Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.

(25 млрд баррель)

(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард тонна (11,5 миллиард баррель) құрайды. Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).

Тауарлық газ

Сұйытылған газ

Күкірт


Бұған мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын төлемдер, ТШО-ның қазақстандық серіктеске бөлінген дивидендтер, қазақстандық тауар өндірушілер мен қамтушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, сонымен қатар кәсіпорынның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Жасанды интеллекттің дамуы және цифрландыру өндірісті оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл әсіресе мұнай-газ саласында айқын байқалады. «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) KIOGE 2026 халықаралық мұнай-газ көрмесі мен конференциясында өндіріс тиімділігін арттыруға Smart Engineering тәсілін қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Бұл тәсілдің негізі - деректі, жұмыс процестерін және цифрлық құралдарды бір жүйеге біріктіру. Соның арқасында активтердің өмірлік циклі бойы әртүрлі өндірістік функциялар арасындағы байланыстың ашықтығы арта береді.
Жасанды интеллекттің дамуы және цифрландыру өндірісті оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл әсіресе мұнай-газ саласында айқын байқалады. «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) KIOGE 2026 халықаралық мұнай-газ көрмесі мен конференциясында өндіріс тиімділігін арттыруға Smart Engineering тәсілін қолдану тәжірибесі туралы баяндады. Бұл тәсілдің негізі - деректі, жұмыс процестерін және цифрлық құралдарды бір жүйеге біріктіру. Соның арқасында активтердің өмірлік циклі бойы әртүрлі өндірістік функциялар арасындағы байланыстың ашықтығы арта береді.