Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Қазақстанның астанасында «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, инновациялар және перспективалар» тақырыбында халықаралық конференция өтуде. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, «Атамекен» ҰКП-ның, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының өкілдері, сондай-ақ отандық ірі кәсіпорындар, оның ішінде Қазақстандағы ең ірі салық төлеушісі – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қатысты.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) құрылыс жұмыстарының шарықтау кезеңінде шамамен 90 000 қазақстандық жұмысшы еңбек етті. Оның ішінде 36 500-ден астам қызметкер оқудан өтіп, қазақстандық және халықаралық стандарттар бойынша сертификаттарға ие болды. Жаңа зауытта жұмысты аяқтаған мамандар өз білімі мен тәжірибесін Қазақстандағы және шетелдегі басқа жобаларда сәтті қолдануда.
Дегенмен, Еңбек министрлігінде бұл шаралар жеткіліксіз деп есептейді: «Алдағы 5 жылда тұрақты жұмыс күші үшін жыл сайын 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны қажет болады. Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру қарқыны өсіп келе жатқан халықтың сұранысын жеткілікті түрде қанағаттандырмайды», – деді Светлана Жақыпова.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өз сөзінде ұсынылған экономикалық ынталандыру шараларын іске асыру нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізу күтілетінін атап өтті: сапалы жұмыс орындарының саны 2,1 млн-нан немесе 2023 жылы жұмыспен қамтудың жалпы құрылымындағы барлық жұмыс орындарының 32%-нан 3,6 млн-ға немесе 2030 жылға қарай 45%-ға дейін. Сапалы жұмыс орындарының орташа жылдық өсу қарқыны 8%-ды құрап, 1,5 миллион адам табысын орташа жалақыдан жоғары көтереді.
S&P Global халықаралық сараптамалық агенттігінің зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы Теңіз кен орнын игеру ТШО-дағы әрбір жұмыс орнына ел экономикасында қосымша 41 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов: «2018 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ Қабілеттерді дамыту және кәсіби-техникалық мамандықтарға оқыту тобы (Craft Training) «АПЕК Тренинг орталығын» NCCER (National center for construction education and research) халықаралық аккредитациясын алу үшін дайындық жүргізді. 2021 жылдан бастап ККЖ-ҰЕҚБЖ-да 3000-ға жуық жоба қызметкерінің тиімді топ/дала тобы (бригада) жетекшісінің дағдыларын дамытатын «Топты басқарудың негіздері» (CREW Leadership) курсы ашылды».
Бүгінгі таңда ТШО-ның негізгі қызметіндегі қазақстандық жұмысшылардың үлесі 1993 жылғы 50%-бен салыстырғанда 95%-ға өсті. Сонымен қатар, 1993 жылдан бері Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемдер бүгінгі күнге дейін 186 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішіне қазақстандық жеткізушілерден 45,6 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлар мен қызметтерді сатып алу кіреді.