«Шабақтардың өмірі үшін күрес» акциясы

там 25, 2017
Атырау қаласында «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы аясында Махамбет аудандық  Балық шаруашылығы инспекциясымен бірлескен және «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен «Шабақтардың өмірі үшін күрес» акциясы  өтті. 


Көктемде Жайық өзені арнасынан асып, Махамбет және Индер аудандарының көптеген ойпаттарын суға толтырады, нәтижесінде 40-қа жуық ұсақ су тоғандары пайда болады. Осы тоғандар уылдырық тастайтын балықтар үшін «туу аймағы» қызметін атқарады. Маусым айында судың деңгейі төмендейді, соның салдарынан балықтың үлкен түрлерінің көп бөлігі шабақтармен бірге судың қайтуы кезінде өзенге қайта оралады. Бірақ «тірі күмістің» кейбіреулері қалдық су тоғандарының құрсауында қалады. Ыстық мезгілде су тоғандарындағы оттегінің көлемі қауіпті деңгейге дейін төмендейді, осы кезде уылдырықтан шыққан шабақтарға сөзсіз өлім қаупі төнеді. Осындай жағдайда шабақтарды құтқарудың бірден-бір жолы – оларды қолмен аулап, кері өзенге жіберу.  


Акция Атырау қаласынан 35 км қашықтықта орналасқан Махамбет ауданы, Лесхоз  учаскесіндегі Сорочинко су тоғанында, ұйымдастырылды. Атырау Жастар үйі  тәрбиеленушілерін қоса алғанда 59 ерікті 18 мыңға жуық шабақты құтқарып, Жайық өзеніне жіберді. Осылайша, сирек кездесетін балық түрлері – сазан, қаракөз, мөңке, табан шабақтары құтқарылды. 


Бұл биылғы жылы екінші рет өткізіліп отырған шара. Осы жылдың 22 шілдесінде Атырау қаласынан 65 км жерде, Махамбет ауданындағы Петрушкино су қоймасы маңында 64 ерiктi 10 мыңға жуық шабақтар  құтқарылып, өзенге жіберді.

 
«Шабақтардың өмірі үшін күрес» - бұл 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шара және де жыл өткен сайын құтқарылған шабақтардың саны артуда. Аталған акцияны  өткізуді қолға алғаннан бері оған «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатарынан шамамен 320 ерікті қатысып, жалпы саны 86 000 шабақ құтқарылды. 


«Теңізшевройл» ЖШС шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкіртті барлау, өндіру және өткізумен айналысады. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық жұмыстар халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі серіктестері: «Шеврон Оверсиз Компани» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.В.» – 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын екі кіріктірілген жоба. ККЖ-ны жүзеге асыру Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тонна немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ-ны жүзеге асыру өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталған, ал ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды жоғарылату арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың өңдеу қуаттылығын толық жүктеуді қамтамасыз етеді.