«Теңізшевройл» ЖШС Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданында 624 орындық мамандандырылған техникалық гимназиясы жаңа ғимаратының құрылысын аяқтады

қыр 04, 2017
Атырау, Қазақстан, 2 қыркүйек 2017 ж. – «Теңізшеройл» ЖШС (ТШО) өзі құрылған күннен бері елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Келесі жылы өзінің ширек ғасыр мерей тойын атап өтетін кәсіпорынның басты мақсаттарының бірі – жергілікті тұрғындарға пайда әкелу және Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қомақты үлесін қосу болып табылады.

 

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында ТШО өзінің ерікті «Игілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы шеңберінде Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданында 624 орындық мамандандырылған техникалық гимназиясы жаңа ғимаратының құрылысын аяқтады. Білім беру ордасы барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған: мектептің спорт алаңдары, кітапханасы, әрі кең асханасы бар.

Нысанды тапсыру салтанатына облыс және қала әкімдіктерінің, облыстық құрылыс басқармасы және ТШО-ның өкілдері, ұстаздар, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты. Салтанатты шарада Атырау облысы әкімі Н.А.Ноғаев сөз сөйлеп, «Теңізшевройл» кәсіпорны мен мердігер ұжымдарына жұртшылық атынан алғысын білдірді.

 

«Игілік» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында 250 миллион АҚШ долларына жуық сома игеріліп, 130 жоба жүзеге асырылды, нәтижесінде, дәрігерлер, мұғалімдер және техникалық қызметкерлер үшін мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Осы білім ұясынан Қазақстанның келешектегі гүлденуіне айтарлықтай үлес қосатын талай дарынды түлектер шығатынына біз кәміл сенімдіміз», - деп атап өтті өз сөзінде ТШО бас директоры Тед Этчисон. 

 

*******

 

«Теңізшевройл» ЖШС шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкіртті барлау, өндіру және өткізумен айналысады. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық жұмыстар халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі серіктестері: «Шеврон Оверсиз Компани» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.В.» – 5%.

 

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын екі кіріктірілген жоба. ККЖ-ны жүзеге асыру Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тонна немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ-ны жүзеге асыру өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталған, ал ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды жоғарылату арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың өңдеу қуаттылығын толық жүктеуді қамтамасыз етеді.