Мансап

Стратегиялық жоспарлау және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау

ТШО-да қызметкерлерге басшылық ету процесінің негізі таяу және орта мерзімдік перспективада кадрларды стратегиялық жоспарлау болып табылады. Бұл процесте кадрлардағы қазақстандық қамтуға баса назар аударылады.

Қазақстандық қызметкерлердің үлесі (1993 ж.)
50%

Қазақстандық қызметкерлердің үлесі (қазіргі уақытта)
81,8%

Жалпы басшылық құрамындағы қазақстандық басшылардың үлесі


62,4%

ТШО-ның жұмысқа қабылдау процесі алдыңғы қатарды технологияларға сай және ашық әрі транспарентті түрде өтеді.  Компанияның сыртқы сайтында ТШО вакансиялары туралы ақпарат жарияланады.

Бұл барлық әлеуеттік үміткерлерге бірдей қолжетімділік береді. Компанияның қажеттіліктеріне қарай ТШО-ның назарында тек тәжірибелі мамандардан бөлек, жоғарғы оқу орындарының талантты түлектері де бар.


Қызметкерлерді шыңдау

«Теңізшевройл» ЖШС стратегияларының бірі – нәтижеге лайықты жолмен қол жеткізу үшін жоғары білікті қызметкерлерді жетілдіру және қолдау мақсатында адам ресурстарына инвестициялау.

ТШО-да қызметкерлерді оқыту және жетілдіру бойынша түрлі бағдарламалар жүзеге асырылады.

Кіріспе курстары

Жұмысқа алынған қызметкерлер міндетті түрде жұмысшылардың корпоративтік мәдениет пен компания ортасына үздік жолмен бейімделуіне бағытталған негізгі процестермен және процедуралармен танысады.

Қауіпсіздік техникасы

ТШО мен мердігер мекемелердің барлық қызметкерлері жұмысқа жіберілмес бұрын қауіпсіздік техникасы бойынша оқытудан өтуге міндетті.

Көшбасшылық қабілеттерді дамыту

ТШО ұйымдық құрылымның барлық деңгейіндегі қызметкерлердің көшбасшылық біліктіліктерін біртіндеп дамытуды қамтамасыз ететін көшбасшылықты жетілдіру бағдарламасын белсенді іске асырады.

Техникалық және профильдік мамандықтар

Қауіпсіздік техникасы мен сенімділік, зауыттарда жоғары технологиялық жабдықты пайдалану нормаларының талаптарына сай компанияда жұмысшылар үшін техникалық және профильдік пәндер бойынша төрт арнайы бағдарлама орындалады.

Horizons бағдарламасы

Техникалық жоғарғы оқу орындардың ТШО-ға жұмысқа қабылданған түлектерін тез арада жетілдіру Chevron корпорациясы дайындаған Horizons бағдарламасы арқылы орындалады.

Международные назначения

ТШО қызметкерлері уақытша шетелдік және Қазақстан ішіндегі тағайындаудан өтіп, «Шеврон» корпорациясының түрлі бөлімшелерінде еңбек ету мүмкіндіктеріне ие болады.


Қызметкерлерді ынталандыру

ТШО өз қызметкерлерін бәсекеге қабілетті еңбекақымен қамтамасыз етеді. Бұл білікті мамандарды іске тартуға, оларды ұстап қалуға және ынталандыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек ТШО-да қызметкерлер үшін кең ауқымды әлеуметтік пакет бар.

Медициналық сақтандыру және қызмет көрсету

ТШО қызметкерлері мен олардың отбасыларын медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіледі. Вахталық әдіспен істейтін қызметкерлердің Теңізде орналасқан және заманауи медициналық техникамен жабдықталған клиниканың қызметін пайдалану мүмкіндігі бар.

Салауатты өмір салтын насихаттау

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ТШО-ның барлық қызметкерлері дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарының қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне ие. Олардың ақысын компания өтейді.

ТШО қызметкерлерінің балаларына арналған балабақша

ТШО қызметкерлерінің балалары «Мирас-Атырау» балабақшасына баруға мүмкіндіктері бар. Балабақшаның оқу жоспары «Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры» қоғамдық қорының ең жаңа бағдарламалары мен әдістемелері бойынша дайындалған.

«Жас Ұрпак» бағдарламасы

Бағдарлама компания қызметкерлерінің балаларына және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ұлттық және шетелдік университеттердің және колледждердің талантты түлектері және студенттері арасынан үміткерлерге қаржылай көмек көрсетуге бағытталған.

Тұрғын үй несиесі

ТШО-да көптеген жылдар бойына тұрғын үй алу және үй-пәтер жағдайларын жақсарту үшін пайызсыз несие беру арқылы тұрғын үй несиесі бағдарламасы іске асырылып келеді.

«Еңбек сіңірген жылдары үшін марапаттау» бағдарламасы

Қызметкердің компаниядағы еңбек өтілінде мерейтойлық кезеңге жетуі жұмыс берушіге көпжылдық еңбекті бағалап, қызметкердің компания табысына үздіксіз үлесі үшін алғыс айтуға мүмкіндік береді.

ТШО зейнеткерлері

«ТШО зейнеткері» мәртебесі тұрақты қызметкер ретінде компаниядағы еңбек мерзімінде зейнеткерлік жасына жеткен тұлғаларға беріледі.

ТШО зейнеткерлеріне берілетін жылдық жеке материалдық көмек 300 минималдық есептік көрсеткішке тең.