Компания өнімдері

СКГ Сатылымы

ТШО өндірген СКГ көлемдерін өзінің арнайы алдын-ала саралауынан өткен сатып алушылармен ұзақ мерзімге көтерме саудаға жасалған шарттар негізінде өткізуді қалайды. ТШО бір жолғы сатылымдарды тек алдын ала саралаудан өткен алармандарға «қажеттілігіне қарай» принципі бойынша қосымша көлемдер пайда болған кезде ғана атқарады. ТШО бөлшек сауда жасамайды.


Табиғи газ

ТШО табиғи газды орта және ұзақ мерзімге жасасқан шарттар негізінде осы өнімді өзінің меншігіндегі нысандарында пайдалануға немесе газдың жеке сатылымдарын қолданатын тарату құбыр жүйелердің иелеріне сатуға басымдылық береді.



Күкірт

Теңізшевройл жоғары сапалы күкірттің төрт түрін 30-ға жуық ең алдымен Жерорта теңізі бассейні мен Америкалық, Еуропа, Африка және Азия елдеріндегі тұтынушыларға және Қазақстан, Ресей, Украина, Қытайға өткізуде. ТШО-ның күкірт сату жөніндегі тобы нарықтық қатысуын одан әрі арттыруда - 2006 жылдан бері 67-ге жуық тұтынушылар қосылды.