Корпоративтік жауапкершілік

«Теңізшевройлда» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке жіті көңіл бөлініп отыр. ТШО кәсіпкерлік қызметті Қазақстан Республикасымен әріптестік қарым-қатынас негізінде жүргізу мүмкіндігін жоғары бағалайды, сонымен бірге кәсіпорынның кез-келген бағыттағы қызметі этика мен әлеуметтік жауапкершіліктің ең жоғары талаптарына жауап беретініне кепілдік береді. Біз өз қызметіміздің нәтижесі адамдардың тұрмыс-тіршілігін шын мәнінде жақсартуға ықпал етуі үшін жұмыс жасауға ұмтыламыз.

Корпоративтік жауапкершілік

Аталған есеп 2013-2014 жылдар аралығын қамтып, жылына екі рет шығарылып отыратын төртінші есебіміз болып табылады. 




1993 жылдан бері бізнестің әлеуметтік жауапкершілігіне деген сындарлы дәстүрін берік ұстана отырып, «Теңізшевройл» 1,3 миллиард АҚШ долларынан астам инвестицияны кәсіпорынның ішкі және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттаған жобалар мен бағдарламаларға жұмсады. Компанияның бұл қызметтері «Парыз» байқауының өткен жылдардағы түрлі номинациялары бойынша аталып өтті.