Мекеме

Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.

Кеніш

«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.

barrels

Теңіз кеніші

3,1 млрд тонна

(25 млрд баррель)

barrels

Королев кеніші

200 млн тонна

(1,6 млрд баррель)

Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.

Өнімнің өндірісі және сатылымы:

oil-2

21,4 млн

Шикі мұнай
(тонна)

oil-industry

951 мың

Сұйытылған газ
(тонна)

Dry Gasr

575 млн

Құрғақ газ
(м3)

Sulfur

2 млн

Күкірт
(тонна)

Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:

exchange

Тікелей төлемдер

8,4 млрд

(АҚШ долл.)

exchange

1993 ж. бергі жалпы төлемдер

198 млрд

(АҚШ долл.)

Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.

1979

1985

1985

1986

1991

1993

1993/98

1997

1999

2001

2001/08

2006/08

2008

2009

2009/12

2011

2012

2013

2013

2015

2016

2017

2018

2019

2019

2020

2020/21

2021

2021

2022

Теңіз кенішінің ашылуы

image1

Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы Қазақстанның батыс аймағында ашылды. 1979 жылдың 18 желтоқсанында осы алаңдағы бірінші ұңғыдан 4045 – 4095 метрлік тереңдікте орналасқан тұз қабаты астындағы қыртыстан мұнай алынды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басынан ортасына дейін кеніш территориясында бұрғылау жұмыстары белсенді жүргізілді. 100-ден аса ұңғы бұрғыланды.

«Тенгизнефтегаз» құрылды

1985 жылдың ақпанында алып кен орнын игеру мақсатында «Тенгизнефтегаз» өндірістік бірлестігі құрылды.

Т-37 ұңғысында орын алған апаттық жағдай

image2     

1985-ші жылдың маусымында Т-37 ұңғысының фонтанынан өрт шықты. Бұл өрт 400 күнге созылып, ол 'Камерон' компаниясының мамандарының көмегімен сөндірілді.

Теңізде құрылыс жұмыстарының басталуы

1986 жылдың басында мұнай өнеркәсібінің нысандарында құрылыс жұмыстары белсенді басталды, ал көктемнің келісімен – зауыт комплексінің нысандарында. Теңізге Батыс Германия, Франция, Канада және Венгр Халық Республикасының мамандары мен құрылысшылары келді. Отандық мұнай институттарының немістің «Лурги», канадалық «Лавалин» және американдық «Литвин» компанияларымен бірлесе отырып дайындаған жобасы бойынша «Ведепсьер» венгр компаниясы Теңіз газ өңдеу зауытының маңызды бөлшегі кешендік технологиялық желілер КТЖ-1 және КТЖ-2 салды.

Теңіз мұнай-газ кешенінің қосылуы

1991 жылдың 6 ақпанында инженер Борис Васильев пен оператор Абдулхамит Артығалиев және Ғафурин Әубәкіров Т-8 ұңғысын іске қосты. Күкірттік сутектен және қоспалардан тазарту үшін шикі мұнай зауыт кешеніне жіберілді. Теңіз мұнай-газ кешені іске қосылды.

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының құрылуы

image31993 жылдың 6 сәуірінде Алматы қаласында Теңіз кенішін игеру бойынша бірлескен қазақстан-американ кәсіпорнының құрылуы жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. Келісім-шартқа ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен американдық «Шеврон» мұнай корпорациясының басшысы Кеннет Дерр қол қойды. Құрылған бірлескен кәсіпорын «Теңізшевройл» деген атқа ие болды.

ТШО-ның бағдарламасы «Атырау Бонус Қоры»

«Атырау Бонус Қоры» деп аталатын бесжылдық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы жүзеге асырыла басталды, оның бюджеті 50 млн.АҚШ долларын құрады. Атырауда қалалық қазандыққа дейін автоматтандырылған қазандық және Редут ауылынан қала және оған жақын орналасқан елді мекендерді газбен қамтуға жеткілікті қуаты бар табиғи газ құбырының құрылысы басталды. «Атырау Бонус Қоры» бағдарламасы аясында нан зауытының құрылысы жүргізілді, Атырау облыстық ауруханасын жөндеу және қайта жарақтандыру жұмыстары аяқталды. Құлсарыда жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы, ал Атырау қаласында жаңа медициналық аппараттармен жабдықталған диагностикалық орталық салынды.

Мұнай кешен алғашқы рет жаңарту

1997 жылы Теңізде алғашқы ірі мұнай кешенін жаңарту аяқталды – Debottlnecking – «Тар жерлерді кеңейту» жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба жылдық мұнай өндіру көлемін 7 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Дәл осы жылы өндірістік қуатты одан әрі арттыру бойынша «Бесінші желі» және «Бағдарлама-12» жобалары жүзеге асты. 2001 жылы мұнай өндіру көлемі 12 миллион тоннаға өсті.

«Игілік» әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының басталуы

Жаңадан «Игілік» атты ерікті бағдарлама (қазақ тілінен - 'благо') іске қосылды. Осы бағдарлама аясында Атырау қаласындағы Орал өзені арқылы орталық көпірді қайта қалпына келтіруге 4 млн АҚШ доллары бөлінді. 2000 жылы бағдарлама бюджеті 5 миллион АҚШ долларын құрады.

КТК мұнай құбыры іске қосылды

image1

2001 жылдың басында Новороссийск Қара теңіз портының мұнай терминалдарына Теңіз мұнайын тасымалдау үшін КТК мұнай құбыры іске қосыды.

Екінші буын зауытының және Шикі газ айдау кешенінің құрылысының басталуы

2001 жылы Екінші буын зауыты және Шикі газ айдау (ЕБЗ/ШГА) жобалары бойынша жұмыстар басталды. Қазақстанда мұнай өнідірісі тарихындағы мұнай кешенінің қуатын арттыру бойынша ең ірі жобаны жүзеге асыру 2003 жылы басталып, 2008 жылы табысты аяқталды.

«Игілік» бағдарламасының жылдық бюджеті 12 миллион АҚШ долларын құрады

Екінші буын зауытын іске қосу

2008 жылдың 5 маусымында ЕБЗ/ШГА кешенін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. 'Екінші буын зауыты – ең ірі инновациялық жобалардың бірі. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны расында да еліміздің мұнай-газ саласындағы корпоративтік көшбасшы болып табылады. Бағасы 7 млрд АҚШ долларын құрайтын осы жоба қазіргі таңда ТМД елдеріндегі ең ірі жоба болып табылады. Оның қуаты Қазақстанға жылына 25 млн тонн мұнай өндіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоғары технологиялық жабдықты қолдану ауаға зиянды заттар шығарындылар көлемін азайтуға ықпал етті', - деді Елбасы.

Шикі газ өндіру көлемі 25 миллион тоннаға жетті

ЕБЗ/ШГА жобалық қуатына 2009 жылы қол жеткізгеннен бері ТШО-ның шикі газ өндіру көлемі 25 миллион тоннаға жетті, яғни кешеннің өндіріс қуаты екі есеге артты.

«Игілік» бағдарламасының бюджеті осы уақытқа дейін жылына 20 миллион АҚШ долларын құрады

'Игілік' бағдарламасын жүзеге асырудың жалпы мерзімінде Атырау облысындағы түрлі әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына 150 миллион АҚШ доллары бөлінді.

ТШО «Парыз» Гран-при сыйлығының иегері

image6

2011 жылы «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі «Парыз» республикалық байқауында Гран-при сыйлығына ие болды. Сыйлықты табыс ету рәсімі Астана қаласында өтті. Осы сыйлықты ТШО бас директоры Тим Миллерге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыс етті.

ТШО құрылғанынан бері 2 миллиард баррель шикі мұнай өндірілді

«Игілік» бағдарламасының жылдық бюджеті 25 млн АҚШ долларына дейін өсті

Бұған қоса, ТШО бірнеше марапат иесі атанды: Ұлттық салалық «Қорған» конкурсының «Мұнай-газ саласындағы жыл компаниясы» номинациясы бойынша; KAZENERGY 8-ші Еуразиялық форумының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсының лауреаты атанды. «ТШО жаңалықтары» корпоративтік газеті «Үздік корпоративтік БАҚ – ENERGY TRIBUNE, 2013 жыл» конкурсында үздік аймақтық корпоративтік басылым болып танылды.

ТШО 20-жылдық мерейтойын атап етті

Өткен 20 жыл ішінде ТШО-ның Атырау облысындағы әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларға жұмсаған қаражаты 800 миллион АҚШ долларынан асты, кәсіпорынның Қазақстан Республикасына жұмсаған тікелей төлемі 77 миллиард АҚШ долларынан асты.

Теңіз кенішіндегі күкірт алаңдары тазартылды

Қазан айының аяғында «Теңізшевройл» ЖШС сақталған күкірттің соңғы партиясының жөнелтілуі жөнінде Үкіметке ресми түрде мәлімдеді және осылайша өз мойнына алған міндеттемесін мерзімінен екі жылға ерте орындады.

ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны қаржыландыру жөніндегі соңғы шешімнің қабылдану жөнінде жариялануы

image7

2016 жылдың шілде айында ТШО Серіктестері ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны қаржыландыру жөніндегі соңғы шешімнің қабылданғанын жариялады. ТШО мен Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды болып табылатын бұл шешім кәсіпорынның біліктілігі жоғары, өз ісінің шын мәніндегі кәсіби шеберлері арқасында қабылданды.

1993 жылдан бері 3 миллиард баррель мұнай өндіру межесіне қол жеткізілді

ТШО 25-жылдық мерейтойын атап өтуде

image1

ККЖ-ҰЕҚБЖ құрылысының ең белсенді кезеңінде Теңіз кен орнында 90 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істеп жатыр.

Әкімдіктер мен «Теңізшевройл» компаниясы арасындағы келісім бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын кәсіптік оқыту бағдарламасы іске қосылып, жүзеге асырылды.

ККЖ-ҰЕҚБЖ соңғы құрастырмалы модульдік блоктары (ҚМБ) әрі қарай қайта құрастыру үшін Теңіз кен орнына қауіпсіз жеткізілді.

image13.c62c250

ТШО Атырау облысына медициналық құрал-жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуды қоса алғанда, COVID-19 індетіне қарсы күресте халықты қолдауға 18 миллион АҚШ долларынан (7,7 миллиард теңге) астам қаржы бөлді.

image13.c62c250

«Randstad Employer Brand Research» тәуелсіз халықаралық компаниясы «Теңізшевройл» мекемесін 2020 жылы Қазақстандағы ең үздік жұмыс беруші ретінде таныды

image13.c62c250

Теңізшевройл (ТШО) 1993 жылы бірлескен кәсіпорын құрылғаннан бері 500 миллион тоннадан (4 миллиард баррель) астам мұнай өндіріп, өзінің 28 жылдық тарихындағы тағы бір маңызды белеске қол жеткізді.

image13.c62c250

ТШО-ның барлық өндірістік қондырғыларын бір басқару орталығына және операциялық модельге біріктіретін заманауи нысан – Біріккен Өндіріс Басқару Орталығының (БӨБО) іске қосылуы.

image13.c62c250

Нәтижеге дұрыс жолмен жету

«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.

Құндылықтар

Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.

Жоғары көрсеткіштер

Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.

Адалдық пен сенім

Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.

Серіктестік

Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.

Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау

Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.

ТШО жаңалықтары

ТШО барлық жаңалықтары

Теңізшевройлдың қазақстандық компаниялармен жұмыс істеу тәсілі

шіл. 19, 2023, 09:50 AM by Raushan Naizabayeva
Бұл сұхбаттың кейіпкері – «Теңізшевройл» ЖШС бас директорыны...

Бұл сұхбаттың кейіпкері – «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүесінов. Оның балалық шағы қазақ мұнайының тарихи отаны болып саналатын Мақат ауданы, Доссор кентінде өтті.

—Көңілқош Аманжолұлы, Сіз Доссор кентінде туып өстіңіз, өміріңізді мұнай-газ саласымен байланыстыруыңызға туған жеріңіз себеп болды ма?

—Бала кезімізде біз үшін мұнай ұңғымалары ерекше нәрсе болмады, оларды дала көрінісіне тән нәрсе ретінде қабылдайтын болдық. Әкелеріміздің киіміне мұнайдың иісі сіңіп қалатын еді. Мен мұнайшылар әулетінен шыққанмын. Менің арғы атам Мұқан Сүйесінов – Ембідегі кен орындарын ашушылардың бірі, бұрғылаушы. Атам Дүйсен Сүйесінов соғысқа қатысқан батыр, өмір бойы партияда, шаруашылық органдарында қызметтер атқарған, Ембі мұнай өнеркәсібінің дамуына көп еңбек сіңірген. Соңғы жылдары Доссор мұнай кәсіпшілігі директорының орынбасары болды. Ал қазір мен, оның немересі, алып Теңіз кенішінен мұнай өндіретін ТШО компаниясының бас директорының орынбасарымын. Өзімді төртінші буын мұнайшысымын деуіме болады.

Бірақ бала кезімде өмірімді мұнай-газ саласымен байланыстыруды ойламадым. Театрда әртіс болуды армандап, доссорлық жігіттердің тек ұңғыма бұрғылау мен мұнай өндіруден де басқа жұмыстар жасай алатынын барлығына дәлелдегім келді.

Ата-анам менің білім алуыма қаржы салды, шынымды айтсам, олардың сенімін ақтауға тырыстым. Мектептен кейін АҚШ-тың Бостон университетіне оқуға түстім. Халықаралық тәжірибе алу мүмкіндігіне бірден жармастым: Францияда, Италияда және Нидерландыда жұмыс істедім. Туған жеріме оралған кезде өмірімнің мұнай-газ саласымен тығыз байланысты екенін анық түсіндім: Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) құрылысы мен кеңейтілуіне, Теңіз кен орнында Екінші Буын Зауытының құрылысына қатыстым, сонымен қатар мердігерлік ұйымдарда басшы болып жұмыс істедім. 2022 жылы «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалдым. ТШО-да мен бірнеше бөлімдерді, соның ішінде жергілікті қамтуды дамыту бөлімін басқарамын. Бұл бөлім ТШО-ға өз тауарлары мен қызметтерін ұсына алатын қазақстандық компанияларды іздеумен және дамытумен айналысады. Сондай-ақ олардың жалпы құзыреті мен әлеуетін арттыру – бұл «Теңізшевройлдың» жергілікті компаниялардың дамуына қосқан үлесі болып есептеледі.

—Қазақстандық бизнес өкілдері, тіпті жергілікті тұрғындар арасында ТШО-да тек «ағасы бар» таңдаулы компаниялар жұмыс істейді деген пікір қалыптасқан. Бұл рас па, әлде шағын және орта бизнестің тауар мен қызмет жеткізушілерінің біріне айналуға мүмкіндігі бар ма?

—- Барлық компаниялардың бізге тауарлар мен қызметтерді жеткізуші болуға мүмкіндігі бар екенін түсіндіруге рұқсат етіңіз. Ең бастысы, қойылған барлық критерийлерге сай болу. Дәл осы сәт компаниялар үшін басты кедергі болуы мүмкін. Мен ТШО-ның жеткізушілерден үлкен үміт күтетінін бірнеше рет естідім, бірақ біз бұл көрсеткішті төмендете алмаймыз, оның себебін түсіндіріп өтейін.

Қабат қысымының қалыптан тыс жоғары болуына байланысты Теңіз күрделі және қауіпті кен орны болып табылады. Сонымен қатар, ызғарлы климаттық жағдайлар бар. Біз өндіретін мұнайдың құрамында 14% күкіртсутектен тұратын шикі газ бар. Т-37 ұңғымасындағы қайғылы жағдай бәріміздің есімізде (1985 жылы ол жерде алапат өрт болды, оны 400 күннен кейін ғана сөндіре алды – В ескерту) және бұл оқиғаның қайталануын ешкім қаламайды.

Сондықтан компания жеткізушілеріне жоғары талаптар қояды, өйткені кен орнындағы мыңдаған жұмысшылардың өмірі олар ұсынатын материалдар мен қызметтерге байланысты. Ал қауіпсіз әрі кедергісіз жұмыс істеу – біздің басты ұстанымдарымыздың бірі. Мысалы, құбыр желісін өткізуге арналған қарапайым құбырды алайық. Материалдар мен қосылу тігістері халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек және энергияны соңғы нүктеге қауіпсіз жеткізу үшін жоғары қысымға, температураның өзгеруіне және т.б. қатысты барлық технологиялық талаптарға сай келуі керек. Сондықтан біз нарықта өзін танытқан атқарушы компаниялармен, өз саласының кәсіби мамандарымен ғана ынтымақтасуға тырысамыз. Біз бұл құбырларды қазақстандық жеткізушілерден сатып алатынымызды мақтанышпен айта аламын.

Дегенмен, бұл біз басқа компанияларға өсу мүмкіндігін бермейміз дегенді білдірмейді. Мен тікелей жетекшілік ететін бөлім болашақта тек ТШО-мен ғана емес, басқа да халықаралық компаниялармен ынтымақтаса алатындай жаңа қазақстандық кәсіпорындарды іздестірумен және оларды оқытумен айналысады. Осылайша, бізде қазақстандық жеткізушілердің құзыреттілігін арттыруға арналған бағдарламалардың екі түрі бар: бұл біздің ішкі тренингтеріміз, сессияларымыз және кездесулеріміз, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп өткізілетін сыртқы бағдарлама.

Бірақ 90-жылдардың басында, ТШО қызметінің ең басында бізге дәретхана қағазы, қағаз қыстырғыштары, тіпті ыдыс жуатын сұйықтықтар шотландиялық жеткізуші арқылы жеткізілді. Біздің облыста іс жүзінде жеке өндірістер болған жоқ, бірақ қызметке сұраныс жоғары болды. Ал, «Теңізшевройл» компаниясы бірінші кезекте Атырау облысында шағын және орта бизнестің дамуына үлкен серпін беріп, отандық тауар өндірушілердің және әртүрлі қызметтерді жеткізушілердің дамуына орасан зор үлес қосып, өндірістің жаңа мүмкіндіктерін ашты деп сеніммен айта аламын. ТШО-да 30 жыл ішінде тауарлар мен қызметтердің жергілікті жеткізушілерінің саны қарқынды өсуде, олардың біліктілігі айтарлықтай өсті және олар қазірдің өзінде бір-бірімен ғана емес, шетелдік мердігерлермен де бәсекеге түсуде. Бүгінгі күні біз өз миссиямызды жауапкершілікпен орындап, жергілікті жеткізушілерге көмектесіп, қолдап келеміз деп сеніммен айта аламыз.

Бірақ біз осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін көп жылдар тыңбай етіп келеміз. 90-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басында «Теңізшевройл» Атырау облысында шағын және орта бизнесті дамыту үшін қаржыландыру бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырды. Ол кезде көптеген кәсіпкерлерге жақсы көмек болды. Мысал ретінде сол кездегі Құлсарыдағы шағын полиграфияны келтіре аламын. Табандылығының арқасында қазір «Ақберен» өңірге өнімімен танылған ірі полиграфияға айналды. Біздің есебімізге сәйкес компания 30 жылдық қызметі ішінде жергілікті қамтуды дамытуға 44,6 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы бөлді.

—Бірақ шағын және орта бизнес өзін ТШО-ға қалай көрсете алады? Мұндай алпауыттың көзіне түсу өте қиын шығар. Сәйкесінше, белгілі бір компаниялардың мүддесіне ықпал ету жағдайлары бар ма?

—Әрине, мұндай фактілерді естіп жүрмін. Бұл ұят нәрсе, бірақ бұл адамның табиғаты және біздің менталитетіміздің бір бөлігі. Неліктен біз әрқашан таныстар іздейміз, «табысты болу» үшін бір-бірімізбен байланыс орнатқымыз келеді? Доссыз өмір сүре алмайтындай әрекет етеміз. ТШО мұны түбегейлі тоқтатуға тырысуда және сенім телефонына хабарлаудың тәртібін әзірледі. Егер компания ТШО-мен жұмыс істеп, әлеуетті жеткізуші болғысы келсе, бірінші сынама тапсырысын алып, өзін көрсетуі керек. Жергілікті қамту бойынша форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар жиі өткізіп тұрамыз. Жақында техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану және қорғаныс материалдарын жеткізу саласында қызмет көрсететін 50-ден астам қазақстандық компаниялар үшін дөңгелек үстел өтті. «Atyrau Oil and Gas» көрмесіне және Халықаралық мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығының форумына қатыстық. Болашақ жеткізушілер осындай форумдарға қатысып, бізден ақпарат алып, белсенді болып, қызығушылық танытуы керек.

Мердігер компанияның директоры болып жұмыс істегенімде бірде-бір форумды жіберіп алмауға тырыстым. Бизнесте нетворкинг маңызды, біздің әлеуетті жеткізушілеріміз кеңседе отырып, құжаттарға қол қойып, ТШО жеткізушісі болуды армандамай осындай форумдарға, жиындарға белсенді қатысуы керек. Мейрамханаға барған кезде тұтынушылардың пікірлеріне мән бересіз ғой. Ұсынатын тағамдары дәмді ме, әкімгері қандай, жанды музыка бар ма деген сұрақтар болады емес пе?. Сондықтан жеткізуші өзінің бәсекеге қабілеттілігін, деңгейін дәлелдеп, көрсетуі керек. Ол үш тірекке негізделуі керек: сенім, сапа және қауіпсіздік.

—Қазақстандық компанияларда жұмыс істеудегі мол тәжірибеңізді ескере отырып, ТШО-ның жергілікті қамтуды дамытудағы жұмысы туралы не айта аласыз? Ерекшеліктері бар ма және басқа компаниялар қандай тәжірибе ала алады?

—Егер компаниялардың тендерлік процесі туралы айтатын болсақ, кейбір тармақтарды қоспағанда, барлығы бір-біріне ұқсас. Осылайша, НКОК пен КПО-ның ірі келісімшарттарын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің уәкілетті органы бекітуі керек. Ал ТШО-да басқа, бірақ дес бермейтін ашық тендер жүйесі бар. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін ТШО өз веб-сайтында жыл сайынғы келісім-шарттар мен сатып алулар жоспарын жариялап, нарықты ынтымақтастықтың барлық ықтимал мүмкіндіктері туралы хабардар етеді. Сондай-ақ компания әлеуетті бизнес-серіктестерді анықтау үшін жеткізушілердің мүдделерін білдіру (SEOI) деп аталатын порталды пайдалана отырып, ашық келісім-шарт жасау процесін енгізді. ТШО-ның барлық тендерлері үшінші тұлғалардың немесе бөгде жүйелердің қатысуынсыз тек ішкі электронды жүйе арқылы өткізілетінін түсіну маңызды.

Сонымен қатар, ТШО адам ресурстары мен қауіпсіз еңбекке басымдық береді. Егер компанияда қазақстандық қызметкерлердің саны көп болса және олар өздерін білікті маман ретінде көрсете білсе, біз осы ресурстарды мүмкіндігінше сақтауға тырысамыз.

—ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті қамтуды дамытудағы ККЖ-ҰЕҚБЖ (Теңіз кен орнындағы келешек кеңейту жобасы – В ескерту) маңыздылығын атап өтті. Жаһандық жобаға қандай баға берер едіңіз?

—Қазір ККЖ-ҰЕҚБЖ аяқталуға жақын, біз барлық жүйелерді қосуды бастадық. Мен қазақстандық компаниялардың осы жобадағы жұмысының нәтижесіне ризамын. Әрине, мұндай ауқымды жоба алғаш рет жасалғандықтан, жергілікті қамтуды дамытуға қатысты кейбір мәселелер назардан тыс қалуы мүмкін. Дегенмен, бұл үлкен келісім-шарттарды жасау кезінде бізге алдағы уақытта сабақ болады. Дегенмен, 2022 жылы ТШО соңғы 6 жылдағы 70% көлеміндегі ең жоғары жергілікті қамтуға қол жеткізгенін атап өткім келеді. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

ККЖ-ҰЕҚБЖ үшін инжинирингтік, сатып алу және өндірістік қызметтерді көрсету үшін 2 276 қазақстандық компания алдын ала іріктеуден өтті, олардың 1 588-і алдын ала біліктіліктен сәтті өтті. Нәтижесінде қазақстандық компаниялармен 630-дан астам келісімшарт жасалды. Жобаның бір мақсаты – барынша көп қазақстандық азаматтарды жұмыспен қамту.

Иә, қазір қазақстандық жеткізушілердің тауарлары, қызметтері мен жұмыстарының сапасы басқа шетелдік компаниялардан кем түспейді. Ал біз үшін жергілікті жеткізушілермен жұмыс істеу өте тиімді. Мысалы, өндірісті қауіпсіз жалғастыру үшін бізге тез арада жоғары технологиялық аппарат қажет болады. Енді мұндай аппараттарға тапсырыс беріп, шетелдік жеткізушілерден бірнеше ай күтпей, қысқа мерзімде Теңізге жеткізе аламыз. Атырау облысында біз үшін импортты алмастыратын ірі компаниялар бар. Сондықтан біздің жергілікті серіктестер сапалы тауарлар мен қызметтерді жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар кедергісіз және қауіпсіз жұмыс істеуге септігін тигізеді.

—Президент Батыста көптеген жастар тек мұнай саласында жұмыс істегісі келетінін айтты. ТШО-да жұмыс істегісі келетін жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

—Егер мен қазір ТШО-да жұмыс істемесем, мені теледидардан көрер едіңіз. Немесе Қанат Бейсекеев түсірген Теңіз туралы фильмде. Мен қалжыңдаймын, әрине. Қызым университетте IT-инженер мамандығы бойынша оқиды. Ақпараттық технологияның біздің өмірімізге тығыз енгені сонша, болашақ осы бағытпен байланысты. Сондықтан ол IT саласын таңдады. Менің ұлдарым мектепте оқиды, сондықтан олар әлі ештеңеге ерекше қызығушылық танытпайды. Болашақта олар мұнай саласында жұмыс істегісі келсе, мен қарсы емеспін, өйткені бұл олардың таңдауы. Оның үстіне біздің әулет – мұнайшылар әулеті. Бірақ адамдар әлемде мұнай-газ саласына қатысты кәсіптерден басқа мыңдаған мамандықтардың бар екенін түсінуі керек. Сондықтан таңдау саналы болуы керек. Кәсіби маман ретінде орын алу, өзіңізді табу маңызды. Жасыратыны жоқ, мұнай саласы жоғары жалақымен, әлеуметтік қолдаумен көпшілікті қызықтырады. Дегенмен, тек жақсы жалақы ғана маңызды емес, ең алдымен еңбегің өзіңді қуанышқа бөлеп, елге пайдасын тигізуі керек. Сол кезде сіз өз салаңыздың кәсіби маманы бола аласыз. Мен өзіміздің мұнайшылар әулетінің жұмысын жалғастырамын деп бір кездері ойламаппын да, бірақ өмір бәрін өз орнына қойды. Өз таңдауыма еш күмәнім жоқ және мен қазіргі қызметімде қазақстандық компаниялардың әлеуетін дамытуға барынша көп пайда әкелетініме шын жүректен үміттенемін.