Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
21 желтоқсанда Құлсары қаласында үкіметтік емес ұйымдар әкімдік өкілдерімен, тұрғындармен, бенефициарлармен, сондай-ақ жоба демеушілерімен кездесу өткізді. Олар Теңізшевройл компаниясының 2022 жылға арналған Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы - ТШО-ның «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасымен қатар Атырау облысында, оның ішінде Жылыой ауданында жүзеге асырылып жатырған ерікті бағдарламалардың бірі болып табылады. Бағдарлама 2010 жылы басталған болатын. Сол уақыттан бері қорытынды кездесулер жыл сайынғы дәстүрге айналды. Бұл кездесулерде ҮЕҰ жұртшылық алдында сөз сөйлеп, өздерінің жетістіктері туралы айтып, тәжірибелерін, сәтсіздіктерін ортаға салады. Сондай-ақ іс-шараның қонақтары – басқа ҮЕҰ-мен өз тәжірибелерімен бөліседі.
Биыл есеп беру кездесуі өз форматын өзгертіп, өзінің географиясы мен аудиториясын кеңейтті. Осылай биыл екі іс-шара өткізіледі деп шешілді: біреуі Құлсары қаласында Жылыой ауданының тұрғындарына арналады, ал екіншісі 23 желтоқсанда Атырауда ашық фестиваль форматында өткізілетін болды. Сондай-ақ іс-шара әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының бенефициарлары мен қатысушыларының шығармашылық қойылымдарымен сүйемелденді.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров өзінің құттықтау сөзінде әрбір ҮЕҰ атқарған жұмыстарға тоқталып, алғысын білдірді. «ТШО сияқты ірі компания өмірдің әр саласын жақсартуға бағытталған Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын жүзеге асыруда, бізді 14 жобаның 10-ы Жылыой ауданында іске асып жатқаны қуантады. Бұл жобалар тек Құлсарыны ғана емес, оған қоса ауданымыздың шалғай ауылдарын да қамтыды – бұл ауылдарда 25-тен астам шағын жоба жүзеге асырылды. ҮЕҰ қызметі барлық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде белсенді түрде көрсетілді, олардың қандай үлкен жұмыс атқарғанын бәріміз білеміз. Өткен жылы Құлсары қаласының тұрғыны ӘИБ аясында «Алғыр» жобасы бойынша оқу оқып, өз жобасын ашуы тамаша нәтиже екенін атап өткім келеді. Тұрғындарымыз бен ҮЕҰ белсенділік танытып, келесі жылы ауданымызда осындай жобалар көбейе берсін деп айтқым келеді».
Құлсарыда қала тұрғындарының өміріне тікелей әсер етіп, араласатын жобалардың өкілдері сөз сөйледі. Соның бірі – Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асырып жатқан көпшіліктің көңілінен шыққан «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы. Ауылдар мен қалалардың тұрғындары демалыс орындарын, балалар мен спорт алаңдарын өз қолдарымен жасап, көшелерді жарықтандырады, яғни бір сөзбен айтқанда, өз ауылындарын өздері көркейтуде. Әрбір жобаға 3,5 миллион теңге бөлінеді. Ал осы жылы Жылыой ауданында 8 мыңнан астам адамға өз игілігін көрсетіп отырған 27 шағын жоба жүзеге асырылды. Ал бұл жобаның географиясы Маңғыстау облысының Боранқұл ауылын да қамтиды. Ауылда 5 жоба жүзеге асырылды.
«Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының ерекшелігі сол, ҮЕҰ өкілдері болып табылатын жұртшылық қай саланы жетілдіру керек екендігін біліп, жүзеге асыруға жобаларды өздері ұсынады. ҮЕҰ - серіктестеріміздің атқарып жүрген жұмыстары әртүрлі жастағы, жыныстағы және әлеуметтік мәртебедегі жүздеген мың адамдарға әсер етеді», - деді өз сөзінде ТШО-ның Үкімет және қоғаммен байланыс бөлімінің Бас менеджері Дәрмен Аронов.
Барлық жобалар жөнінде толық ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп, біле аласыз: https://tcocip.kz/
Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы мерзім ішінде облыс бойынша жалпы сомасы 13,4 миллион АҚШ доллары болатын 108 жоба жүзеге асырылып, 60 жоба қай жағынан болса да Жылыой өңірінің дамуына өз әсерін тигізді.
Жылыой ауданында ӘИБ-нан бөлек, «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы да жүзеге асырылуда екендігін атап өту қажет. Осы бағдарлама аясында биыл 3000 орындық орталық стадионның салтанатты ашылуы өтті. Құлсары қаласындағы орталық аудандық аурухананың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар Құлсары қаласындағы Береке ықшам ауданында 600 орындық орта мектептің құрылысы жоспарланған.
Оған қоса 2018 жылдан бастап ТШО-ның қаржылай қолдауымен Жылыой ауданында 40 жұпқа ЭКО жасату мүмкіндігі берілді. Компания аға буын өкілдеріне де өз ықыласын көрсетуде: осы жылдың қараша айынан келесі жылдың сәуір айына дейін облыстың 100 зейнеткері мен еңбек ардагері, олардың жартысы Жылыой ауданының тұрғындары, Атырау шипажайында сауықтыру курсынан өте алатын болады.
Компанияның еріктілері халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға қайырымдылық акциялары мен бағдарламаларыүнемі өз қолдауларын көрсетеді. Бұл Жылыой ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалардың аз ғана бөлігі, себебі компания қызметкерлері тұрып жатырған және жұмыс істейтін өңірдің әл-ауқаты Теңізшевройлдың негізгі маңызды бағыттарының бірі болып табылады.