Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
АТЫРАУ, 2021 ж. 1 Сәуір – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2019-2020 жылдарға арналған корпоративтік жауапкершілік туралы есебін жариялады. Аталмыш құжатта ТШО-ның әлеуметтік және экологиялық салалардағы жетістіктеріне жан-жақты шолу жасалған. Жаһандық пандемияға қарамастан, компанияның басымдықтары өзгеріссіз қалды: қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, жергілікті қоғамдастыққа қолдау көрсету және дұрыс әдістерді қолдана отырып, нәтижелерге қол жеткізу.
“Біз экономикалық ілгерілеу мен ел болашағына айтарлықтай үлес қосып келеміз, - деді ТШО бас директоры Кевин Лион, - Бұл ретте біз қоршаған ортаға барынша аз әсер ете отырып, қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуге ұмтылудамыз. «ТШО-ның сара жолында» көрсетілгендей, біздің құндылықтарымыз мәдени алуан түрлілікке құрметпен қарау, серіктестік және адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, адалдық пен сенім және жоғары өнімділікті қамтидыү кіреді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ТШО-ның нәтижелерге қол жеткізу жолындағы әрекеттерін анықтайды”
2020 жылы ТШО қауіпсіз түрде 26,5 млн тонна шикі мұнай өндірді және отандық тауарлар мен қызметтердің жетекші сатып алушысы болып, ұлттық экономикаға зор үлес қосты.
Нарықтағы қиын жағдайлар мен пандемияға қарамастан, ТШО экологиялық жобаларға, қазақстандық қамту мен әлеуметтік бағдарламаларға инвестиция салуды жалғастырды, олар өз кезегінде коронавирус пандемиясы кезінде қоғамдастыққа қолдау көрсетіп, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуды, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және азаматтардың экономикалық тұрақтылығын дамытуды қамтамасыз етті.
Есепте көрсетілген басты деректер :
Қоршаған ортаны қорғау
2000 жылдан бері ТШО Теңіз кен орнының қоршаған ортаға тигізер әсерін азайту жобаларына 3,1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Бұл газды кәдеге жарату үлесін 99%-ға , ал суды қайта пайдалану көлемін 48,2%-ға жеткізуге мүмкіндік берді. Ең озық қолжетімді технологияларды қолданысқа енгізудің арқасында ағын суларды тазарту жетілдірілді және тастау қысқартылды, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз түрде қайта өңдеу жүзеге асырылуда.
Қызметкерлер мен қоғамдастықты қорғау
2020 жылы ТШО жаһандық пандемия кезеңінде жергілікті қоғамдастықты қолдау мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді. Есепті кезеңде жалпы құны4,5 млрд теңгені құрайтын медициналық жабдықтар, шығыс материалдары мен жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ), оның ішінде 648 000-нан астам ЖҚҚ, 56 оттегі концентраторы, 252 дана медициналық жабдық, 20 ӨЖЖ аппараты және коронавирус инфекциясын анықтауға арналған 4 ПТРаспабы сатып алынды. ТШО мердігерлерімен бірлесіп, Теңіз кен орнына жақын Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 200 төсектік көп бейінді медициналық кешен салуға қаражат жинау және құрылысын жүргізуге бастамашы болды.
Қазақстандық қамтуды қолдау
Өткен жылы да ТШО жергілікті жабдықтаушыларға 3,5 миллиард доллар жұмсап, отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуда алдыңғы қатадан көрінді. Оның 2,4 миллиард доллары Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аясында жұмсалды. Бұндай жетістік ТШО қызметкерлері арасындағы Қазақстан азаматтарының үлесін 92%-ға жеткізумен қатар жүрді.
Өзіміз жұмыс істейтін жергілікті қоғамдастыққа инвестиция салу
1993 жылдан бері ТШО Атырау облысының тұрғындары мен ТШО қызметкерлері үшін түрлі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға 2,1 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Тек 2020 жылдың өзінде компания «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Доссорда 280 орындық балабақша, Атырау энергетика және құрылыс колледжі үшін 100 орындық студенттік жатақхана, Атырау қаласында Тутұғыр ұлттық монументі құрылысы мен Құлсарыдағы Құрсай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарын аяқтап, 25 миллион доллар қаражат жұмсады. Сонымен қатар, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Атырау және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау, білім беру салаларының сапасы мен қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 18 жобаға 2,2 миллион доллардан астам қаражат бөлінді.
###
«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС – мұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.