Суды тиімді пайдалану

ТШО әлеуметтік, табиғи және экономикалық ресурстардың негізі болып саналатын тұщы судың қаншалықты кұнды екенін жақсы түсінеді.

Ресурстарды үнемдеу жолымен тұщы суды пайдалану көлемін барынша ықшамдау жөніндегі компания ұстанымы Теңіз кеніші орналасқан құрғақшылық аймақта ерекше маңызды. ТШО қазіргі кезде тұщы суды Қиғаш өзенінен тартылған ұзындығы 500 шақырымдық су құбырынан алып отыр, ол сонымен бірге Жылыой ауданының да ауыл шаруашылығы мен тұрмыстық қажеттерін өтейтін тұщы су көзі болып есептеледі. Бұл су Теңіздегі нысандарда түрлі өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттар үшін – тұрмыстық суды ауыз су ретінде және зауыт қажеттілігіне пайдалану секілді мақсаттар үшін пайдаланылады.


Суды үнемді пайдалану мәселесі әуел бастан қарастырылған бірнеше жаңа жобаларға негіз жасай отырып, ТШО жаңадан салынып жатқан суды реттейтін шоғырландырылған жүйенің орталық бекеті міндетін атқаратын жаңа нысанның құрылысын жүргізіп келеді. Тәуекелді басқару, сенімділік пен экологиялық көрсеткіштерді жақсарту мақсатымен жоба қажетті көлемдегі суды жеткізуді ұлғайту мәселесімен айналысып, тұщы суды үнемдеу арқылы техникалық судың сапасын жақсартумен де жұмыстануда. Жаңа жүйеге сарқынды суларды өңдейтін және суды қайтадан пайдалануды қамтамасыз ететін қондырғылар жатады. Жаңа нысандар 1980-ші жылдардың аяғында тұрғызылған суды реттеу жүйесін жаңартуға ықпал етуде.


Сарқынды суларды өңдейтін нысан ТШО және мердігер мекемелердің қызметкерлері тұратын жатақханалардан күн сайын келетін 6 000 м3 (1,6 млн галлон) тұрмыстық сарқынды суды өңдеуге мүмкіндік береді. Суды қайтадан пайдалану жүйесі зауыттың қажеттілігі үшін тәулігіне 3596 м3 (0,95 млн галлон) тазартылған су өндіретін болады.