Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
1 шілде 2019 ж., Атырау – 29 маусым күні Келешек кеңею жобасының Үшінші буын зауытының (ККЖ ҮБЗ) құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында қақтығыс орын алып, нәтижесінде мердігер ұйымдардың бірнеше қызметкері жарақат алды. ТШО клиникаларында 40-тан астам адамға медициналық жәрдем көрсетілді.
Тиісті мемлекеттік органдар мен құқық қорғау қызметтеріне дер кезінде хабар беріліп, олар Теңіздегі барлық жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына келіп жетті.
ТШО өндірістік жұмыстары қалыпты режимде жалғасуда. ККЖ ҮБЗ құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша кідіртілді; ТШО өндіріс жұмыстарын жақын арада бастайтын болады. ККЖ құрылыс алаңдарындағы басқа жұмыстар қалпына келтірілді.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен ТШО Бас директоры Имер Боннер Теңіз кенішіне барып, мердігер ұйымдардың басшылығымен, сондай-ақ Теңіздегі жұмысшылармен кездесті. Оқиғаның мән-жайын тергеу және ұсыныстар беру мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Аталмыш комиссияға ТШО да мүше ретінде қатысады.
30-маусым күні ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары, ТШО серіктестік кеңесінің төрағасы Жақып Марабаев жағдайды талқылау, ТШО-ның әрекеттер жоспарымен танысу және қолдау көрсету мақсатында ТШО басшылығымен кездесті.
Қазірде Теңіздегі жағдай тұрақты.
Өзара түсіністік – ТШО құндылықтарының бірі, әрі компания өз қызметкерлері мен мердігер ұйым жұмысшылары әр алуандыққа құрметпен қарап, дискриминацияның кез келген көрінісіне жол бермейді деп күтеді.