Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Қыркүйектің 10-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары, «KPI Inc.» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Тиесов және «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры Кевин Лайон Қарабатандағы полипропилен өндіретін зауытқа Теңіз кен орнынан пропан жеткізу туралы келісімшартқа отырды. Келісімшартқа қол қою рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Chevron корпорациясының Еуразиялық бизнес бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц қатысты.
Қол қойылған құжатқа сәйкес «Теңізшевройл» ЖШС полипропилен өндіретін зауытқа шикізат жеткізіп тұрады. Оның көлемі жыл сайын 550 мың тонна пропан фракциясын құрайды. Ал газ жеткізу теміржол арқылы жүзеге асырылады. Зауытта шикізат пропанды сутексіздендіру қондырғысында пропилен шығара отырып өңделеді, одан кейін полимеризациялау қондырғысында дайын өнім – түйіршіктелген полипропилен алынады.
– Теңіз кен орнынан пропан алу – бұл ел экономикасы үшін маңызды жобаны іске асырудың басты мәселесі. Биылдың өзінде салынып жатқан газ-химиялық кешен шикізаттың алғашқы партиясын қабылдап алады. Заманауи зауыттың құрылысы аяқталуға жақын қалды. 2022 жылдың бірінші тоқсанында біз іске қосу мен реттеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. ҚМГ және ТШО компаниялары он жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. Бүгін қол қойылған құжат ұзақ мерзімді әрі тұрақты серіктестігімізді одан әрі жалғастыратынымыздың айқын дәлелі болып табылады, – деп атап өтті Алик Айдарбаев.
- Бұл Қазақстан мұнай-химия саласын қолдау жөніндегі біздің бірлескен күш-жігерімізді нығайта түсетін ТШО мен ҚМГ арасындағы серіктестіктің маңызды кезеңі. Біз, ТШО компаниясының қызметкерлері, Қазақстанның мұнай-химия саласы болашағының жарқын болатынына сенімдіміз. Елдің өндірістік және экономикалық дамуына одан әрі ықпал ететін жобалар бойынша Энергетика министрлігі және ҚМГ-мен тығыз ынтымақтастықта жұмысымызды жалғастыратын боламыз, – деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.
Полипропилен өндіретін зауыт Қазақстандағы толығымен цифрланған алғашқы кәсіпорын болуға тиісті. Бұл зауыттағы барлық процесті Атырау қаласынан қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Барлық физикалық жұмысты роботтар атқарады, ал процесті «ақылды» цифрлық бейнебақылау арқылы операторлар басқаратын болады.
Бұған қоса кәсіпорында су үнемдеу технологияларының пайдаланылатынын атап өткен жөн. Зауытта суды салқындатудың тұйық циклы қолдынылады. Яғни, барлық ағын су тазартудан өтіп, зауытқа тұзсыздандырылған, минералсыздандырылған, өртке қарсы пайдаланылатын су түрінде қайтарылады. Бұл жалпы суды пайдалану көлемін едәуір азайтады.