Өндірістік қауіпсіздік

ТШО өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс күндерін жоғалтуға ұласқан оқиғалар және жалпы тіркелетін оқиғалар секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындарды ұстап отыр. 2016 жылы ТШО өндірісіндегі қызметкерлер мен мердігерлер  жұмыс күнін жоғалтуға ұласқан жарақаттану көрсеткішінсіз жалпы алғанда 55 млн сағаттан астам жұмыс істеді.ТШО өз тарихында осындай көрсеткішке алғаш рет қол жеткізіп отыр. Аталған статистикалық мәліметтер шынында да әлемдік деңгейдегі жұмыс нәтижелерін көрсетсе де, ТШО жұмыс орындарында жарақаттану деңгейін нөлге жеткізуді қамтамасыз етуге ұмтылады және де бұл бағыттағы жұмыс көрсеткіштерін жақсартуда үздіксіз жұмыс жүргізеді.

Өндірісте тіркелетін оқиғалардың жалпы коэффициенті – бұл жұмыс уақытын жоғалтуға ұласпаған, алайда, жұмыс уақытын жоғалтуға соқтыру ықтималдығы жоғары аурулар мен жарақаттану оқиғаларының өлшем көрсеткіші. «Тіркелетін оқиғалардың жалпы коэффициенті» көрсеткіші - бұл озыңқы көрсеткіш және ТШО ішінде қатаң қадағаланады. 2017 жылы ТШО бұған үнемі назар аударатын болады.