Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
2022 жыл, 27 қазан, АТЫРАУ – Атырауда «Теңізшевройл» (ТШО) және Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компанияларының ұйымдастыруымен «Энергетика саласындағы әйелдер қауымы: жаңа көкжиектерді бағындыру» форумы болып өтті.
Форумның негізгі мақсаты әдетте ерлердің саласы болып саналатын мұнай-газ өнеркәсібіндегі гендерлік әртүрлілік пен инклюзивтікті алға бастыру, сондай-ақ, әйелдердің басшылық қызметке қадам басуына және өз мақсаттарына жетуіне көбірек мүмкіндік беретін идеялар мен компания бастамаларымен бөлісу болды. Көптеген зерттеулер мен статистика мәліметтері әралуандылық пен инклюзияға басымдық беретін жұмыс орындары қауіпсіз, үйлесімді және өнімді жұмыс ортасын қамтамасыз ететінін, нәтижесінде анағұрлым тиімді компания қалыптастыратыны дәлелдеді.
Форум барысында мамандар Қазақстанның энергетика саласындағы басшылық қызметтерге әйелдерді жоғарылату үшін не қажет екеніне тоқталды. Әлі де қандай кедергі бар, олар нақты ма, әлде жалған ба?
ТШО қызметкерлерінің 30%-ы әйелдер, тіпті, басшылық қызметтің 30 %-ы солардың еншісінде, аса маңызды салаларға жауап береді. Тұтастай алғанда, кәсіпшілік нысандарынан бастап газ айдауға дейін, нысандарды жобалаудан маркетинг пен тасымалдауға дейін әйелдер бизнестің өндірістік, технологиялық, ғылыми және инженерлік бағыттарында маңызды рөл атқаруда. 2011жылмен салыстырғанда орта буын басшылықтағы әйелдердің үлесі 7%-ға артты.
Қазіргі уақытта НКОК-дағы 3000-ға жуық қызметкердің шамамен 30%-ын әйелдер құрап отыр. Олардың жартысына жуығы компанияның табысы жолында ерлермен қатар еңбек етіп жүрген техникалық білімі бар кәсіби мамандар.
Форум барысында мемлекеттік органдардың өкілдері, НКОК пен ТШО-ның топ-менеджменті, мұнай-газ саласындағы басшы әйелдер мен онлайн режимінде қосылған арнайы қонақтар әйелдердің кәсіби тұрғыда дамуы мен тұлғалық өсуі, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мансаптық және гендерлік рөлдерді теңестіру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, жалақыдағы айырмашылық пен қызмет бабында өсуге қатысты және басқа да мәселелерді талқылады.
ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов: «Мен әйелдердің осынау қарқынды сектордан өз орнын алуына мүмкіндік беруді осы бағытта жалғастыру керек деп санаймын. Сонымен қатар, өз ұйымым мен серіктес компаниялардағы әйелдерге бірдей деңгейде қолдау көрсетілетінін мақтан тұтамын. Әйелдердің қауіпсіз, сенімді және қолжетімді энергиямен қамтамасыз етумен ғана шектеліп қоймай, Қазақстанның энергетикалық секторын дамытудағы рөлі одан әрі арта түсетініне сенімдімін» деп атап өтті.
НКОК-тың басқарушы директоры Оливье Лазардың айтуынша: «Саланың одан әрі ілгерілеуі үшін, бізге баршамыздың, ерлер мен әйелдердің бірлесе отырып, тұрақты дамуға үлес қосқаны керек.Гендерлік тепе-теңдік-бұл тек жақсы ұйымдастырылған тәжірибе ғана емес, ол пікір алуандығын, тәжірибедегі, білім мен идеядағы және көзқарастағы әртүрлілікті қолдау. НКОК әр қызметкерінің ойы ескерілетін ұйым болуды көздейді және де біз жан-жақты және инклюзивті ұйым болу жолындамыз».
Форум өзін тәжірибе алмасу, кең ауқымда іскерлік серіктестік орнату және мұнай-газ және энергетика салаларындағы әйелдердің мансаптық өсуіне ықпал ететін таланттар мен дағдыларды дамытуға көмектесетін тиімді алаң ретінде көрсетті.