Теңіз кеніші

Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Батыс Қазақстандағы Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.

Теңіз кенішінің тұнғыштары


Мақаш Балғымбаев


Орынғазы Есқазиев


Болат Еламанов


Жолдасқали Досмұхамбетовi




Бөлекбай Сағынғалиев


Құмар Балжанов


Асабай Қисметов


Валентин Авров
Теңіз кеніші туралы

«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.


еңіз және Королев кеніштеріндегі мұнайдың алынажақ қорлары 750 миллионнан 1,1 миллиард тоннаға дейін деп бағаланады. Теңіз кенішінің ашылған және әлі ашылмаған учаскелерінің жалпы геологиялық қорлары 3,1 миллиард тонна немесе 26 миллиард баррель көлемінде деп бағаланса, әлемдік деңгейдегі кеніштерге жататын Королев кен орнының қорлары 188 миллион тонна немесе 1,5 миллиард баррель, яғни Теңіз кеніші қорларының алтыдан бір бөлігіне тең деп бағаланып отыр.


Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр немесе 13000 фут тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 19 шақырым немесе 12 миль, ал, ені 21 шақырым немесе 13 миль жерді алып жатыр, ал, мұнайлы қабатының биіктігі бір мильге тең! Коллектордың ауқымдылығы соншалық, оны толық айналып шығу үшін екі марафон қашықтығы қажет болады.