Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына келген сапарында Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ- ҰЕҚБЖ) жүзеге асу барысымен танысты.
Бүгінгі таңда жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының 85% аяқталды.
ТШО үстіміздегі жылдың өткен алты айында 1,7 млрд АҚШ долларына қазақстандық компаниялардан тауарлар және қызмет түрлерін сатып алды, оның ішінде 1,2 млрд АҚШ доллары Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы шеңберінде жұмсалды. Жоба басталғаннан бері бұл көрсеткіш 11,9 млрд АҚШ долларына жетті.
ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны іске қосу – Теңіз кенішіндегі мұнай өндірісін жылына 12 млн. тоннаға арттырып, жылдық өндірісті 39 млн. тоннаға жеткізеді.
ККЖ-ҰЕҚБЖ жаңа нысандарды пайдалануға беру кезінде жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Өндірісті басқарудың озық үлгідегі біріккен орталығын ашу, сондай-ақ, жақында іске қосылған өндірістік мәліметтерді толық оңтайландыруды көздейтін «виртуалды зауыттың» мүмкіндігін кеңейту жоспарланған. Министр жобаның ұлтық экономика үшін маңызды екендігін өтіп, ТШО-ға қазақстандық қызмет түрлері мен тауарларды пайдалану ауқымын ұлғайтуды тапсырды.
«ТШО жобалары жылдар бойы еліміздің экономикалық дамуына оң ықпалын тигізуде. Әңгіме тек отандық кәсіпкерлікті дамыту туралы емес.ТШО жобаларының арқасында технологиялар трансферті жүзеге асуда, мамандардың біліктілігі артуда және аймақтың инфрақұрылымы жаңғыртылуда», - деп атап көрсетті М. Мырзағалиев.
Сапар барысында министр нысандардағы жұмыс жағдайларымен де танысты. Мағзұм Мырзағалиев пандемия кезіндегі компания жұмысын жоғары бағалап, Теңіз кенішінде дер кезінде қолға алынған сақтық шараларының арқасында Екінші буын зауыты(ЕБЖ) - Шикі газ айдау(ШГА)нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарлы мерзімнен төрт күн бұрын сәтті аяқталғанын атап өтті.
Күрделі жөндеу кезінде 6400-ден аса қызметкер жалпы саны 1,4 миллион адам-сағатты ойдағыдай атқарды. Түрлі инжинирингтік бағыттан бастап, компрессорлар мен турбиналарды жөндеу және ауыстыру жұмыстарын қамтитын отыз алты (36) қазақстандық компания қызмет көрсетті.
«Біз вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыру, өндіріс процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету және ККЖ-ҰЕҚБ жобасы шеңберіндегі жұмыстарды қауіпсіз орындауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің ТШО өндірісіне көрсеткен қолдауын жоғары бағалаймыз.Сіздің Теңізге сапарыңызды пайдаланып, кеніште жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың таланты мен жоғары біліктілігінкөрсетуге мүмкіндік болғаны үшін қуаныштымын»,- деді ТШО-ның бас директоры Кевин Лайон.
Бас директоры сондай -ақ қабылданған сақтық шаралары мен екпе алудың жоғары деңгейі негізгі өндірістің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз еткеніне тоқталды. Бүгінгі таңда Теңізде еңбек ететін 70 000-нанаса қызметкер толық екпе алды. Бұл - барлық еңбек күшінің 90% -ы.