Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
«Теңізшевройл» кәсіпорнының Келешек кеңею жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды арттыру жобасы Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықтарды арттырудың келесі сатысы болып табылады. Республикалық маңызға ие осы жобаны жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасына едәуір тиімділіктер қамтамасыз етілмек. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны жүзеге асырудың арқасында мұнай өндіру қуаттылығы жылына 12 миллион тоннаға дейін артады деп болжануда. Нәтижесінде ТШО-ның жалпы мұнай өндіру көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны құрайтын болады.
2016 жылы шілдеде «Теңізшевройл» ЖШС серіктестері ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны қаржыландыру жөнінде түбегейлі шешім қабылдады. Ол өз кезегінде серіктестіріміздің Қазақстан Республикасының қазіргі және келешек ұрпағының игілігі үшін ТШО өндірісін тұрақты әрі сенімді түрде дамытуға қолдау көрсететін ұстанымын тағы да бір рет айқындап берді.
Қазақстандық қамту ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның айнымас бір бөлігін құрайды. ҚҚ бойынша мақсатты көрсеткіш жоба бойынша жалпы шығындардың 32%-ын құрайды. Жоба тауар мен қызмет ұсынатын жергілікті жабдықтаушыларға ұзақ мерзімді мүмкіндіктер беріп, жаңа өндірістік қуаттылықтар түрінде мұра қалыптастырмақ. ТШО 2013 жылдан бері жергілікті және шетелдік компаниялармен өзара ықпалдасуға және ықтимал серіктестік қарым-қатынас орнатуға арналған платформаны ұсынатын, сондай-ақ жоба бойынша толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік беретін бірқатар құрылыс компанияларының форумын және жабдықтаушылар форумын өткізіп келді.
ККЖ-ҰЕҚБЖ – әлемнің түкпір-түкпірінде жүзеге асып жатқан ғаламдық жоба. Оны орындау орталықтары 11 мемлекеттің әртүрлі 19 аумағында орналасқан.
Жоба бойынша инженерлік-техникалық жұмыстар Фарнборо, Атырау, Алматы, Нью-Дели және Хьюстон қалаларында атқарылуда. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның өндірістік нысандары модульдер арқылы салынады. Аталмыш модульдер Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалуда. Маңғыстау облысының «ЕРСАЙ» өндірістік алаңында құрама модуль эстакадалары жасалып жатыр. Италиядағы өндірістік жұмыстардың көлеміне газтурбиндік генераторлардың модульдерін жасау кіреді. Оңтүстік Кореяда болса, құрастырмалы технологиялық модуль блоктары жасалуда.
Дайын модульдер шетелдік өндірістік алаңдардан жүк тиеп жөнелту базаларына жеткізіліп, ол жерден әрі қарай тасымалданады. Аталмыш модульдер Ресей Федерациясының ішкі су жолдары жүйесі арқылы Каспий теңізіне жеткізіліп, әрі қарай Қазақстанның Прорва түбегінде орналасқан жүк түсіру терминалына, яғни белгіленген жеріне жөнелтілмек.
Модульдерді шетелдік өндірістік алаңдардан Қара теңіз/Балтық теңізіндегі базаларға жалға алынған ірі жүк тасымалдау кемелері тасымалдайды. Вьетнам мен Румынияда модульдер мен құрама модуль эстакадаларын жеткізетін 20 кеме салынып жатыр. Бұған қоса, Каспий теңізі арқылы модульдерді жеткізуге арнайы салынған буксирлер қолданылады.
ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде жаңа жүк тасымалдау бағдары салынуда. Бұл нысан Ресей Федерациясының ішкі су жолдары жүйесі арқылы шетелдік өндірістік алаңдардан жеткізілетін модульдерді түсіріп, Теңіз кен орнына әрі қарай жөнелтуге арналған. Модульдер Провадағы терминалдан Теңіз кен орнына қарай жаңа ауыр жүк тасымалдау жолы арқылы жеткізіледі.
Теңіз кен орнында инфрқұрылым мен өндірістік нысандардың құрылысы толық қарқынмен жүргізілуде. ТШО жаңа «Өркен» кентін салып жатыр. Оның мағынасы «гүлдену мен өркендеуді» білдіреді. Аталмыш кентте 5000-ға жуық адам тұрады.
Теңіз кен орнындағы жинау жүйесін едәуір кеңейту мен жаңарту аясында, тиісті топталған өлшеу қондырғысы және құбыр желісімен бірге, жаңа шоғырланған өндіру және газ айдау ұңғылары пайда болады. Электр тарату жүйесінің инфрақұрылымы электр өндіретін жаңа және қолданыстағы нысандардың арасын байланыстыратын дәнекері болмақ. Оның құрамына кіші станциялар, әуе электр желілері мен электр тарату құрылғылары кіреді. Үшінші буын зауыты негізгі өңдіріс нысандарын, энергоқұралдар жүйесін, электр қуатын өндіру жүйесін, қышқыл суды тазарту қондырғысын, құбыр эстакадаларын, алау оты мен көмірсутектерді дренаждау жүйелерін қамтиды. Сонымен қатар, осы нысанның құрамында қолданыстағы нысандардың кіреберісіндегі қысымды көтеруге арналған қысымды көтеру жүйесі болады. ККЖ-ны пайдалану кезінде күкірт өндіру қарастырылмаған. Құрамында күкіртті сутегі бар ілеспе газ қойнауқаттың мұнай бергіштігін арттыру мақсатында оған кері айдалады. Шикі газ айдаудың үшінші буын нысаны айдау компрессорларының алаңдарын, тиісті энергоқұралдарды және құбыр эстакадаларын қамтымақ.
ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберінде оқыту-даярлаудан өткен білікті мамандар, жаңа нысандар, технология трансферті мен жаңартылған инфрақұрылым түрінде мұра қалыптаспақ. Бұл еліміздің өскелең ұрпағын әлемдік дәрежедегі көмірсутекті ресурстармен қамтамасыз ететін, Қазақстан үшін жалпыұлттық маңызға ие елеулі жоба.