ІРІ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНА ҚАМТУШЫ БОЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Қазақстанның батысындағы күрделі геологиялық жағдай, мұнайдың тереңде орналасуы, жоғары қысым, сондай-ақ, табиғаттың қаталдығы мұнай-газ саласының қамтушы мамандары мен қамтушы компаниялардың отандық жұмыс тәжірибесін әлемнің түрлі елінде бәсекеге қабілетті етеді. Осы ретте пайдалы қазбаларды өндірудегі күрделі шарттарды ескерсек, мұнай-газ саласындағы кез келген халықаралық компанияның жемісті ынтымақтастыққа негізделген өз талаптары бар. Tengrinews.kz Қазақстанның жетекші мұнай өндіруші компаниясы - "Теңізшевройлмен" (ТШО) бірлесе отырып, "Бизнес-мектеп: Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?" атты арнаулы жоба аясында қазақстандық қамту және "CT-KZ" сертификатын қалай алуға болатыны туралы әңгімелемек.

Ең алдымен, ТШО-ның қамтушыларға қоятын жоғары талаптары Теңіз кен орнының технологиялық тұрғыдан әлемдегі ең күрделі кен орындарының бірі болуымен байланысты. Кеніш ұзындығынан 20, енінен 21 шақырым аумақты алып жатыр. Теңіз - әлемдегі ең терең алып мұнай кен орындарының бірі болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы коллекторы 5 000 метрден астам тереңдікте. Сағалық жоғары қысым мен мұнай құрамында күкіртсутектің болуы Теңізді әлемдегі ең күрделі кен орындарының біріне айналдырады. Сондықтан да, Теңіз нысандарында қауіпсіздік техникасына ерекше назар аударылып қана қоймайды, қадағалаланады. Соған сай, қызметкерлерді ғана емес, әлеуетті серіктестерді де мұқият таңдайды.

ТШО тауарлар мен қызметтерді қайдан алады?

ТШО-ның 2021 жылы қазақстандық қамтуға облыстар бойынша жұмсаған шағындары (млн.доллар)

01

Батыс Қазақстан облысы

  • Жұмыс күшімен қамтамасыз ету
  • Жер жұмыстары / құрылыс учаскелерін дайындау
  • Жеке қауіпсіздік / қopғay
  • Жабдықтарды жалта алу
  • Цистерналарды тазалау қызметтері
  • Азот
  • Қоршаулар
  • Құрастырылған шар клапандары
02

Ақтобе облысы

  • Құрылыс материалдары (қиыршық, тас)
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары
  • Теміржол вагондарын жалға алу
03

Атырау облысы

  • Құбыр көлігі
  • Жұмыс күшімен қамтамасыз ету
  • Жобаларды басқару бойынша қызметтер
  • Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету
  • Жалпы құрылыс жұмыстары
  • Теміржол вагондарын жалдау
  • Тау-кен-шахта жабдықтарын жалға алу
  • Мұнай-газ процесін әзірлеу
  • Жабдықтарды жалға алу
  • Зауытта дайындалған аппараттар мен ыдыстар
  • Газ реттеу қондырғылары
  • Конструкциялық болат өндіру
  • Бұрандалы түйреуіштер
04

Маңғыстау облысы

  • Жалпы құрылыс, теңіз жұмыстары жене нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
  • Жұмыс күшімен қамтамасыз ету
  • Мұнай-газ процессін техникалық ұйымдастыру
  • Электростанциясын салу
  • Тасымалдау-құрылыс және техникалық қызмет көрсету
  • Химиялық зауытты дамыту
  • Жер жұмыстары / құрылыс учаскелерін дайындау
  • Кеме доктарын салу және жөндеу
  • БӨҚ қашықтағы блоктары
  • Жер жұмыстары
  • Өндірістік нысандар үшін теңіз бөгеттерін / ғимараттарды / құбыр эстакадаларын дайындау
05

Қостанай облысы

  • Медициналық құрал-жабдық / Медициналық, құрал-жабдық
06

Солтүстік Қазақстан облысы

  • Күзет жабдығы
  • Жүйелерді әзірлеу және бағдарламалық, қамтамасыз ету
  • Табиғатты жайластыру
07

Ақмола облысы/Астана

  • Құбыр көлігі
  • Теміржол вагондарын жалға алу
  • Тамақпен қамтамасыз ету
  • Кеден брокерінің, қызметтері
  • Такси қызметтері / лимузин жалдау
08

Шығыс Қазақстан облысы

  • Инспекциялау бойынша қызметтер
  • Материалдар/өнімдер
  • Электр жабдықтарын жөндеу
  • Медициналық жабдықтар
  • Құрылыс материалдары (цемент)
09

Алматы облысы/Алматы

  • Өндірісті қолдау кенсесі
  • Теміржол вагондарын жалға алу
  • Құбыр көлігі
  • Тұрғын үй/қонақ үйлер
  • Мұнай өнімдерін автокөлікпен тасымалдау
  • Жылжымайтын мүлікті жалға алу
  • Кеден брокерінің, қызметтері
  • Жұмыс күшімен камтамасыз ету
  • Құрастыру үлгісіндегі косалқы станциялар
  • ЖЖАБ құралдары (ысырмалар)
  • Зауытта жасалган аппараттар және жайма болат
  • Инженерлік қызметтер (құрылыстар мен құрама жүйелер үшін)
  • Ғимарат қабырғаларын қалау
10

Жамбыл облысы

  • ЖЖАБ қызметтері
  • Әуе компрессорларын жалға беру
  • Автокөлік жалдау
  • Жалпы құрылыс жұмыстары
11

Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысы

  • Майлау материалдары
  • Электр тізбегін қорғау
  • Құрылыс материалдары (цемент)
12

Қарағанды ​​облысы

  • Жалпы құрылыс жумыстары
  • Құрылыс материалдары
  • Консультациялық, қызметтер
  • Оптикалык-толшықты кабельдер
  • Металдар өндірісі
13

Павлодар облысы

ТШО импорт алмастыруға жағдай жасау мақсатында оқшаулау үшін басымдыққа ие тауарлардың бесеуін анықтады, олар: ілмекті арматура, ернемектер/фитингтер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, бақылау-өлшеу аспаптары мен электр жабдығы. Сондай-ақ, Қазақстан ішінде өндіру үшін, жоғары әлеуетке ие тауарлар мен қызметтердің 50-ден астам түрі айқындалды. 2021 жылы жоғары вольтты және оптикалық-талшықты кабельдер шығаратындардың, төмен вольтты қозғалтқыштарды жөндеу, газ турбиналарын күтіп ұстау және тексеріс жүргізушілердің біліктілігін анықтау аяқталды. 2022 жылы қазақстандық тауар өндірушілердің кабельдік науалар, шар тәрізді крандар, тарату қораптары, құбыр обтюраторлары, жоғары вольтты қосалқы станциялар, бұрғылау бұрандаларын жөндеу/дайындау, өрт сөндіру көліктері және өрт сөндіру баллондары сияқты өнімдер бойынша техникалық сапасын анықтау жүргізіледі.

Қазақстандағы өндіріс үшін жоғары әлеуеті бар тауарлар мен қызметтер

бұрғылау бұрандаларын жөндеу,

бұрғылау бұрандалары

талшықты-оптикалық кабель,

қосқыш қораптар,

қашықтан басқару станциялары,

қосалқы станциялар,

жоғары кернеулі кабель,

төменгі кернеулі панельдер

құбыр байламы,

жылу алмастырғыш,

төмен кернеулі қозғалтқышты жөндеу,

жоғары кернеулі қозғалтқыштарды жөндеу

өрт сөндіру машинасы,

жіксіз сызықтық құбырлар,

кабельдік науа,

фланецтер,

ауа өткізгіштер,

қорғаныс аяқ киімі,

оқшаулағыш материалдар,

айналмалы бітеуіштер,

бұрғылау ұңғымаларына арналған пластикалық

жабындар,

түйреуіштер,

болттар,

бекіту арматурасы.

Сабақ подкаст түрінде қолжетімді

"Қазақстандық қамту" дегеніміз не және "CT-KZ" сертификатын қалай алу керек?"

appstore GooglePlay

Қамтушыларға қойылатын негізгі талаптар

Компанияның сатып алу жоспары Tengizchevroil.com сайтында жарияланған

  • Қауіпсіздік және экологиялық стандарттар
  • Клиентке бейімделу
  • Ірі жобаларда сенімді жұмыс тәжірибесі
  • Қаржылық тұрақтылық
  • Халықаралық сапа стандарттары және басқару жүйелері
  • Бәсекеге қабілетті бағамен сапалы өнімдер және қызметтер

Қамтушы атанудың екі жолы бар:

01

Егер қамтушы осы стандарттарға сәйкес келетініне сенімді болса, онда ол SEOI (seoi.tengizchevroil.com) порталына тіркелуі керек. Бұл "Теңізшевройлдың" әлеуетті серіктестерінің базасы, ол ТШО-ға қажеттілік туындаған жағдайда тауарлармен және қызметтердің әлеуетті қамтушыларды таңдауға мүмкіндік береді.

02

Егер сіз тізімге ілікпесеңіз, онда ТШО өткізетін семинарлар мен форумдарға қатыса отырып, үйренуге мүмкіндігіңіз бар және өз дағдыларыңызды шыңдай аласыз. Тиісті ақпараттарды компанияның ресми сайтынан таба аласыз.

ТШО қамтушыларын дамыту:

Әлеуетті серіктестерді бағалау кезінде компания қамтушылардағы тауарлардың отандық сипатына ерекше назар аударады. Әрбір тендерде ұсынылған материалдардың мазмұнында отандық үлес салмағын реттейтін шарттар айқындалады. Егер сіз ТШО-ның барлық талабына сәйкес келмейміз деп есептесеңіз, қамтушыларды дамытудың қолжетімді бағдарламаларына назар аударыңыз.

Қамтушыларды дамыту процесі

01

Жоспарлау

  • Нарықты зерттеу;
  • Қамтушыларды дамыту жоспарын жасау;
  • КДЖ: жобаның мүмкіндіктерін анықтау.
02

Алдын-ала бағалау

  • Компанияға келу;
  • Алдын ала бағалау нәтижелері бойынша есеп;
  • Жоба бойынша алдын ала бағалау сауалнамасы;
  • Осы жоба бойынша қамтушылардың дерекқорына деректерді енгізу;
  • Жоба бойынша SQS-ке қатысуға өтініш.
03

Сынақ үшін тапсырыс

  • Өнімді сынау;
  • Зертханалық талдау;
  • Кемшіліктерді талдау.
04

Соңғы даму

  • Табысты тәжірибенің мысалы немесе қорытындылар мен ұсыныстар;
  • Аяқтау/бекітілген жеткізушілердің тізімі.

Дамыту жөніндегі бағыттар

Electrical
01
Электротехникалық жабдық
  • Жоғары және төмен вольтты кабельдер;
  • Құрама қосалқы станциялар;
  • Төмен вольтты тарату шкафтары;
  • Қашықтан қолжеткізу терминалы.
Maintenance
02
Техникалық қызмет көрсету

Жоғары вольтты және төмен вольтты электр қозғалтқыштарын жөндеу

Construction
03
ҚТ және ҚОҚ

Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу

repair-operation
04
ТҚЖЭ
  • Бұрандалы түйреуіштер;
  • Бекіту арматурасы;
  • Оқшаулағыш материалдар;
  • Сорғылар;
  • Резервуарлар;
  • Ыдыстар/жылу алмастырғыштар.
IT-TELECOM
05
АТ/телекоммуникациялық құрал-жабдықтар
  • Оптикалық өнімдер;
  • Оптикалық-талшықты кабельдер.
Health-Safety
06
Химреагенттер
  • Майлау материалдары;
  • Коррозия ингибиторлары.

Қазақстандық қамту - бұл "Қазақстанда жасалған" жұмыстар, тауарлар немесе қызметтер. Бұл - импортты алмастыру, яғни инвесторлар жобамен жұмыс істегенде отандық шикізат, жабдықтар мен мамандардың үлесі жоғары қазақстандық компанияларды жұмысқа шақырады.

ТШО үшін жергілікті бизнеспен берік іскерлік қатынастарды дамыту және қолдау өте маңызды. Соңғы жылдары компаниядағы қазақстандық қамту тұрақты өсуде. ТШО-ның 1993 жылдан 2022 жылдың ІІI тоқсанына дейін қазақстандық қызметкерлерге, отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтеріне және қамтушыларға төлеген төлемдері мен мемлекеттік бюджетке аударған салықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасына тікелей төлемдері 172 миллиард АҚШ долларынан асты. ТШО қазақстандық қамтудың ең жоғары үлесіне қол жеткізу үшін өз жобаларына жергілікті өндірушілерді тартуды жалғастырып жатыр.

Отандық тауар өндіруші болу үшін компанияның "СТ-KZ" формасы бойынша куәлігі болуы тиіс. Бұл құжат тауардың шығарылған елі Қазақстан Республикасы екенін куәландырады. "CT-KZ" формасындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат 2009 жылы енгізілді. Оны Қазақстандағы импорттық мәмілелер үшін қолданады. Сертификаттарды өңірлік кәсіпкерлер палаталарында 14 облыста, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда ресімдейді.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Асылбек Жакиевтің айтуынша, сертификат алу үшін ішкі айналымға тауардың шығу тегі туралы сараптамадан өту қажет. Сараптама шарттық негізде жүргізіледі. Бұл ретте өтініш беруші сараптама ұйымын өз бетінше таңдай алады.

Сараптама жүргізу және актіні беру мерзімі өтінім тіркелген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Өтініш берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, жарғы, заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу туралы ереже, жеке кәсіпкерлер үшін - патент немесе жеке кәсіпкердің куәлігі) жылына 1 рет ұсынылады;

Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды сатып алуға арналған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);

Қызмет түріне лицензияның түпнұсқасы мен көшірмесі (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса);

Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындау үшін құжаттар (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізаттың және (немесе) құрамдас бөліктердің құнын растау үшін, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және (немесе) шот-фактуралар және (немесе) жүкқұжаттар, оларға сәйкес тауар өндірілген нормативтік техникалық құжаттардың тізбесін қоса бере отырып, технологиялық операцияларды сипаттайтын құжаттама, мәлімделген тауарды өндіруге арналған жабдықтардың тізбесі, өндірістік үй-жайға құжаттар, лауазымдары және (немесе) мамандығы көрсетілген қызметкерлердің тізімі, пайдаланылатын шикізаттың немесе шетелде шығарылған компоненттің құнын ескере отырып, "франко-зауыт" бағасы шарттарында дайын өнімнің құнын есептеу);

Өтінім берілген өнім атауларының мемлекеттік тілдегі тізімі;

Қойманың мекенжайы көрсетілген қоймадағы тауардың бар-жоғы және саны туралы қойма анықтамасының түпнұсқасы және көшірмесі немесе сериялы өндірілген тауарды шығарудың жоспарланған жылдық көлемі туралы анықтама;

Өтініш берушінің мүдделерін білдіретін сенімхаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

Жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық бірлігіне сай жергілікті атқарушы органның көрсетілген аумақта өнімнің мәлімделген партиясын өсіру туралы растау-анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алу шарты.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес рұқсат немесе хабарлама. Қосымшалармен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады

Қазақстан Республикасының премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген) тауардың шығу тегін растайтын құжаттар, құжаттардың 3 тізімі, 3-тармақтың 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22 тармақшаларына сәйкес құжаттар.

Мысалы, 2-тармақшада былай делінген: "Қазақстан Республикасының жер қойнауынан не аумақтық теңізде (Қазақстан Республикасының өзге де су айдынында) немесе түбінен өндірілген пайдалы қазбаларға, минералдық өнімдерге, жер ресурстарына өндіруге арналған лицензияның көшірмесі немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты немесе сенімгерлік басқару шартын тіркеу туралы актінің көшірмесі беріледі (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты құжаттарды жылына 1 рет)". Барлық құжаттардың тізімін мына жерден көруге болады

Өткен тоқсанға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-форма), алдыңғы жартыжылдықтағы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қысқартылған декларация (910.00-форма), бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация (920.00-форма) және (немесе) еңбек шарттары, соңғы үш айдағы қызметкерлердің табыстарынан міндетті төлемдерді төлеу туралы құжаттар (осы Қағидалардың 24-тармағы 2-тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларда:

Мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 4-тарауына сәйкес ресімделген және қызметкерлердің тізімін нақты растайтын еңбек шарттарын ұсынады.

Мемлекеттік тіркелген сәттен бастап қызметін қысқартылған тәртіппен жүзеге асыратын өтініш беруші алты айдан кем жүзеге асырған жағдайда, қызметкерлердің тізімін нақты растау үшін "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-тарауына сәйкес соңғы үш айдағы жеке тұлғалардың табыстарынан төленетін міндетті төлемдердің біріне ақы төленгені туралы құжаттар ұсынылады.

"CT-KZ" формасындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзіміне байланысты берілген күннен бастап 12 немесе 36 айды құрайды.

Құжаттың түпнұсқалығын atameken.kz сайтында "Тауардың шығу тегі туралы сертификаттардыңреестрі" бөлімінде тексеруге болады.

Все права принадлежат