ККЖ-ҰЕҚБЖ мүмкіншіліктері

Келешек кеңею жобасы мен ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы Теңіз кенішіндегі ірі кеңею жобаларының бірі болып табылады. Осы жоба арқылы кәсіпорынның жылдық мұнай өндірісі 12 миллион тоннаға артатын болады.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) аса табысты орындалған Шикі газ айдау және Екінші буынды зауыт (ШГА/ЕБЗ) кеңею жобасына негізделеді.

 

ККЖ жобасымен қатар жүзеге асырылатын Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) Теңіз қойнауқатындағы қысымды қамтамасыз ететін қысым айдау нысанын арқылы өндірісті ағымдағы деңгейде ұстайды.

 

ККЖ және ҰЕҚБЖ нысандары қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай жобаланып, салынады және пайдаланылады. Аталған жоба арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тауарлар мен қызметтер кең ауқымда пайдаланылатын болады. Ал бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасына орасан зор пайда әкелмекші.