«Теңізшевройл» ЖШС Ақтау қаласының жұртшылығын ККЖ-ҰЕҚБЖ бойынша ақпарат беруге арналған кездесуге шақырады

қыр 04, 2017
«Теңізшевройл» ЖШС Ақтау қаласының жұртшылығын Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша ақпарат беруге арналған  кездесуге шақырады. 


Кездесу 2017 жылы 13 қыркүйекте сағат 16:00-де Ақтау қаласы, 9-ықшам ауданы мекен-жайы бойынша орналасқан «Ренессанс Ақтау» қонақ үйінде өтеді.

 

Осы кездесуге қатысты сұрақтарды tcofp@tengizchevroil.com электрондық поштасы немесе 8-800-080-84-88 тегін телефон нөмірі арқылы жолдауға болады.