кіреді. 2016 жылы Қазақстан Республикасының пайдасына жасалған тікелей төлемдер жалпы алғанда 4,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

1993 жылдан бергі ТШО-ның Атырау облысындағы әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды және жергілікті тұрғындар мен қызметкерлерге көмек көрсетуді қаржыландыруға бөлген қаржысы 1,3 млрд АҚШ долларынан асты. ТШО 2016 жылы ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық «Игілік» бағдарламасы шеңберінде өңір үшін әлеуметтік маңызы жоғары  деп табылатын жобаларға (мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, спорт кешендері және т.б.) 25 млн АҚШ долларын бөлді. Аталған бағдарлама аясында 18 жобаның 5-еуі табысты аяқталды. Қалған 13 жоба құрылысы 2017 жылы жалғастырылатын болады.  Бұдан бөлек ТШО әлеуметтік инвестиция бағдарламасына 1 млн АҚШ долларын бөлді. ТШО аталған бағдарлама арқылы жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте Атырау облысындағы білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлікті дамытуға  қолдау көрсетуге бағытталған 6 жобаны қаржыландырды. 


2017 жылға ТШО «Игілік» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруға 25 млн АҚШ долларын және Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберіндегі 7 жобаны жүзеге асыру мақсатында 1 млн АҚШ долларынан астам соманы бөліп отыр. Бұл қаржы негізінен Атырау облысына бағытталатын болады.



 

Қазақстандық қамту

ТШО сатып алынатын қазақстандық тауарлар мен қызметтер үлесін жыл сайын арттырып келеді. Егер 2002 жылы ТШО жалпы құны 415 млн АҚШ доллары тұратын отандық тауарлар мен қызметтер түрлерін сатып алса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. 1993 жылдан бергі мерзімде қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бағытталған ТШО қаражаты 22 млрд доллардан асты. Кәсіпорын Теңіз кенішінің күрделі шарттарына сәйкес келетін сапалы тауарларды сатып алуды арттыру жолдарын анықтауды одан әрі жалғастыратын болады. Сонымен қатар, ТШО-ның, ең алдымен, қызметтер бойынша сұранысы анағұрлым жоғары және бұл үрдіс келешекте де сақталады. Осы бағыт қазір және алдағы уақытта қазақстандық қамтуды дамыту бойынша айтарлықтай және тұрақты болып қала береді.

ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясының басты аспектісі мұнай-газ индустриясымен ынтымақтастық үшін өздері сай болуы тиіс халықаралық сапа мен шығын стандарттарын түсіну мақсатында қазіргі және ықтимал жабдықтаушылармен жұмыс жасау болып табылады. ТШО компанияның қазақстандық қамту бойынша міндеттерін орындау үшін тауарлар және қызметтер жабдықтаушыларына ұзақ мерзімді мүмкіндіктер  туғызуы тиіс деп санайды.  Сол себепті ТШО инфрақұрылымға, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және жұмыс орындарын ашуға қажетті инвестицияны тарту арқылы қазақстандық жабдықтаушылардың тұрақты дамуын қолдауды жалғастыра бермек.

2016 жылы жаңа қазақстандық өндірушілер анықталып, ТШО басшылығы Қазақстанның бірқатар аймағына іссапармен барып, жергілікті кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерімен танысып қайтты.

Жергілікті қамту ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның ажырамас бөлігі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жергілікті қамтудың мүмкіндіктерін арттыру бойынша қарқынды жұмыс атқаруда,  жоба аясында қазақстандық тауарлар мен қызметтерге жалпы шығындардың 32 пайызы жұмсалады деп күтілуде. 

2010 жылдан бері ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде қазақстандық қамтуды дамытуға шамамен 1,6 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалды. 

Осы уақытқа дейін 1700-ден астам қазақстандық компаниялар алдын-ала іріктеу үдерісіне қатысты, ал 700-ден астам қазақстандық компания ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасына қызмет көрсету үшін алдын-ала бағалаудан өтті. Олардың тендерге қатысуы үшін 2017-2018 жж.жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде инженерлік-техникалық жобалау, жоғары технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету, жобаны басқару, құрылыс және модульдерді жасап шығару салалары бойынша жаңа мүмкіндіктер пайда болуда, сонымен қатар жобалау, модульдерді жасап шығару және бұрғылау бойынша қызмет көрсету мақсатында қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында бірлескен кәсіпорындар құрылуда.

Қызметкерлерді шыңдау

ТШО-да кадрларды даярлау, дамыту және біліктілігін арттыру бойынша кешенді бағдарламалар қолға алынған. Бұл – компанияның қазақстандық қызметкерлерінің жауапкершілігі жоғары лауазымдарды алуы үшін қызмет сатысымен жоғарылауына қолдау көрсетуге бағытталған ұзақ жылдық және дәстүрлі еңбек. Қазіргі уақытта кәсіпорында қазақстандықтардың үлес салмағы 86 пайызды құрап отыр. Орта және жоғары буынды басшылық құрамның 74 пайызы Қазақстан азаматтары үлесінде. 

Әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибеге сай үздіксіз және табысты жұмысты қамтамасыз ету үшін компанияға мамандандырылған кадрларды тартып, өзінде ұстау айрықша маңызды. Сондықтан да кәсіпорын Қазақстандағы ең таңдаулы жұмыс беруші қатарынан көрінуге ұмтылады. Жұмыс көрсеткіші бойынша жалақы төлеу жүйесі кадрлармен жұмыстың ең тиімді аспектілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорынның жоғарғы басшылығындағы лауазымдарды қабылдауға дайын ізбасарларды анықтау әрі даярлауға бағытталған жұмыс та жалғасуда. Қазақстандық қызметкерлерімізді шет елдерге қызметке тағайындау да жұмыстың маңызды әдісі. Бұл әдіс осы қызметкерлерге халықаралық тәжірибе жинақтауға көмектесіп, мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорынның елуден астам қазақстандық қызметкері республикадан тыс жерлерде еңбек етуде.

2017 жыл перспективалары

Қауіпсіздік техникасы жəне қоршаған ортаны қорғау саласының көшбасшысы болу

Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау ТШО үшін алдыңғы қатарлы басымдылықтардың бірі болып табылады. Технологиялық үрдістің қауіпсіздігін жетілдіру тосын оқиғалардың, әсіресе, ауыр салдарға әкеп соқтыратын оқиғалардың алдын алу үшін аса маңызды. Технологиялық үрдістегі тосын оқиғалар және қоршаған ортаға әсерін тигізетін оқиғалар бойынша «нөлдік» көрсеткіш – биылғы жылы қол жеткізе алатын мақсатымыз болып отыр. Сонымен қоса біз қышқыл газды алауда жағу оқиғаларын қысқарту, су қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Су жөніндегі бас жоспарымызды жетілдіру, сондай ақ, қалдықтарды қайта өңдеу бағыттары бойынша жұмыстанудамыз. 

Стратегиялық және перспективалық мақсаттарымызға қол жеткізу үшін қызметкерлерімізді шыңдау

ТШО Қазақстандағы үздік жұмыс беруші болып қала беруді мақсат етеді. Сонымен қатар біз алдағы уақытта да үрдістерді оңайлату, шығын тәртібі мәдениетін қалыптастыру және нәтижелерге қол жеткізуге мақсатталған әрекеттерді ынталандыратын кәсіпорын болып қала береміз. Қызметкерлерді ұлттандыру жоспарын жүзеге асыру нәтижесі қызметкерлеріміз бен біздің  ортақ жетістігіміз болады.

Қазақстанның ең беделді компаниясы болу

Мүдделі тараптардың алдында беделді болып қала беру үшін 2017 жылы біз ел экономикасына өз үлесімізді қосу, жергілікті қызмет берушілер мен өндірушілердің әлеуетін дамытуға қолдау көрсету, «Игілік» сынды әлеуметтік маңызы жоғары инвестициялық бағдарламаларды уақтылы және бюджетке сай жүзеге асыру, сонымен қатар қазақстандық қамтуды дамыту жоспарын жүзеге асыру сияқты бағыттар бойынша көшбасшылық орнымызды сақтауға барлық күш жігерімізді саламыз. 

Анағұрлым жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу

Біздің өндіріс жоспарды қауіпсіз әрі сенімді түрде асыра орындау жөніндегі 2017 жылға қойған мақсатымызға тек – қауіпсіздік, сенімділік, тиімділік және экологиялық қауіпсіздік сияқты  жоғары өндірістік көрсеткіштер арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Сондай ақ, бұндай өндірістік  көрсеткішке жоғары өнімділік те жатады, яғни, күрделі жобаларды уақтылы және бюджетке сай жүзеге асыру, сонымен қатар шығын тәртібінің тұрақты мәдениетін қалыптастыру арқылы шығындарды қысқарту.

Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы

ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында барлық жұмыс аймақтарында жұмыстарды жүргізу қарқынын арттыру және қойылған мақсаттарға барлық қауіпсіздік техникасы ережелерін ұстана отырып, тосын оқиғасыз әрі жарақатсыз түрде қол жеткізу көзделген. 2017 жылға қойған мақсатымыз - жобалау және сатып алу жұмыстарын орындап, қажетті инфрақұрылым нысандары, мұнай жинау жүйесі, электр қуатын өндіру жүйесі, ҮБЗ және ШГАҮБ бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарға қолдау көрсету және Жүк тасымалдау бағдары жобасын жүзеге асыруды жалғастыру. Жобалау, жоғары технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету, жобаны басқару, құрылыс және жабдық жасау салаларында жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, мұра қалдыру мақсатында жоба аясында қазақстандық қамтуды дамыту мүмкіндіктерін іздестіру жалғасуда.