Төтенше жағдайлар және мұнай төгілім оқиғаларын алдын алу

Өндірісте орын алуы мүмкін кез келген төтенше жағдайды шұғыл және барынша тиімді тойтаруға дайын болу – корпоративтік жауапкершіліктің бір бөлігі.

Кәсіпорын төтенше жағдайдың залалын ең төменгі шегіне дейін азайту мақсатымен оқыс оқиғаларға қарсы әрекет етуге дайындық сапасының әлемдік тәжірибелер деңгейінде болуына көп көңіл бөледі. Төтенше жағдайды тойтару бригадалардың құрамында кез келген апатты тойтарудың түрлі тәсілдеріне машықтанған және тәуліктің кез келген мезгілінде әрекет етуге дайын 500-ден астам адам бар. Төтенше жағдайды тойтару бригадаларының қызметкерлері мұнайдың төгілуіне байланысты немесе басқа оқиғаларға қатысты төтенше жағдайларға тойтарыс беруге машықтанған. Төтенше жағдайды тойтару бригадаларының қызметкерлері төтенше жағдайларға тойтарыс берудің басқару жүйесін үйренген және өз дағдыларын қалпында ұстау үшін жаттығуларға жиі қатысады., Төтенше жағдайларға дайындық жоспарлары оқу жаттығулары кезінде алынған сабақтар негізінде ұдайы жаңартылып тұрады. 2011-2012 жылдары компанияда өндірісте не табиғи құбылыстарға қатысты болатын оқиғаларға негізделген бірнеше жаттығулар өткізілді.


Теңіз кеніші құрғақта орналасқанына қарамастан, Теңіздің шикі мұнайын Ақтау портынан Бакуге жеткізетін теңіз тасымалына қатысты ТШО-ның арнайы бағдарламасы бар. Ондағы ең бірінші басымдылық – ықтимал апаттардан сақтандыру. Мұнай тасымалдауға Халықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) талаптарына сай танкерлер қолданылады.


Мердігер ұйымның мұнайды құятын және түсіретін жерлерінде ТШО-ның өз өкілдері бар. Олар қауіпсіздікке қатысты бүкіл талаптардың мүлтіксіз орындалуын қадағалайды. ТШО көмірсутегі төгілуін тойтаруға маманданған 2-ші деңгейдегі екі мердігер ұйым қызметін пайдаланады. Олар -Ақтау қаласындағы «National Response Company» (NRC), Бакудегі «Briggs Marine» компаниялары. NRC-дің құрғақтағы, жағадағы және Каспийдің аумақтық және халықаралық су айдынының қазақстандық бөлігі кіретін теңіздің жағалау аймағындағы мұнай төгілуінің түрлі жайларын тойтаруға қажетті қуаты айтарлықтай. NRC-дің құрғақтағы апатты тойтару қызметіне Қазақстанның батыс аймақтарындағы тасымал бағыттары да (автокөлік жолдары, темір жолдары және құбырлар) кіреді. Осы ұжымдағы қызметкерлердің 80%-ға жуығы Қазақстан азаматтары.


Әзірбайжандағы апатты тойтарудың мүмкіндіктері мұнай төгілуінің бірнеше түрлеріне есептелген және Каспийдің аумақтық және халықаралық суының әзірбайжандық бөлігін қамтиды.


Сонымен бірге, ТШО серіктестері мұнай төгілуін тойтару жөніндегі халықаралық ассоциацияның тұрақты мүшелері болып табылады, сондықтан да олар әрдайым сыртқы сарапшы кеңесшілер мен мердігерлердің көмегіне сүйене алады, олардың арасында «Oil Spill Response, Ltd.» (OSRL) секілді мұнай төгілуін тойтару жөніндегі ұйым бар. Аталған ұйым төтенше жағдайларды басқару, жабайы табиғатқа мониторинг жасау, мұнай төгілуін және оның ауаға таралуын үлгілеу, токсикология, химия, өрт сөндіру, байланыс құралдары, тасымалдау және мүлікті құтқару секілді шараларға маманданған.