Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.
ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

ТШО өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс күндерін жоғалтқан оқиғалар және тіркелген оқиғалар коэффициенті секілді стандартты көрсеткіштер бойынша жетекші орындардысақтап келеді.

CHESM процесі әр тарабының мiндеттерiн нақты белгiлейдi, мердігер компаниялармен тиімді өзара әрекеттесуді және мердігер компаниялардағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу мақсатында CHESM бағдарлама талаптарының дәйекті орындауды қамтамасыз етеді.
CHESM процесінің талаптары және оны құрайтын іс-шаралар ТШО-ның мердігер компаниялардан еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қандай нәтижелер күтетінін анықтайды, сондай-ақ, мердігер компаниялардың осы талаптарға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерге және технологиялық процестерге қауіп тудыруы мүмкін жұмыстарды орындайтын мердігер компаниялар өз компанияларындағы ЕҚ/ЕҚОҚ басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауға, сонымен қатар ТШО нысандарында кез келген жұмысты бастамас бұрын тиісті қорғаныш құралдарының бар болуын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуге бағытталған CHESM процесі бойынша тексеруден өтуі тиіс.
ТШО өз жұмысында екі негізгі қағиданы басшылыққа алады: жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем орындамаңыз және оны дұрыс орындауға әрдайым уақыт бар. ТШО мен серіктес компаниялардың әр қызметкері жұмысты қауіпсіз бастауды қаматамасыз етуге Жауап береді, сонымен қатар қауіпті мінез-құлық немесе соған негіз болған жағдайда кез-келген жұмысты уақытша тоқтатуға немесе толығымен тоқтатуға құқылы. ТШО жұмысының қауіпсіз әдістерін басқару жөніндегі топ басқа командалармен бірге еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы басшылық қағидаттары мен рәсімдерді (ЕҚ) тұрақты енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Атырау облысына жұмыс сапары барысында Теңіз кен орнын аралап, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өндірістік қызметінің ағымдағы жағдайымен танысты.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қызметкерлерді дамыту және оқыту барысының тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын белсенді түрде қолданады. Компанияда ЖИ, деректі талдау және цифрлық технологиялар бойынша бағдарламалар іске асырылады. Олар қызметкерлерге жаңа біліктілікті меңгеруге және күнделікті жұмысында заманауи шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жүк тасымалдауды ұйымдастыру және кедендік ресімдеу қызметтерін көрсетуші компанияларға арналған жеткізушілер форумын өткізіп, қазақстандық компаниялардың өкілдерін ынтымақтастық мүмкіндіктерін, қауіпсіздік талаптарын, логистикалық операцияларды, нормативтік талаптарға сәйкестікті және қазақстандық қамтуды дамыту мәселелерін талқылау үшін бір алаңға жинады.