Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) соңғы модулі 2020 жылдың 28 қазанында Қазақстандағы Теңіз кен орнына қауіпсіз жеткізілді.
Аталған жоба дамуындағы маңызды бұл меже шет елдерден Қазақстанға 408 модульді жеткізудің үш жылдық бағдарламасы аяқталғанын көрсетеді.
“Теңіз тасымалының аяқталуы – қазақстандық компаниялардың теңіз логистикасы мен металл конструкцияларын өндіру саласындағы құзыретін көрсететін орасан зор жетістік болды. Нарықтық шарттардың күрделілігіне, пандемияға және теңіз логистикасы операцияларының ғаламдық ауқымына қарамастан, біз серіктестеріміз бен Қазақстан Республикасының үміттерін ақтағанымызға қуаныштымыз. Біз жобаның сәтті дамуы мен аяқталуы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті атқарушы органдармен және іскер серіктестерімізбен жемісті ынтымақтастықты жалғастырамыз деген үміттеміз”, - деп атап өтті ТШО бас директоры Имер Боннер.
Барлық модульдер жоспарға сәйкес уақытында жеткізілді, бұл Теңізде орнату және құрылыс жұмыстарын уақытында жалғастыруға мүмкіндік береді.
ККЖ-ҰЕҚБЖ - республикалық маңызды жоба. Оны жүзеге асыру Қазақстанға жоғары білікті жұмыс күшін, халықаралық компаниялармен серіктестік арқылы енгізілген технологиялар, сондай-ақ аймақта жаңартылған инфрақұрылым түрінде мұра қалдырады.
ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастаған бері қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 10,3 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсады. Аталмыш жобада шамамен 91 пайызы қазақстандықтар жұмыс істеуде. ТШО инженерлік, материалдық-техникалық және өндірістік қызметтерді көрсетуге қазақстандық компанияларды жұмылдыруда. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасына қатысу үшін 2350-ден астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеліп алынды, олардың 1281-і алдын-ала біліктіліктен өтті, нәтижесінде қазақстандық компаниялармен 630-дан астам келісімшарттар жасалды.
ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз тасымалы бағдарламасы туралы
Әрқайсысы 500-ден 1800 тоннаға дейін тартатын ККЖ-ҰЕҚБЖ модульдері Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалып, Ресейдің ішкі су жолы жүйесі (РІСЖ) арқылы Каспий теңізінің Прорва түбегіндегі жүк түсіру терминалына жеткізілді. Теңіз тасымалы шеңберінде жеткізілген модульдік жүктің жалпы салмағы 280,000 метрикалық тонна құрады. Ersai және KCOI сияқты қазақстандық компаниялар Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында халықаралық стандарттарға сәйкес салынған 75 құрастырмалы модульдік эстакада мен 10 бақылаудың қашықтықтағы блогы құрылысын аяқтап, өздерінің техникалық қуаты мен кәсіби даярлықтарын дәлелдеді. Жұмыстың үдемелі кезінде 126-тан астам кеме жұмыс істеді, оның 40-ы жаңадан салынған немесе осы жоба үшін арнайы өзгертілген болатын. Қазақстандық «КазМорТрансФлот» компаниясы Каспий теңізінде теңіз тасымалын жүзеге асырып отырды. Жалпы алғанда, кемелер Қазақстан мен басқа пункттер арасында 140 000 км астам жүзіп өтті. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасының тағы бір мұрасы – Теңіз маңындағы Прорва түбегінде модульдік жүкті қабылдау және одан әрі тасымалдау үшін салынған жаңа Жүк тасымалдау бағыты (ЖТБ). ЖТБ құрамына ұзындығы 71 км құрайтын теңіз кіру арнасы, жүк түсіру және сақтау қондырғылары және кірме жол кіреді.