Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
«Теңізшевройл» ЖШС өзінің «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында Жылыой ауданында екі әлеуметтік инфрақұрылым нысанын пайдалануға берді.
Майкөмген ауылында балабақшаның салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан ауылда ашылған алғашқы балабақша болды.
Балабақшаның салтанатты ашылуына Жылыой ауданы әкімдігінің өкілдері, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) басшылығы, БАҚ өкілдері және Майкөмген ауылының тұрғындары қатысты.
Ауылдағы алғашқы балабақша 100 балаға арналған. Балабақшаның аумағында әр жас тобына арналған 4 топтық алаң бар. Аталмыш алаңдар көлеңке шатырларымен жабдықталған. Жаңа балабақша спорттық және ойын жабдықтарымен жабдықталған, бұл балалардың демалысын және спорт бағытында дамытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба бойынша нысанды автономды энергиямен және жылумен қамтамасыз ету қарастырылған.
Жаңа балабақша ғимараты қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай және мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз жүруіне арналған пандуспен жабдықталған.
Сонымен қатар, балабақшаның іргелес аумақтарын абаттандыруға ерекше назар аударылды. Барлық серуендеу аумақтары абаттандырылған. Жаяу жүру жолдары мен орындықтар қарастырылған.
Дәл осы күні Құлсары қаласында Құрсай өзенінің абаттандырылған жағалауының тұсаукесері өтті. Құрсай өзенін тазарту бағдарламасы аясында жағалауды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама бойынша Қамыскөл деңгейін ұстап тұруға, оның шайылмауына, Құрсай өзені ағынын жақсартуға жағдай жасалды. Құлсары қаласының тұрғындары үшін демалу мүмкіндіктері артты.
Бағдарламада келесі жұмыстар қарастырылған:
Жаңа нысандардың тұсаукесер рәсімінде Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет мырза ТШО-ның Жылыой ауданының тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін атап өтті және компанияға аймақтың барлық тұрғындары атынан алғысын білдірді. Өз кезегінде ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев ТШО үшін компания жұмыс істейтін қауымдастықтарға қаражат бөлудің маңызы зор екенін атап өтті.
«Біз ТШО-ның қызметі ел мен облысқа экономикалық пайдасын ғана емес, сонымен қатар өзіміз тұрып жатқан жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік әл-ауқатына оң әсерін тигізіп отырғанына қуаныштымыз. Атырау облысының әкімдігімен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтастығымыз әрі қарай өнімді түрде жалғасады деген үміттеміз. Барлығымыз осындай өңірге қажетті әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының пайда болуына әлі де бірге куә боламыз деп сенемін», - деп атап өтті Рзабек Артығалиев.
Жылдық бюджеті 25 млн АҚШ доллары болатын «Игілік» ерікті бағдарламасы «Теңізшевройл» ЖШС-нің Атырау облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын қолдауға бағытталған корпоративтік жауапкершілігі саласындағы негізгі бастамаларының бірі болып табылады. Осы күнге дейін аталмыш бағдарлама аясында 90-нан астам жоба жүзеге асырылды. 1993 жылдан бастап ТШО-ның әлеуметтік салаға қосқан жалпы үлесі 1,8 млрд АҚШ доллардан асты.