2016 жылдың шілде айында Серіктестер Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша қаржыландыру жөніндегі соңғы шешім келісілгені туралы жариялады.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кенорнындағы өндірісті ауқымды кеңейтудің келесі кезеңі болып табылады. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының шеңберінде, біз үшін кредиторлармен ашық екіжақты қарым-қатынасты сақтау маңызды.
ТШО, қызығушылық танытқан тұлғалардың сұрақтар қоюына, түсініктеме беруіне және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беруі үшін кредиторлармен толыққанды қарым-қатынас жасайды. Біздің мақсатымыз - кредиторлар базасымен ашық диалогты сақтау және сұрақтарға шұғыл жауап беру. Мекеме батырмасындағы ақпараттан бөлек біз сіздердің сауалдарыңызға жедел жауап бере отырып, көмегімізді қуана ұсынамыз.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2025 жылғы 3 қарашадан бастап бас директордың орынбасары лауазымына Қуанышкерей Мұхтаров тағайындалғанын хабарлайды. Ол бұл қызметте Көнілқош Сүйесіновті алмастырды.
Қуанышкерей Мұхтаровтың өндіріс және инжиниринг саласында отыз жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол активтерді басқару, әлеуетті дамыту және өндірісті басқару бағыттарында жетекшілік қызметтер атқарған. Оның еңбек жолы 1991 жылы Теңіз кен орнында басталып, шамамен 20 жыл бойы әртүрлі техникалық және басқарушылық лауазымдарда қызмет етіп, кен орнын дамытуға елеулі үлес қосты.
Ал Көнілқош Сүйесінов 3,5 жылдық қызметі барысында ТШО қызметіндегі қазақстандық қамтуды арттыруға және жергілікті жеткізушілерді дамытуға зор үлес қосты. Оның еңбегінің нәтижесінде бұл көрсеткіш 71%-ға жетті. 2024 жылы компания қазақстандық жеткізушілерден шамамен 3 млрд АҚШ доллары сомасына тауарлар мен қызметтер сатып алды, ал 2025 жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.