Қалдықтарды кәдеге жарату

Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және қайтадан пайдалану жөнінен «Теңізшевройл» Қазақстанның кәсіпорындары арасында көш бастап келеді. 2011 және 2012 жылдары ТШО-да қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған халықаралық стандарттарға толықтай жауап беретін жаңа нысандар – бетонуатқыш қондырғысы, пластмасс бұйымдарына арналған пресс және медициналық қалдықтардың стерилизаторы іске қосылды.

ТШО өндірістік үрдістердің нәтижесінде жинақталған ағаш және бетон материалдарын жергілікті халыққа тегін береді. ТШО материалдарды қайтадан пайдалану және өңдеу көлемін біршама арттыратын бағдарламаны енгізіп жатыр. Бұл, өз кезегінде, кәдеге жаратуға жіберілетін қалдықтардың көлемін айтарлықтай төмендетеді.


2012 жылы ТШО-ның материалдарды басқару бағдарламасы мұнай шламы мен топырақты жылумен өңдеуде; Құлсары қаласында бұрғыланған жыныстарды сынама түрде биотазарту жұмысын жүргізуде; қолданылған шиналар мен пластмасты өңдеуде жергілікті өңдеуші компаниялар санының көбейгенін көрсетті. Атап айтқанда, мердігер компаниялар қатысуымен 5952 тонна мұнай шламы мен топырақ, 2737 тонна бұрғыланған жыныс және 80 тонна пластмасс қалдықтары өңделді немесе қайтадан пайдаланылды.