Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Қазақстанда Ұлыбритандық AVON Protection лицензиясы бойынша күлапара тәрізді респираторлардың өндірісі іске қосылды. Лицензия иесі «QHSE-Akbarys» ЖШС, олардың негізгі қызметі мұнай-газ жобаларында орын алатын зиянды газдар әсерінен қорғануға арналған құралдарын жеткізу болып табылады.
AVON NH15K респираторларын құрастыру цехы «Астана – жаңа қала» Нұрсұлтан қаласындағы АЭА индустриялық аймағында орналасқан. Жобаға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемі 1 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, құрастыру цехында 16 жаңа жұмыс орны ашылды.
Респираторларды құтқару құралы ретінде кемінде 30 секунд аралығында қолдануға болады. Төтенше жағдайларда адамның қауіпсіз паналау орнына 15 минут аралығында жетіп алу үшін жеткілікті ауаны қамтамасыз етеді. Мөлдір маска адамның бетін толықтай жаба алады, сондай-ақ зиянды сұйықтықтардың шашырауынан сақтай алады. Респираторды киіп жұмыс жасағанда, адамның беті буланбайды. Қазақстанда шығарылатын осы респиратордың түрі біздің климаттық жағдайларға арнайы бейімделген. Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын игеретін операторлық кәсіпорындардың тарапынан көрсетілген ерекше қызығушылық «QHSE-Akbarys» ЖШС респираторында осындай оң қасиеттерінің болуы.
Қазақстандық кәсіпорынның құрастыру цехының салтанатты тұсаукесер рәсімі ағымдағы жылдың 9 тамызда болып өтті. «QHSE-Akbarys» ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Тимур Жарлықағановтың қонақтарды қошеметтеу кезіндегі сөзінде айтылғандай, осындай өндірісті Қазақстанда құру туралы бастаманы «Теңізшевройл» ЖШС алғашқыда қолдаған еді.
«Сіздер біздің тапсырыс берушіміз бола тұра, алғашқы кезеңдерде құрастыру процесіне белсенділік пен бастамашылық танытып, бізге деген сеніміңізді артып өз тапсырыстарыңызбен Қазақстанда осы өндірісті ашуға көмектескен едіңіз. Ал, міне бүгін, біз осы жерде жұмыс істеп тұрған құрастыру цехының куәгері болып тұрмыз» – деп айтты Тимур Жарлықағанов, өндіріс цехының ашылуына қатысқан ТШО бас директоры Имер Боннерге жолдаған баяндамасында.
«Теңізшевройл» ЖШС отандық нарықты дамыту бөлімінің үйлестірушісі Олжас Лұқманов осы лайықты пікірлерге түсініктеме бере отырып, өз ойын былай түйіндеп, AVON NH15K респираторларының өндірісін оқшаулау аталған өнімді жеткізу шартында қазақстандық қамтудың үлесін арттыру бойынша жоспарда қарастырылған.
«Біз QHSE-Akbarys кәсіпорнының мамандарымен бірігіп дайындаған жоспар бойынша Қазақстанның аумағында AVON NH15K респираторларын құрастыру цехы салынып, өз жұмысын бастауы керек болатын. Сол жоспарды іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып, міне бүгін, біз аталмыш цехтың салтанатты ашылу рәсіміне баршамыз куә болып тұрмыз» - деп есіне алды Олжас Лұқманов.
Ұзақ мерзімді келісімшарттарда көрсетілгендей қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жоспарлар «Теңізшевройл» ЖШС 2017 жылдан бастап қазақстандық қамтуды дамытудың кешенді стратегиясының бір бөлігі болып табылады. «QHSE-Akbarys» ЖШС бұл әдістің жалғыз нәтижесі емес. Осылайша, КISCO кәсіпорны өзінің қазақстандық қамту үлесін дамыту жоспарын ұсынып, соның нәтижесінде Атырау қаласында фланецті төсемдерді өндіру бойынша цех іске қосылып, жұмысын жалғастырып келеді. Айтылған уәде орындалды.
2018 жылдың соңынан бастап 23 қазақстандық мамандар Атыраудағы КISCO өндірістік алаңында жұмыс істеп келеді, ал кәсіпорын болса ТШО-ға барлық халықаралық стандарттардың аталаптарына сәйкес келетін отандық өнімді жеткізеді. Айта кететін жәй, аталмыш цех Атырау жеріндегі неміс инженерлік ойының оазисі болып табылады. Өндірістік процесс неміс технологиясы бойынша қойылып, қызметкерлер да тиісті түрде оқыған.
Өндірушлердің осындай инфрақұрылымға инвестиция жасай отырып, қазақстандық қамту үлесін дамытудың мұндай моделі жаңа жұмыс орындары түрінде ғана емес, сондай-ақ оның ең негізгі артықшылығы технологиялар мен дағдылар трансферті болып табылады.
Тағы бір мысал - «Шымкентцемент» АҚ. Бұл кәсіпорын Теңіз кен орнының ұңғымаларын цементтеу кезінде белсенді түрде қолданылатын G маркалы тампонажды цемент өндірісін оқшаулай алды. ҚР аумағында осындай сападағы цемент өндіруінің ұйымдастыру мүмкіндігі ТШО-ның ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі болған. Демек, «Шымкентцемент» кәсіпорынын таңдау кездейсоқ емес екені белгілі. ТШО Шлюмберже ұңғымаларды аяқтау бойынша негізгі қызмет көрсетуші мамандарымен бірігіп, «Шымкентцемент» кәсіпорнының өндірістік мүмкіндіктерін анықтау мақсатында үш цемент өндірушісі кәсіпорындарында тексеріс аудитін жүргізді. Соның нәтижесінде, тек «Шымкентцемент» API 10A сертификациясынан өтіп, ал оның өнімдері Шлюмберже және Шеврон зертханаларында байқаулардан сәтті өткен.
Цемент шығаруға арналған технологиялық процесстер жүйеге келтіріліп, кәсіпорын Теңіз жобасының қажеттілігі үшін әлемдік деңгейдегі цементті шығаруға кірісті. Сондай-ақ, қазақстандық өндірістің G маркалы цемент халықаралық нарықтарға экспорттау үшін жарамды. ТШО-мен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасай отырып, Шлюмбержде өз мамандарын ауқымды түрде ұлттандырып келеді. Қазіргі таңда кәсіпорын бойынша қазақстандық мамандар 95% - ын құрайды.
Айта кетеін жәй, 2018 жылдың соңына ТШО-ның өзінде негізгі өндірісте жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 88,7% - ға тең. Ал, ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасында қызмет атқаратын адамдардың санын қосқанда, бұл көрсеткіш 81,6% құрайды. Теңіз жобасын жүзеге асыруға барлығы 80 мыңға жуық қазақстандық, соның ішінде мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылған.
2018 жылы «Теңізшевройл» ЖШС отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алу шығындары 1,3 трлн теңгеден асты. Салыстыратын болсақ, ТШО өз қызметін жүргізіп жатқан сол жылы Атырау облысының бюджеті 100 млрд теңгеден сәл артық болды.
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің негізгі көлемі Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) шеңберінде сатып алынды. Оның үлесі барлық шығындардың 65% құрады. Қазақстандық 48 мыңнан астам жұмысшылар осы ККЖ жобасына жұмылдырылды, сондай-ақ жұмыстың шыңы 2019-20 жылдарға тура келеді деп күтілуде. Жоба басталғалы 500-ге жуық қазақстандық кәсіпорындар 6,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын тауарлар мен қызметтер сатып алынды.
«Теңізшевройл» ЖШС тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі үздіксіз өсу қарқыны байқалды. Кәсіпорынның ресми мәліметіне жүгінетін болсақ, 1993 жылы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған қаржы көлемі 27 млн АҚШ долларын құрады. Ал, 2003 жылы бұл көрсеткіш 500 млн АҚШ долларынан асып түсті. Енді он жылдан кейін, яғни 2013 жылы ТШО отандық өндіріс тауарлары мен қызметтерін сатып алуға 2,3 млрд АҚШ долларын жұмсады. Салыстыратын болсақ, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2,1 млрд АҚШ доллларын құраған.
Қызметтер мен жұмыстарға бағытталған қаржы көлемі ТШО төлемдерінің негізгі бөлігін құрайды және бұл үрдіс өзгермейтінін кәсіпорын қызмеркерлері мәлімдеді. 2018 жылы қазақстандық жеткізушілер ТШО-ның негізгі өндірісінің 70% қызметтері мен жұмыстар талаптарын қамти алды.