Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
2021 жылдың 9 желтоқсаны, АТЫРАУ – «Теңізшевройл» (ТШО) өзінің 28 жылдық тарихында маңызды кезең-500 миллион тоннадан (4 миллиард баррель) астам шикі мұнай өндіріп, айтулы межеге қол жеткізді.
ТШО бас директоры Кевин Лайон:«ТШО-ның бұл табысы Қазақстан Республикасы үкіметінің, акционерлеріміздің, өзіміз еңбек етіп жатқан аймақтың қауымдастығы мен өз ісіне берілген талантты қызметкерлеріміздің ұдайы қолдауынсыз мүмкін болмас еді.ТШО-ның Қазақстанмен серіктестігі бірлескен жұмыс нәтижесінде ғана ғаламат жетістікке жетудің жарқын мысалы болып табылады», - деп атап өтті.
ТШО құрылған күннен бастап, өнім өндіруде өндірістің қауіпсіздігі мен сенімділігіне үздіксіз ден қоюдың, сондай-ақ активтерге тұрақты инвестиция салудың және Қазақстан үшін ең жаңа технологияларды қолданудың арқасында бірнеше маңызды кезеңге қол жеткізді. Өз қызметінің алғашқы жылында, яғни 1993 жылы шамамен 1 миллион тонна мұнай өндірді. Ал, 2020 жылдың соңына қарай жылдық өнім өндіру көлемі 26,5 миллион тоннаға дейін өсті, бұл Қазақстан Республикасындағы жалпы шикі мұнай өндіру көлемінің шамамен 35 пайызы.
Бас директордың орынбасары Айбек Қрамбаев:«ТШО-ның дамуы Қазақстанның әлемдік мұнай өндірісінде ірі өндірісшілер қатарынан табылып, әлемдік аренадағы басты ойыншы болуына ықпал етті. Біз технологиялық тұрғыда әлемдегі ең күрделі кенішіті ашып, жайғастырудағы Теңізді алғаш ашушылардың баға жетпес еңбегіне әркез шексіз алғысымызды арнаймыз.Олар Қазақстанның болашақ ұрпағы үшін берік іргетас қаладыі», - деді.
Осы күнге дейін кәсіпорын қызметінің нәтижелері ел экономикасының дамуына қазақстандық ұйымдарға 158 млрд АҚШ долларынан астам тікелей төлем және жергілікті тауарлар мен қызмет түрлеріне 39,3 миллиардтан астам АҚШ долларын салу арқылы ықпал етті.
Кәсіпорын өз қызметінің 28 жылында күллі Қазақстан бойынша 310 мыңдай жұмыс орнын ашты. ТШО кейбірі кәсіпорын құрылған кезде болмаған бұрғылау, өндірістік операциялар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы және басқа да салалардағы жергілікті қызметкерлердің дағдыларын дамытуға тұрақты түрде, ұдайы инвестиция салумен келеді.
ТШО 2000 жылдан бері қоршаған ортаны қорғау шараларына 3 миллиард АҚШ долларынан астам, оның ішінде парникті газды қоса алғанда, жалпы шығарындыларды азайту жобаларына 1,5 миллиард доллар көлемінде қаражат салды.Осы кезеңде атмосфераға жіберілетін шығарындылардың жалпы қарқынғы 71 пайызға төмендеді. 2017 жылдан бері алауда газ жағу көлемі 67,8 пайызға қысқарды.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы(ҰЕҚБЖ) қазақстандық және халықаралық компаниялар арасындағы серіктестік және аймақтағы инфрақұрылымды жаңғырту негізінде кәсіби тұрғыда дайындалған маман кадрлар, жаңа өндірістік нысандар, технологиялық ауысым түрінде мұра қалдырады.
«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС-і шикі мұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысады. ТШО жаңа технологияларды қолданады және жұмыстардың барлығын қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС-нің бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жобасы. ККЖ жобасын жүзеге асыру Теңіз кенішіндегі шикі мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға арттырады, бұл шамамен жылына 39 миллион тонна. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.