Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.

(25 млрд баррель)

(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна (11,5 миллиард баррель) құрайды. Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).

Құрғақ газ
(текше метр)

Сұйытылған газ
(тонна)

Күкірт
(тонна)

(АҚШ долл.)

(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
28 қарашада «Теңізшевройл» (ТШО) мердігер ұйымдарға арналған 2025 жылғы Мердігерлердің еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғау барысын бақылау (CHESM)- Еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жүйесі бойынша форум өткізді. Компания әр қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бизнестің тұрақты өсуін қолдау үшін ортақ жауапкершіліктің, ашықтықтың болуы және озық тәжірибені енгізу маңызды екенін атап өтті.
ТШО-ның CHESM жүйесі мердігер ұйымдармен өзара байланысты күшейту және бақылауды арттыру мақсатында енгізілді. Бұл жүйе қызмет пен міндеттерді нақты айқындауға, мердігер ұйымдардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге және еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға қатысты оқиғаларды болдырмауға көмектесетін бірыңғай CHESM бағдарламасын ұсынуға бағытталған. Сонымен бірге мердігер ұйымдардың жұмыс орындарында тексеру жүргізіледі. Бұл тексеріс жұмыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына және ТШО-ның ішкі ережелеріне сәйкес еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтиды.
Өндіріс бөлімінің бас менеджері Стивен Коннер ТШО-ның мақсатына жетер жолда серіктестіктің, адалдықтың және жауапкершіліктің маңызды екенін атап өтті: CHESM жүйесі бір мезгілде бірнеше мердігер компания жұмыс істеп жатқан ТШО нысандарында қауіпсіздікті үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге аса маңызды. Қауіпсіздік саласында прогресті қадағалау мақсатында технологиялық процесті жетілдіру, нұсқаулықтарды жаңарту және басқа да мәселелерге қатысты қауіп дерегі бірыңғай дерекқорға жинақталады.

Форум қатысушыларды өндірістік тәртіптің алты қағидатын ұстануға, жауапкершілікті арттыруға, үздіксіз жетілдіруге және қауіпсіздік пен тиімділікті жоғарлату үшін озық тәжірибелермен бөлісуге шақырды Талқылау кезінде алдыңғы қатарлы серіктестер жұмыстарды басқаруда қолданатын инновациялық тәсілдерді, практикалық шешімдерді және түрлі оқиғадан түйген сабақты бөлісті, қауіпсіздік пен үздіксіз жетілдіруге деген ортақ ұстанымды растады.
Өндірісті оңтайландыру, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау тобының басқарушысы Грэм Маккеллар атап өткендей: “ТШО ортақ жауапкершілікті түсінетін, берік қауіпсіздік мәдениетін ұстануға бұлжымастық танытатын, өкілеттікке ие және жұмысты жоспарлауға және сапалы орындауға баса назар аударатын, сондай-ақ ауыр жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жолында айқын көшбасшылық танытатын бизнес-серіктестермен жұмыс істеуге ұмтылады”.

2025 жылғы CHESM форумы ТШО мен мердігер компаниялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаң болды, адамдар мен қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ ұстанымды ілгерілетуге, әр жұмыста адалдықты, құрметті және жауапкершілікті арттыруға ықпал етті. Бұл іс-шара шынайы серіктестіктің компаниялар, елдер мен мәдениеттер арасындағы ортақ құндылықтарды қабылдауы екенін көрсетті және ашық диалог пен ынтымақтастық арқылы осы қағидаттарды іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік берді.