Журналистер конкурсы жөніндегі хабарлама

там 09, 2017

Келер жылы заманауи энергноресурстар саласындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі саналатын «Теңізшевройл» ЖШС- нің құрылғанына ширек ғасыр толады. 1993 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Шеврон» корпорациясының басқарма төрағасы Кеннет Дерр «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Осынау тарихи оқиғадан кейінгі жиырма бес жылда компания Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорынға айналды және де өндірісті ұдайы дамыту нәтижесінде энергоресурстардың әлемдік нарығында көшбасшы атанды. 

 

Жиырма бес жыл! Бұл-елімізге шетел инвесторын әкелудің тиімділігін алғашқылардың бірі болып дәлелдеген кәсіпорынның тарихы,бұл-кәсіпорынның барлық қызметін қалыптастыратын қауіпсіздік техникасының тарихы, бұл-пайдалану сенімділігі мен экологиялық жауапкершіліктің тарихы, бұл-білікті кадрлар даярлаудың тарихы,бұл-өзара сыйластыққа құрылған барлық мүдделі тараптармен ынтымақты жұмыстың тарихы,бұл-жергілікті қауымдастық пен жұртшылықпен байланысқа бөлінетін инвестиция тарихы, бұл-қазақстандық қамтудың тарихы, бұл-әлемдік деңгейдегі Келешек кеңею жобасы бастауының тарихы, бұл - Атырау облысының, жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымына сүбелі үлестің тарихы! Сайып келгенде, жиырма бес жыл-ел ырысына айналған Теңіздің тарихы! Осыған орай, «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен «Атырау-Ақпарат» ЖШС мен Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерінің «ТЕҢІЗ - ЕЛ ЫРЫСЫ» тақырыбындағы таңдаулы туындыларына конкурс жариялайды. 


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Бұл Ереже Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерінің «ТЕҢІЗ - ЕЛ ЫРЫСЫ» тақырыбындағы таңдаулы туындыларына конкурс өткізу шарттарын белгілейді.

I. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

Конкурс «Теңізшевройл» ЖШС, «Атырау-Ақпарат» ЖШС және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізіледі. 


I.I. БАС ДЕМЕУШІ: 

«Теңізшевройл» ЖШС. 


II. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ: 

Жергілікті басылымдардың, телеарналардың, жекелеген журналистердің мұнай-газ өндірісінің ел экономикасындағы орнын көрсету белсенділігін арттыруға ықпал ету. Жаңа инновациялық үдерістер ғасырындағы энергоресурстардың даму шапшаңдығына жұртшылық назарын аударып, оңды қоғамдық пікір қалыптастыру.

Мұнай-газ өндірісіне қатысты тақырыптарды жан-жақты көрсетумен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметін ынталандыру.


III. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР 

3.1. Конкурсқа облыстық,аудандық газеттер мен телерадиокомпания редакцияларының, интернет-ресурстардың жекелеген журналистері, республикалық БАҚ-ның Атырау облысындағы меншікті тілшілері, сонымен қатар облыстық,аудандық теле- радио және БАҚ қатыса алады. 
3.2. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылуы қажет: 

  • газет-журналдар үшін - материалдардың шыққан күні көрсетілген Word форматтағы электронды нұсқасы және мақаланың скан-көшірмесі, шыққан материалдың әр беті сол БАҚ-тың мөрімен расталуы керек;
  • интернет-басылымдар материалдары үшін -материалдардың Word форматтағы электронды нұсқасы, Print Screen, интернет желісіндегі материалға сілтеме;
  • телеканалдар мен радиостанциялар үшін - бағдарламаның немесе сюжеттің (дискідегі) видео көшірмесі және интернет желісіндегі жалпыға ортақ ресурсқа гиперсілтеме мен бағдарламаның немесе сюжеттің (дискідегі) қағазға түсірілген Word форматтағы мәтіні;

3.3. Конкурсқа қатысуға өтініш 2018 жылдың 12 наурызына дейін «БАҚ конкурсына» деген айдармен мына мекен-жайда қабылданады: Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 3, «Теңізшевройл» ЖШС бас ғимараты, үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі (skai@tengizchevroil.com). 
3.4. Конкурсқа түскен материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды. 
3.5. Конкурстың жарияланғандығы туралы ақпарат «Теңізшевройл» ЖШС-нің корпоративті сайтында және облыстық БАҚ-да жарияланады.  


IV. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ТАПСЫРЫС БЕРУДІҢ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ 

4.1. Конкурсқа қатысуға өтініш конкурсқа қатысушы туралы төмендегідей ақпараттарды қамтуы керек: 

  • тегі, аты-жөні, қызметі, лақап аты (конкурсқа жіберілетін материалдар лақап атпен жарияланған жағдайда);
  • конкурс материалы жарияланған БАҚ–тың немесе телерадио арнаның,интернет-ресурстың аты;
  • конкурс материалы туралы мәлімет (аты, шыққан/жарияланған күні);
  • пошта және электронды мекен-жай, байланыс телефоны.

Конкурс материалдары арасында лақап атпен жарияланған материалдар болса, қатысушының лақап атын растайтын БАҚ-тың немесе интернет-ресурс басшысының қолы қойылған растама болуы керек.

 
V. КОНКУРСТЫҢ ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ 

5.1. Конкурсты ұйымдастырушылар кемінде 9 адамнан әділ қазылар құрамын белгілейді және бекітеді. 

VI. КОНКУРС ҚОРТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ 

6.1. Конкурс қортындысы 2018 жылдың 28 наурызына дейін, «Теңізшевройл» ЖШС-нің құрылғанына 25 жыл толу күні қарсаңында жариялануы керек.
6.2. Конкурс қортындысы жұртшылыққа облыстың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ «Теңізшевройлдың» www.tengizchevroil.kz сайты арқылы тарайды.
6.3. Конкурс қортындысы бойынша марапаттар облыстық әкімдіктің, «Теңізшевройл» ЖШС-нің, «Атырау-Ақпарат» ЖШС мен Қазақстан Журналистер Одағы облыстық ұйымы өкілдерінің қатысымен салтанатты жағдайда тапсырылады. 

 

VII. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

7.1. Конкурстың басталғандығы туралы хабарландыру – 2017 жылы,    шілде айында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
7.2. Конкурс жеңімпаздары әр қатысушының тапсырылған материалдарына 0-10 бал аралығында баға қою әдісімен анықталады.  
7.3. Әр қатысушының қортынды бағасы әділ қазылар алқасының барлық мүшелерінің қойған бағаларының қосындысымен есептеледі.
7.4. Әр номинация бойынша конкурс жеңімпаздары жинақталған балдық көрсеткіш бойынша анықталады. 
7.5. Конкурсты өткізу жөнінде түсініктеме және кеңестер «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі арқылы (skai@tengizchevroil.com немесе +7 712 302 6820 телефоны) беріледі.