Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
23-і мамыр, НҰР-СҰЛТАН - Қазақстандық ақпараттық технологиялар компаниялардың 80-нен астам өкілі мен салалық сарапшылар 23 мамыр күні ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ компаниясының ұйымдастыруымен болып өткен «ТШО-дағы цифрландыру» форумының жұмысына қатысты. Мұнайшылардың басты міндеті – ақпараттық технологиялар саласында әлеуетті ынтымақтастық үшін қазақстандық өнімдер мен қызметтерді жеткізушілерді анықтау. Іс-шараны өткізу орны ретінде Astana Hub технологиялық стартап алаңы таңдалды.
Іс-шараға қатысушыларды ТШО-ның ақпараттық технологиялар бөлімінің менеджері Радди Эль-Могази форумның ашылуымен құттықтады.
— ТШО-ның ақпараттық технологиялар бөлімінің мақсаты – сандық технологияларды қолданудағы ең үздік мұнай-газ кәсіпорны болу, - деп атап өтті ол, - бүгін біз цифрландырудың нәтижелерге қол жеткізуде компанияға қалай көмектесетінін және ынтымақты жұмысқа қажет мүмкіндіктеріміз туралы айтатын боламыз..
Форум тақырыбы өте өзекті. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда. ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрландыру департаментінің директоры Назгүл Бажаева айтқандай, жұмыс бес бағытта жүргізілуде – адами капиталды дамыту, цифрлық жібек жолын дамыту, цифрлы мемлекет, экономика салаларын цифрландыру және Astana Hub үлгісінде инновациялық экожүйені құру.
— Бағдарлама жүзеге асқаннан бергі бір жылы ішінде ел үшін экономикалық тиімділік 218 млрд теңгені құрды, , - деп түйіндеді ол.
ҚР Энергетика министрлігінің цифрландыру және ақпараттандыру департаменті директоры Алан Аралбаев мұнай-газ саласын цифрландыру тақырыбына егжей-тегжейлі тоқтады. Ел экономикасының басты саласында цифрландыру мәселелері өте өзекті және ол осы ведомствода құрылған цифрландыру офисімен үйлестіріледі. Бұдан әрі ол Энергетика министрлігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мұнай есебі, қоршаған ортаны қорғау және мониторинг, жер қойнауын пайдалануды басқару және сұйытылған газ балансын болжау жүйелері сияқты бірнеше бастамаларды ұсынғанын айтып өтті. Аталған бағыттардан басқа ҚР ЭМ басқа ведомстволармен және квазимемлекеттік компаниялармен бірлесіп цифрландырудың қосымша бағдарламаларын пысықтады. Сөз соңында Аралбаев мырза осындай форум жұмысына қолдау білдіретіндігін жеткізді. Оған қоса, АТ-қызметтерін жеткізушілер, KAZENERGY қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілдері сияқты басқа да қонақтар да күн тәртібіне оптимизммен қарады.
Уәде етілгендей, форум барысында ТШО өкілдері әлеуетті ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, қазақстандық АТ қызмет провайдерлері жетістіктерінің тарихы, сондай-ақ болашақ жеткізушілерді іріктеу және алдын ала біліктілік беру процесі туралы ақпарат ұсынды.
ТШО-ның ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Радомир Дороциактың сөзінен ТШО-да цифрландыру бойынша бастамалар 2017 жылы бастау алғандығы белгілі болды. Оның айтуынша, бірінші кезекте цифрландыру жобалары қауіпсіздік техникасын жақсартуға, өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Дороциак, сондай-ақ қатысушыларды ТШО-ның қазақстандық қамту шығындарының статистикасына ерекше назар аударуға шақырды.
— 1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін компания 29 миллиард АҚШ долларынан астам қаржыға отандық өндірушілердің қызметтерін және тауарларын сатып алды. Осы жылдың тек бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1 миллиард АҚШ долларынан асты, - деп, осы форумның көмегімен және АТ-қызметтерін жеткізушілермен болашақта бірлескен жұмыс нәтижесінде бұл көрсеткіштер бұдан да әсерлі болады деген үмітін жасырмады.
Радомир Дороциак ТШО-да автокөлікті қауіпсіз басқару саласында сандық технологияларды жүзеге асырудың бірнеше мысалдарын келтірді.
— Бірнеше жыл бұрын ТШО-да жол-көлік оқиғалары жиі орын алып отырды, бұл жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірген болатын. Талдау ЖКО-ның ең жиі кездесетін факторлары жүргізушілердің шаршауы мен ұйқыға берілуі екендігін көрсетті. Біз осы мәселені шешуге көмектесуі мүмкін технологияларды іздестіріп, шешімін таптық. Пилоттық жоба ретінде 50 машина жүргізушінің ұйқышылдық немесе шаршау жағдайын анықтап, дыбыстық және діріл сигналдарын бере алатын сканерлермен жабдықталды,- деді ол.
Бұдан әрі айтып өткеніндей, бұл технология ЖКО қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектесті және көлік жүргізу кезіндегі шаршау мен ұйқышылдық оқиғаларының нақты санын көруге мүмкіндік берді. Сондай-ақ қатысушыларға ТШО мамандары ауқымды деректерді жинау және талдау, өндірістік жабдықтарды сандық түгендеу және автокөліктің қозғалысын нақты уақытта бақылау бағытында жұмыс жүргізетін жобалардың басқа мысалдары да келтірілді.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай-газ саласында сандық технологияларды қолдану 1 триллион долларға дейін пайда әкелуі мүмкін. Осы саланы цифрландыруда үлкен әлеует бар екенін Теңізшевройл да түсінеді.
— Егер сізде сандық технологиялар, виртуалды және қосымша шындық саласында атқарылған жұмыс көлемі болса, бізге олар туралы айта отырыңыз. Біз серіктес болуға дайынбыз, осы форум дәл осы мақсатпен ұйымдастырылып отыр, - деді келушілерге Радомир Дороциак өз баяндамасының соңында.
Әлеуетті жеткізушілердің ТШО веб-сайтында SEOI жүйесі арқылы серіктес болуға өз мүдделілігін білдіруге мүмкіндіктері бар. Болашақ серіктестердің осы және басқа да мүмкіндіктері туралы ТШО-ның стратегиялық сатып алу бөлімінің маманы Гүлшат Сақауова айтып берді.
— Бірінші кезекте, біз қауіпсіздік техникасы мен сапаны бақылау талаптарына сәйкестікті, қазақстандық қамту көлеміне және оны дамыту жөніндегі жоспарларға, қаржылық тұрақтылыққа назар аударамыз,- деп атап өтті ол баяндама барысында.
Гүлшат Сақауованың сөзінен ТШО-мен серіктес болудың алғашқы қадамы жеткізушінің компания деректер базасында SEOI жүйесі арқылы тіркелуі болып табылатыны белгілі болды. Болашақ серіктестер осы кезеңге ерекше назар аударулары керек.
— SEOI-де профайлды тіркеу және құру, сондай-ақ одан әрі жүйеде жұмыс жасау мүлдем тегін. Бұл жүйеде сәтті тіркелу ТШО тендерлеріне қатысуға кепілдік бермейді, тек әлеуетті қатысушыларды іздейтін құралымыз болып табылады, - деп атап өтті Сақауова ханым.
Өнім беруші SEOI жүйесінде сәтті тіркелген жағдайда, ол болашақ тендерлерге қатысуға шақырылу мүмкіндігін алады. Осы кезеңде компания мамандары тендерге қатысушылар ұсыныстар пакетін қалыптастыру барысына және оларды ұсыну мерзімдеріне жауапты қарайды деп күтеді. Тәжірибеде конкурс шарттарына сәйкес қажетті толық құжаттардың болмауы және олардың уақтылы берілмеуі себебінен кейбір қамтушылардың тендерге қатысудан алып тасталынатын жағдайлары аз емес.
Өз сөзінде қазақстандық қамтуды дамыту тобының маманы Аман Ахметжан қатысушылардың назарын форумның негізгі мәніне бұрды. Ол шетелдік АТ қызмет провайдерлерін қазақстандық жеткізушілермен сәтті алмастыру оқиғаларымен бөлісті және АТ қызметтерін оқшаулау кезіндегі артықшылықтарды атап өтті.
— Жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастық, ең алдымен, қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компания нысандарына жеткізушілердің тұрақты қолдауына, тұрақты АТ серіктестікке және шығындарды үнемдеуге қол жеткізеді,- деп түйіндеді өз ойын Аман Ахметжан.
Сұрақтар мен жауаптар сессиясын қамтитын форумның ақпараттық бөлігінің соңынан форумға қатысушылар ТШО өкілдерімен тікелей сөйлесіп, өз компанияларының қызметтерін таныстырды. Форум соңында Astana Hub директоры Джозеф Зиглер ТШО өкілдері үшін таныстыру шарасын өткізді.
Жалпы, «ТШО-дағы цифрландыру» форумы өз мақсатына жетті. Болашақ жеткізушілер ақпаратты түпкі деректемеден алды, байланыс орнатты, өз қызметтерін таныстырды. ТШО өз кезегінде отандық АТ-қызметтер нарығымен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.