Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

ТШО-ның бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ақпарат алмасу және оқу орындарын бітірушілерді іріктеудегі негізгі шараларының бірі болып табылады.  Жыл сайын ТШО жоғары оқу орындарының үздік түлектерінен кәсіорынның Атыраудағы кеңсесіне және Теңіз кешеніне бос жұмыс орындарына іріктеу жүргізеді.

ТШО-ның бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне ҚР-ның және шетелдердің жоғарғы оқу орындары түлектері мен «Болашақ» бағдарламасының түрлі мамандық пен академиялық деңгейдегі түлектері қатыса алады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің тұрақты қатысушылары: ТШО-ның өндіріс нысандарын жобалау және құрылыс, өндірісті оңтайландыру, қауіпсіздік техникасы және Қоршаған ортаны қорғау, қаржы, материалдық-техникалық жабдықтау, ақпараттық технология, адам ресурстары басқармасы бөлімдері.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі университетттер базасы негізінде тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл қабілеттілік тестілеу және алдын-ала сұхбат сессияларынан тұратын 2-3 күндік шара.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу талаптары төмендегідей:

  • Магистратура/ Бакалавр деңгейінің соңғы курс студенті
  • Орташа үлгерім баллы, яғни GPA 3.0 және одан да жоғары

Бос жұмыс орындарының келесі жәрмеңкесі туралы ақпарат таяу уақытта хабарланады.