Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
«Jas-tolqyn» -Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын жас дарынды балалар арасында ұйымдастырылған қайырымдылық жобасы. Байқау шарттары мен міндеттері туралы жобаны жүзеге асырушылар мен демеушілері 2 қыркүйек күні Атырау қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
«Jas-tolqyn» байқауы 2019 жылдың маусым айында басталды. Оны қаржыландыру «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ және «Теңізшевройл» ЖШС қайырымдылық қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Байқау Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырғанына қарамастан, өзінің қалыптасқан көпжылдық тарихы бар. «КҚК- дарынды балаларға!» - осындай атаумен бұл байқау жыл сайын Ресей аумағында өтеді. Биыл байқау халықаралық ауқымға ие болды, енді оған қазақстандық өнерпаздар да қатысуға мүмкіндік алды.
«Каспий Құбыр Консорциумы Ресей Федерациясының аумағында 20 жылдан астам уақыт бойы аталмыш байқауды өткізіп келеді. Осы жылы байқау өзінің аумақтық шекарасын кеңейтті және біздің балаларда оған қатысуға және өз қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік туды. Біз жастарды қолдауға, таланттарды анықтауға және олардың одан әрі дамуы мен кәсіби өсуіне көмектесуге мүдделіміз», - деп атап өтті КҚК бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин.
«ТШО жергілікті қоғамдастықтың бір бөлігі болып келді және солай болып қала береді. Ал Атырау облысының әлеуметтік міндеттерін шешуде қолдау көрсету - біздің басымдықтарымыздың бірі. 1993 жылдан бастап ТШО өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,8 млрд АҚШ долларын жұмсады», - деді Рзабек Артығалиев, ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері.
Байқау – дарынды балаларды анықтап, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қолдау көрсету, кәсіби оқытушылармен, сахна шеберлерімен және әлемдік деңгейдегі актерлермен шеберлік сыныптар барысында олардың шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – «Сырттай-қашықтықтан», яғни қатысушылар онлайн-сауалнамалар жіберді. Оларды қабылдау осы жылдың 31 тамызында аяқталды. Нәтижесінде, шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылардан 114 өтініш түсті. Барлығы 500-ден астам жасөспірімдер өтінім берді, олардың арасында батыс өңірінің шалғай ауылдық аудандарынан да балалар бар. Қазіргі уақытта қазылар алқасы байқаудың «Көзбе-көз түрдеөтетін»екінші кезеңіне іріктеу жұмыстарын жүргізуде. Екінші кезең -1-5 қазан аралығында Атырау қаласында өтеді. Ал екінші кезеңнің жеңімпаздары – Гран-при иегерлері 2019 ж.26-30 қазан аралығында Мәскеу қаласында өтетін мәдени форумға жолдама алады.
Байқау шарттарына сәйкес жобаға 9-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Кіші топта - 9 жастан 14 жасқа дейінгі балалар, үлкен топта - 15 жастан 18 жасқа дейінгі балалар. Қатысушылар үш номинация бойынша өнер көрсетеді: «Хореография» (халықтық және эстрадалық би), «Вокал» (ансамбльдер, соло, дуэт, квартет) және «Аспаптық жанр» (оркестр, ансамбльдер, соло).
Бағдарлама әкімшісі «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры болып табылады. Ауқымды жоба – «Jas-tolqyn» қайырымдылық байқауы Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығы қарсаңында, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған Жастар жылы аясында өткізілуде.
Байқау ұйымдастырушылары жобаның дарынды балаларды анықтап, олардың шығармашылығын қолдауға, сондай-ақ балалар арасында хореография, вокал, аспаптық музыка өнерін көпшілікке таратуға мүмкіндік беретініне және жалпы алғанда, балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған Қазақстандағы жыл сайынғы игі дәстүрлі шараға айналатынына сенімді.