«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) үшін анағұрлым басым міндеттердің бірі – қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Осыған орай, кәсіпорын өзінің экологиялық көрсеткіштер деңгейін ұдайы арттырып келеді. ТШО-ның экологиялық қызметі әртүрлі бағыттарда
жүзеге асырылады: атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану, жер қойнауы мен жерді қорғау, қалдықтарды басқару және экологиялық сауаттылықты арттыру. ТШО-ның экологиялық саясатының негізгі қағидаттарына өндірістік операциялар
кезінде бөлінетін шығарындыларды кеміту арқылы қоршаған ортаға әсерді барынша азайту, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту жатады.
Төменде ТШО-ның 2022 жылғы Экологиялық қызметі мен көрсеткіштеріне
шолу туралы брошюрасы берілген. Сондай-ақ, жергілікті флора мен фауна туралы хабардар болу деңгейін көтеру үшін ТШО қызметін атқаратын аймақтағы флора мен фаунаның алуан түрлілігін көрсететін үш тілде бірінші суретті Анықтамалық жасалды, оны төмендегі
сілтемеден таба аласыз.
Газды алауда жағу жаңа жабдықты іске қосу, техникалық қызмет көрсету немесе жабдықты тоқтату кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стратегиялық нысандарды қорғау үшін жүзеге асырылады; жабдықтың зауыттың технологиялық регламентіне сәйкес жұмыс істейтінін көрсетеді. Технологиялық процестер мен жабдықтарды жаңғырту арқылы ТШО Кешенді Технологиялық Желілер (КТЖ) мен Екінші Буын (ЕБЗ) зауыттарының сенімділігін арттырды. Бұл шаралар аталған зауыттардың Қазақстандағы тиімділігі жоғары және қауіпсіз өндірістік нысандар болып қала беруіне себептігін тигізуде. 2009 жылдан бері ТШО ілеспе газды алау қондырғыларында үздіксіз жағуды тоқтатты және өндірілген газдың 99%-ын экспорт арқылы сатуда немесе кәсіпорынның өз қажеттіліктеріне пайдаланады.
ТШО әлеуметтік, табиғи және экономикалық ресурстың негізі болып табылатын суды тиімді пайдалана отырып, тұщы судың жоғары құндылығын жақсы түсінеді. Халық саны мен өнеркәсіптің кеңеюіне байланысты суға сұраныс артқандықтан, магистралды су құбырынан су алу көлемі шектелуде. ТШО-ның мақсаты – Келешек Кеңею Жобасы – Ұңғы Ернеуіндегі Қысымды Басқару Жобасына (ККЖ-ҰЕҚБЖ) Байланысты қызметкерлер санының өсуіне және өндірістік қуаттардың ұлғаюына қарамастан, магистралды құбырынан су алу көлемін арттырмау. 2013-2016 жылдар аралығында сарқын суларды басқару мен тұщы су ресурстарын сақтауға бағытталған кәріз тазарту қондырғылары (КТҚ) және суды қайта пайдалану (СҚП) қондырғысы іске қосылды. ҚП қондырғысы ТШО-ның су ресурстарын үнемді пайдалану жөніндегі кешенді бағдарламасының негізгі бөлігі болып табылады. СҚП қондырғысында кері осмос әдісімен КТҚ-да тазартылған сарқын суларды қайталама тазарту жүргізіледі. СҚП қондырғысында кері осмос әдісімен КТҚ-да тазартылған сарқын суларды қайталама тазарту жүргізіледі. Тазартылған су ТШО-ның өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылады. ТШО суды үнемдеу мәдениетін насихаттау мақсатында су ресурстарын сақтау бағытындағы науқандарын тұрақты түрде өткізіп тұрады. 2022 жылы ТШО нысандарында тұщы суды үнемдеу және сарқын суларды басқару бастамаларын қолдау шеңберінде судың 49% қайта пайдаланылды.
Қалдықтарды қауіпсіз басқару – ТШО қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі. Кәсіпорынның қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесі 3R (Reduce, Reuse, Recycle) қағидатына негізделеді: қалдықтардың пайда болу көлемін барынша азайту, сондай-ақ оларды қайта пайдалану және қайта өңдеу. Қалдықтарды басқарудың бұл тәжірибесі қалдықтарға «екінші өмір» беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қалдықтарды қайта пайдалану және қайта өңдеуді дамытудағы талпынысын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда қалдықтардың 63%-дан астамы қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға жіберіледі. Заңнаманың жаңартылған талаптарына сәйкес болу мақсатында кәсіпорын 2021 жылы құрылыс, демонтаж және тамақ қалдықтарын жинау, шығару, қайта өңдеу бойынша келісімшарттар жасады: Тамақ қалдықтары термомеханикалық өңдеуден өтіп, тыңайтқыш өнім мен техникалық су алынады; құрылыс және демонтаж қалдықтары құрамдас бөліктерге сұрыпталады және олардан қайта өңделетін қайталама материалдар бөліп шығарылады. Қалдықтарды басқару процесінде негізгі орынды Теңіз Эко Орталығы (ТЭО) алады. Бұл нысан ТШО және оның өндірістік нысандарында жұмыс атқаратын бизнес-серіктестердің қызметі нәтижесінде пайда болған қатты қалдықтарды уақытша сақтау, залалсыздандыру, қайта өңдеу және орналастыру үшін пайдалануға енгізілді. ТШО Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Жасыл қағидаттарды қолдау үшін қалдықтарды басқару бойынша бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге талпынады. Осылайша кәсіпорын ҚР нормативтік талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Батыс Қазақстан экожүйесінің алуан түрлілігі экологиялық, рекреациялық, мәдени және эстетикалық құндылықты қамтамасыз етеді және тұрақты дамуда маңызды рөл атқарады. Тарғақтардың көбеюіне жағдай жасап, оны сақтауға бағытталған жобаны қолдау Халықаралық құстарды қорғау одағы (ХҚҚО) тарғақты құрып кету қаупі төнген құстардың тізіміне енгізген және де бұл құс даладағы ашық жайылымдарда көбейеді. 2022 жылы ТШО Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығына (ҚБСҚ) қаржылық қолдау көрсетті. Спутниктік бақылауды қамтамасыз ету және далалық зерттеулер жүргізу арқылы жер жырту салдарынан қауіп төніп тұрған тарғақ ұяларын қорғау бойынша фермерлермен бірлесе жұмыс істеуге бағытталған үш жылдық бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Сонымен қатар ТШО құстардың көбеюі кезінде ұяларды қорғау бағдарламасын жүзеге асырады. Ұя салуды басқару жоспарларын жүзеге асырудың және дер кезінде әрекет етудің арқасында анықталған ұялардың 60%-ы белсенді болды және ұя салу балапандардың шығуымен аяқталды. Бекіре өсіру зауытын қолдау. ТШО бекіре балықтар санын көбейту мақсатында Жайық - Атырау бекіре өсіру зауытына қолдау көрсету арқылы теңіз биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – жабайы ортадан ауланатын ересек дарақтардың санын жыл сайын азайту және теңізге қайта жіберілетін аналықтардың санын арттыру. Аталған міндет төмендегі шараларды қолдау есебінен жүзеге асады: аналықтар мен шабақтарды сапалы жеммен қамтамасыз ету, оттегімен қанықтыру үшін аэраторларды, ал шаруашылық тоғандарының сыртқы түбін тереңдету жұмыстарына экскаватор сыйға тарту. ТШО тұйық су жүйесімен қамтамасыз етілген бассейндерге арналған қысқы және жазғы су салқындатқыштарын сатып алды. Осындай шаралар нәтижесінде Жайық-Атырау бекіре өсіру Зауытында бекіре Тұқымдас аналықтардың салмағы артты. Тасталған торларды жинау жобасы. Жоба құрып кету қаупі төнген Каспий итбалығы және бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын қорғауға және олардың өсуіне жәрдемдесуге бағытталған. 2022 жылы шамамен 3 000 кг тасталған торлар мен 1800 кг теңіз қоқыстары жиналды. 2014 жылдан бастап Каспий теңізінен 878 тасталған балық аулау торлары (23 500 кг) және 11 000 кг-нан астам теңіз қоқысы алынды.
«Теңізшевройл» ЖШС (әрі қарай – ТШО) 2023 жылдың 12 қарашасында орын алған жылыстаудан кейін мұнай төгілген учаскеде қалпына келтіру жұмыстарын сәтті аяқтады. 2023 жылдың 12 қарашасында мұнай резервуары паркі мен КТЖ зауыты арасында орналасқан жерасты құбыр желісінде мұнай жылыстауы орын алды. ТШО жылыстауды тоқтату және жылыстаудың себебін анықтау бойынша барлық жұмыстарды жедел орындады. Жылыстау туралы ақпарат уәкiлеттi органға жіберiлдi және одан әрi ТШО шығарған ұйғарымды орындау аясында ластанған аумақты тазарту жөнiндегi жұмыс жоспары егжей-тегжейлi сипатталған ремидиация бағдарламасын дайындап, мұнай өнімдерімен ластанған топырақты биоремедиация үшін үшінші тарапқа беру туралы уәкiлеттi органмен мақұлдады. Тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін учаске таза топырақпен толтырылды. Тазарту жұмыстары кезінде осы аумақта атқарылған жұмыстардың сапасын растау үшін ТШО тұрақты түрде сынама алу жұмыстарын жүргізді.
ТШО өз қызметінің аумағында үздіксіз экологиялық мониторингтің кешенді жүйесін жүзеге асырады. Экологиялық мониторинг қоршаған ортаға әсерді уақтылы анықтау және оны азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында атмосфералық ауа, су және топырақ сынамаларын алуды және оларды шекті рұқсат етілген және фондық концентрациялардың белгіленген мәндердің сәйкестігіне талдауды қамтиды.
Экологиялық деректердің сапасын қамтамасыз ету үшін 2016 жылы ТШО-да әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа технологиялар мен жабдықтар қолданылатын экологиялық зертхана сертификаттаудан өтіп, пайдалануға берілді.
Атмосфералық ауа сапасы қоршаған ортаны қорғауда маңызды рөл атқарады, ал ауа мониторингі Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Атмосфералық ауа мониторингінің нәтижелері ағымдағы әсерді дұрыс бағалауға және қажет болған жағдайда атмосфералық ауаға түсетін жүктемені жеңілдету жөнінде алдын алу шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді. ТШО өзінің қызмет ету аумағында және санитарлық қорғау аймағында (СҚА), сондай-ақ қызметкерлер тұратын жерлерде және Жаңа Қаратон ауылында атмосфералық ауа мониторингінің бірнеше түрін
Жүзеге асырады:
Қызмет аумағында және СҚА шекарасында қоршаған ортаны бақылайтын 12 автоматтандырылған стационарлық қоршаған ортаны бақылау станциясы (ҚОБС) орналасқан. ҚОБС ауадағы күкіртсутектің (H2S), көміртегі тотығының (СО), азот тотықтарының (NO, NO2), метанның (СН4), күкірт қостотығының (SO2) құрамын анықтауға арналған заманауи газ талдау жүйелерімен жабдықталған. Әрбір ҚОБС толық автоматты режимде тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.
Атырау облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде, ТШО 2021 жылдан бастап төрт ҚОБС-тан атмосфералық ауаның сапасы бойынша деректерді онлайн режимінде беруді қамтамасыз етеді.
Күкіртсутектің (H2S), күкірт қостотығының (SO2), көміртегі тотығының (CO), азот тотықтарының (NO, NO2), метанның (СН4) концентрациялары мен метеорологиялық көрсеткіштер орташаланып, 30 минут сайын Қазгидромет РМК-ға онлайн режимде беріледі. Теңіз мұнай кен орнындағы ауа сапасы туралы деректер «AirKz» мобильді қолданбасы және атмосфералық ауа сапасының интерактивті картасы арқылы халыққа қолжетімді.
Сынамалар Теңіз және Королев кен орындарындағы өнеркәсіптік нысандардың қасында орналасқан 125 бақылау ұңғымасынан, сондай-ақ өндірістік нысандардан қашықтықта орнатылған 11 фондық ұңғымадан алынады. 2022 жылы ТШО сынама алу сенімділігін арттыруға бағытталған Қолданыстағы жер асты суларының мониторинг желісін жаңғырту жобасын аяқтады. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған жер асты суларының мониторингі желісі ККЖ-ҰЕҚБЖ объектілерінде бақылау жүргізу үшін 7 гидромониторлау ұңғымасына кеңейтілді.
ТШО белгіленген төгінділер лимиттеріне сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде сарқын суларға мониторинг жүргізеді. Сарқын сулар буландырғыш тоғандарға және айдау ұңғымаларына айдау алдында тазарту қондырғыларында бақыланады. Сынамалар алу мерзімі бекітілген бағдарламаға және аналитикалық бақылау кестелеріне сәйкес келеді.
Өндірістік нысандар аумағындағы топырақ жағдайын бақылауды қамтамасыз ету үшін ТШО-да 55-тен астам сынама алу нүктелері бар. Сынамалар алуға арналған алаңдар ТШО өндірістік нысандар аумағының шегінде орналасқан. Топырақ сынамаларын талдау ҚР заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларда бекітілген әдістер бойынша жүргізіледі.
«Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) әлеуметтік бастамалары Атырау облысының әрбір тұрғыны мен қоғамдастығының шексіз әлеуетін ынталандыруға және ашуға бағытталған. ТШО денсаулық сақтау, білім беру және экономикалық даму жүйелерінің қолжетімділігі мен жетілдірілуін қамтамасыз ете отырып, адамдар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ұмтылады.
«Игілік»Атырау облысының инфрақұрылымдық дамуына қуатты серпін берді. Облыс орталығы мен Жылыой ауданын көркейткен жаңа, заманауи ғимараттар, көпфункционалды медициналық клиникалар мен орталықтар, жақсы жабдықталған мектептер мен басқа да оқу орындары пайда болды. Бағдарламақоры сумен жабдықтау және электр желілері жүйелерін жаңғыртуға, қала ішілік шағын аудандар мен ауылдық елді мекендердің көптен күткен газбен қамтылуына мүмкіндік берді.
«Игілік» бағдарламасы арқылы жүзеге асатын жобалар туралы шешім Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп қабылданады. Басты критерийлер: тұрақтылық, жергілікті тұрғындардың аса маңызды қажеттіліктеріне бағытталу, тұрғындардың басым бөлігіне пайда әкелу, ең бастысы – жобалар Атырау облысы тұрғындарының әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызуы тиіс.
«Игілік» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылы төмендегі нысандар құрылысы жүзеге асуда:
Атырау қаласындағы №4 ықшамауданда №30 орта мектеп құрылысы
Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2010 жылы өз жұмысын бастады. Бағдарлама білім беруді, денсаулық сақтауды қолдауға, халықты еріктілер қозғалысы мен экономикалық дамуға бағытталды. Аталған бағдарлама шеңберінде 2010-2023 жылдары, ККЖ-ҰЕҚБЖ бюджеті аясында жүзеге асырылған жобаларды қоса алғанда, жалпы құны шамамен 18,3 млн. АҚШ долларын құрайтын 144 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
2023 жылы бағдарлама бюджеті 2,5 миллион АҚШ долларын құрады. Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жүзеге асыратын жобалардың бенефициарлары балалар, ересектер, зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектер және Атырау облысы халқының басқа да көптеген өкілдері болып табылады.
2024 жылы ӘИБ бюджеті
ТШО жыл сайын Атырау облысы тұрғындарының игілігіне арналған арнайы сұраныстарды қолдауға қаражат бөледі. 2023 жылы ТШО Атырау қаласы мен Жылыой ауданына 2,5 миллион доллардан астам демеушілік көмек көрсетті. Қаражат, сонымен қатар, келесі жабдықтарды сатып алуға бөлінді: • Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы мүгедектерге арналған 3 көлік; • Жылыой ауданына 6 жедел жәрдем көлігі; • Жылыой ауданына арнаулы техниканың 4 түрі; • Облыстық оңалту орталығына, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арналған оңалту жабдықтары; • Облыстық арнайы мектеп-интернатындағы еңбек кабинетіне арналған жабдықтар. Демеушілік көмек көрсету мақсатында келесі бастамалар қаржыландырылды: • Жылыой ауданының 60 баласына арналған Алматы қаласындағы жазғы лагерь; • Жылыой ауданындағы 25 отбасыға ЭКҰ қызметі; • Атырау облысындағы 100 зейнеткердің Атырау шипажайында демалуы; • Жылыой ауданында «Qazaq Fest» іс-шарасын өткізу. Мақсатты жобаларды жүзеге асырумен қатар, корпоративтік волонтерлік қозғалыс аясында ТШО қызметкерлері бірқатар қайырымдылық шаралар мен бағдарламалар өткізу арқылы қаражат жинап, жетім балалар мен басқа да әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауға жұмсайды.
2024 жылдың 11 желтоқсанында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мен «KMG PetroChem» ЖШС («Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) құрғақ газды сатып алу-сату туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында ТШО Атырау облысындағы Газ өңдеу зауытына 9 миллиард текше метрге дейін құрғақ газ жеткізетін болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ТШО мен KMG PetroChem қажетті келісімдердің негізгі шарттарына (Негізгі шарттар) қол қойған болатын. Теңізшевройл мен KMG PetroChem «Газ бөлу кешені» жобасы бойынша келісімдердің Негізгі шарттарына қол қойды
«Теңізшевройл» ЖШС бас кеңсесінде Теңіз кен орнының ашылғанына 45 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, серіктес компаниялар: «Шеврон», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ЭксонМобил» және «Лукойл» өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ саласының ардагерлері мен алғашқы бұрғылаушылары – «Бұрғышы-72» ҚҚ мүшелері қатысты.
Теңіз кен орнына Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, газ өнеркәсібі департаментінің басшысы Бақытжан Таубаев және мұнай өнеркәсібі департаментінің басшысы Берік Ермаханов келді. Сапар аясында делегация Теңізшевройл (ТШО) негізгі өндірістік объектілерімен, соның ішінде Кешенді технологиялық желілермен (КТЖ), Екінші буын зауытымен (ЕБЗ), Үшінші буын зауытымен (ҮБЗ) және өндірісті басқарудың бірлескен орталығымен (ӨББО) танысты.