Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
2023 жылы 1 маусымда «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы – «KMG PetroChem» ЖШС (KMG PetroChem) «Газ бөлу кешені» (ГБК) жобасын іске асыру үшін қажетті келісімдердің Негізгі шарттарына (Негізгі шарттар) қол қойды.
Газ бөлу кешені құрылысын Теңіз кен орнының аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр. ГБК – полиэтилен өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны (Полиэтилен жобасы) шикізатпен (этанмен) қамтамасыз етуге арналған инфрақұрылымды объект.
Негізгі шарттар ГБК жобасын іске асырудың базалық параметрлерін, ТШО-ның KMG PetroChem компаниясына құрғақ газды жеткізуі мен техникалық қызмет көрсету бойынша алдын ала шарттарды және объектіні салу мен пайдалану кезеңінде үйлестіру бойынша басқа да мәселелерді бекітеді. Бұл іс-әрекеттердің барлығы Қазақстан Республикасының елде мұнай-химия саласын дамыту жөніндегі жоспарын қолдауға бағытталған.
«Бүгін аталған құжатқа қол қою арқылы біз жоғары сапалы полиэтилен өндіретін ауқымды кешенді жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар «ҚазМұнайГаздың» бизнесті әртараптандыру және қолда бар көмірсутек шикізаты негізінде өндірілетін өнімдер портфелін кеңейту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сай келеді»,- деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
«ТШО Қазақстан Республикасының елдегі индустрия мен экономиканың одан әрі дамуына серпін беретін мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жоспарларына белсенді қолдау білдіруді жалғастырады»,- деп атап өтті ТШО Бас директоры Кевин Лайон.
«Негізгі шарттарға қол қою – ГБК жобасын іске асыру үшін аса маңызды қадам. Қазір біз Газ бөлу кешенін салу мен пайдалану кезеңінде өзара іс-қимыл жасау мен жауапкершілікті бөлісудің негізін қаладық»,- деп атап өтті KMG PetroChem Басқарма төрағасы Дастан Абдулғафаров.
«Теңізшевройл» ЖШС – мұнай, сұйытылған көмірсутек газдары, құрғақ газ және күкіртті игеру, өндіру және сатумен айналысатын қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестік. ТШО өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізеді. 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы ТШО-ны құру туралы келісімге келді. Серіктестік үлескерлері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20 %, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «Лукойл» – 5 %.
«KMG PetroChem» ЖШС (бұрынғы «KLPE» ЖШС) – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100 % еншілес кәсіпорны. Кәсіпорын ҚМГ тобында мұнай-газ химиясы (МГХ) саласындағы жобаларды іске асырып, үйлестіреді. «КМG PetroChem» жобаланып отырған полиэтилен зауыты мен газ бөлу кешеніне, сондай-ақ МГХ саласындағы басқа да жобаларға жауапты.