Қоршаған ортаны қорғау

2000 жылдан бері ТШО өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға арналған жобаларға 3 млрд АҚШ долларын бөлді. Аталған инвестиция нәтижесінде кәсіпорынның жалпы алауда жағылатын газдар көлемін 91 пайызға кемітуіне мүмкіндік беріп, ауаға газ шығарудың жалпы көлемін аталған мерзім ішінде 73 пайызға қысқартуға көмектесті.

Шығарындылар көлемін үздіксіз азайту

Әлемдік банкінің газды алауда жағуды қысқарту жөніндегі жаһандық серіктестік (GGFR) газды алауда жағуды қысқарту бойынша ТШО-ны әлемдік көшбасшы деп таныды.


Газды алауларда қалыпты жағуды қалай тоқтатқанымыз?

Су ресурстарын үнемдеу

ТШО әлеуметтік, табиғи және экономикалық ресурстардың негізі болып саналатын тұщы судың қаншалықты кұнды екенін жақсы түсінеді.


Ресурстарды үнемдеу жолымен тұщы суды пайдалану көлемін барынша ықшамдау жөніндегі компания ұстанымы Теңіз кеніші орналасқан құрғақшылық аймақта ерекше маңызды.