Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
2020 жылғы 22 желтоқсан, АТЫРАУ – бүгін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) компания басшылығындағы өзгерістер туралы ресми түрде хабарлайды. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Кевин Лайон ТШО-ның бас директоры лауазымын қабылдайды. Кевин бұл лауазымда 2018 жылдан бастап бас директор қызметін атқарған және оған дейінТШО-да өндіріс жөніндегі бас менеджер болып жұмыс істеген Имер Боннерді алмастырады.
Шеврон» компаниясындағы 32 жылдық мансабында Кевин Лайон Америка Құрама Штаттарында, Нигерияда, Филиппинде, Индонезияда, Нидерландыда және Бангладеште көптеген инженерлік және басқарушылық лауазымдарды атқарды. 2018 жылдан бастап Кевин Индонезияның Джакарта қаласында "Шеврон" компаниясының Үнді-Азиялық бизнес-бөлімшесінің басқарушы директоры қызметін атқарды. Бұл лауазымда Кевин Филиппин мен Индонезиядағы "Шеврон" активтеріндегі өндіру операцияларына, соның ішінде Азия–Тынық мұхиты аймағындағы мұнай қабатына буды айдау әдісімен және суландыруды қолданумен кен орнын пайдалану бойынша ірі жобаға жауап берді. Бұл рөлде Кевин 3800-ден астам тікелей қызметкерлері бар және жалпы саны 30 000-нан асатын ұйымды басқарды. Кевинді ТШО-ның бас директоры қызметіне тағайындау оның дәлелденген басқару тәжірибесіне және мұнай өндіру саласындағы тиісті халықаралық тәжірибесіне негізделген.
Имер Боннер «Шеврон» техникалық орталығының президенті және Сан-Рамондағы (Калифорния штаты) «Шеврон» корпорациясының технологиялар жөніндегі бас директоры болып тағайындалды. Имер өзінің ТШО бас директоры лауазымында кәсіпорындыбизнестің жоғары көрсеткіштерін және Келешек кеңею жобасын – Ұнғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) ілгерілетуді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан үкіметіндегі мүдделі тараптармен, серіктес компаниялармен және ТШО жұмыс істейтін қоғамдастықтарда жоғарықарым-қатынасты сақтай отырып басқарды.
«Менің Қазақстандағы жұмысым маған және менің отбасыма үлкен оң әсер етті. ТШО-ныоның өсіп келе жатқан кезеңінде басқарып, осы компанияның бай тарихының бір бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе болды» - деді Имер. «Менің отбасым және мен ТШО-ның қоғамдастығына, оның серіктестеріне және Қазақстан халқына көрсеткен қолдауы, қонақжайлылығы мен жылылығы үшін алғысымды білдіремін. Мен ТШО-ның Қазақстан экономикасына өз үлесін қосып, жергілікті қамтуды дамыту және болашақ ұрпаққа инвестиция құю арқылы өзінің табысты қызметін жалғастыратынына сенімдімін. Жаңа лауазымда кәсіпорынға қолдау көрсету мүмкіндігін жалғастыруды асыға күтудемін».
«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры қызметін қабылдаушы Кевин Лайон: «Мен Қазақстан Республикасының және ТШО компаниясының барлық қатысушыларының игілігі үшін кәсіпорындыбасқару мүмкіндігін тағатсыздана күтудемін. ТШО – өте мықты серіктестіктің үлгісі, сондықтан осы бірлескен кәсіпорынның алдағы жетістігіне үлес қосу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын».