Әлеуметтік бағдарламалар

ТШО Атырау облысының әлеуметтік саласын дамытуға бөлген қаржысын бірнеше мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру арқылы жұмсауда. Бұл ретте «Игілік» және «Әлеуметтік инвестициялар» бағдарламалары ерекше орын алады.

«Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдар бағдарламасы

«Игілік» 1998 жылы бастапқы бюджеті 4 миллион АҚШ доллар көлеміндегі қаржымен жүзеге асырыла бастады. ТШО инвестиция көлемін біртіндеп 2003 жылға дейін 8 миллион АҚШ долларына өсірді, ал, бұдан кейінгі үш жылда оның мөлшері 12 миллион АҚШ долларына жеткізілді. «Игілік» бағдарламасының 2009 және 2012 жылдардағы жылдық бюджеті 20 миллион АҚШ долларын құрады.


Әлеуметтік инвестициялар

Жылдық бюджеті 1 млн. АҚШ долларын құрайтын Әлеуметтік инвестиция бағдарламасы (ӘИБ) – ТШО-ның аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға арнаған тағы бір жарқын бастамасы. Соңғы кездері жүргізілген ұйымдастыру шешімдерінің нәтижесінде ТШО ӘИБ өндіріс пен жұртшылықтың қажеттіліктері мен мақсаттарына сай жетілдірді.