Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Атырау, Қазақстан – 19 қыркүйек, 2023 ж. – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өз тарихындағы ең күрделі жөндеу жұмыстарының бірін мерзімінен бұрын сәтті аяқтады. ТШО-ның Теңіздегі барлық қондырғыларында өндіріс қауіпсіз қалпына келтірілді.
Үш жыл бойы ТШО ең шарықтау шегінде 5200-ден астам қазақстандық маман жұмыс істеген «Кешенді технологиялық желінің-2» (КТЛ-2) жөндеу жұмыстарын мұқият жоспарлады. Жөндеу жұмыстары Теңіз КТЖ-2 технологиялық қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
«Мен ТШО мен мердігер ұйымдар арасындағы берік серіктестікке, сондай-ақ ТШО командасының осы өзгерісті басқарудағы және маңызды белеске жетудегі адалдығы үшін алғысымды білдіргім келеді. Қазақстан Республикасы билігі тарапынан көрсетілген қолдауды да атап өткім келеді», - деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.
Компания тарихында бірінші рет техникалық қызмет көрсету тобы салмағы шамамен 100 тонна және биіктігі 37 метр резервуарды жаңа, металлургиялық жаңартылған колоннаға сәтті ауыстырды, сонымен қатар өңделген газды кептіруге арналған үш молекулалық елеуішті ауыстырды. Бұл қондырғылардың барлығы Қазақстан аумағындағы жергілікті компанияларда жасалған.
«ТШО әрдайым қазақстандық өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді дамытуға ұмтылып, Қазақстан үшін елеулі пайда әкеледі», - деді ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов
Күрделі жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасының (ҚР) заңнамасына сәйкес және халықаралық мұнай-газ стандарттарына сәйкес жүргізілді.
«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – шикі мұнай, сұйытылған газ, құрғақ газ және күкіртті өңдеумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық серіктес компания. ТШО заманауи технологияларды енгізіп, өз жұмысын әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік және экологиялық стандарттарға сай жүргізеді. ТШО 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасындағы шарт бойынша құрылған. Серіктестер – «Шеврон» - 50 %; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 20 %; «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және Лукойл - 5%.