Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
6 сәуір, түнгі сағат 2-де Құлсарының алғашқы эвакуацияланған тұрғындары, олардың көпшілігі әйелдер, қарттар мен балалар Теңіз кен орны маңындағы вахталық қалашықтарға орналаса бастағанда, Теңізшевройл (ТШО) қызметкерлері бірден еріктілер тобын құрып, гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті. 6 сәуір, таңғы сағат 10-ға дейін ТШО мен оның мердігер ұйымдарының қызметкерлері компанияның бас кеңсесінде Жылыой ауданының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинайтыны туралы хабардар болды.
Бірінші күні ТШО қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен жылыойлықтарға 2,5 тонна гуманитарлық көмек жинады.
- Бас кеңсенің конференц-залы өзгерді, біздің әріптестеріміз гигиеналық өнімдерден бастап ойыншықтарға дейін алып келді. Маған көпшілігінің не қажет екенін сұрап, сол нәрсені әкелгені ұнады. Теңіздегі вахталық кенттердің әкімшілері тұрғындар арасында қандай көмек қажет екендігі туралы сауалнама жүргізіп, тізімдерді біріктіріп және бізді бірден хабардар еткен болатын. Басқа еріктілермен бірге мен процесті үйлестіруге, сұрыптауға және орауға көмектестім. Мен осындай қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге қандай да бір жолмен қолдау көрсеткім келді. Заттарды сұрыптап жатқанда, әсіресе кішкентай балаларға арналған керек-жарақтарды көргенде, іштей өсіп келе жатқан мазасыздық сезімін сәл де болса баса алдым. Мен үшін бұл мазасыз және қайғылы ойлардан құтылу болды. Мен мүмкіндігінше жәрдемдесіп, көмектескен әріптестерімізге өте риза болдым, - дейді ТШО қызметкері Әлия Ақыш.
Осындай асар эстафетаға ТШО қызметкерлерінің отбасылары да қосылды. Мысалы, ТШО бас директоры Кевин Лайонның жұбайы Кимья Лайон еріктілерге заттарды жеткізуге және сұрыптауға көмектесті. «Достық» қалашығының тағы бір тұрғыны Теңізде Құлсараның кішкентай эвакуацияланған тұрғындарын қуанту үшін тәттілер дайындап әкелді.
Лайонның жұбайы осындай уақытта әркім мұқтаж адамдарға көмектесуге асығуы керектігін атап өтті.
- Біз қиыншылыққа тап болған Жылыой ауданының тұрғындарына көмектесеміз. Қазіргі уақытта ТШО еріктілері барлық көмекті үйлестіруде, олардың жылыойлықтармен бірге екенін көрсетеді. Жылыойдың қалпына келіп, өркендейтініне сенімдімін. Осы қиын сәтте бір-бірімізге қол ұшын созып, бірлігімізді нығайтайық. Құлсары – мықты бол, біз біргеміз! - дейді «Атырау достары» қауымдастығының еріктісі Кимья Лайон.
Төрт күн ішінде ТШО мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері 4,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Гуманитарлық көмек қабылдаған еріктілер компания қызметкерлерінің жомарттығына таң қалды: бірі көпбалалы аналарға арналған импорттық азық-түлігі бар себет әкелсе, ал басқасы бүкіл отбасы үшін гигиеналық керек-жарақтарды жинаған.
– Әрине, бәріміздің жұмысымыз бар. Бірақ біз жұмысты гуманитарлық көмек жинаумен ұштастыра алдық, өйткеніуақыт аз болды. Бізді қиын жағдайда қалған тұрғындар күтіп отырды. Менің ойымша, бұл - қиын-қыстау сәттерде бірігіп, мұқтаж жандарға тез арада көмектесу үшін бірлесе жұмыс істей алатынымыздың шабыттандыратын үлгісі деп ойлаймын. Әрқайсымыз осы жақсылық тізбегінің бір бөлігі болдық, - дейді ТШО қызметкері Бақытгүл Көшекова.
Қажетті тауарлардың күнделікті жаңартылған тізімі ТШО-ның ішкі сайтында жарияланды. Осылайша, ТШО еріктілері мен мердігер компания қызметкерлері күн сайын Теңізге ұшақпен 20 жәшік жіберді. Кейіннен гуманитарлық көмекті тасымалдау үшін пойызда орын табылды. Бір уақытта Құлсары мен Теңізге пойызбен 190 қораптан астам киім-кешек пен жүк жөнелтілгенде, еріктілер қуанышында шек болмады.Таңғы сағат 6-да жүретін пойызға үлгеру үшін қызметкерлер таңғы сағат 3-те де қораптарды тиеді.
Осылайша, ТШО мен мердігер компания қызметкерлері шынайы ынтымақ пен табандылық рухын көрсетті. Өйткені олар тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелту тек қайырымдылық іс-шарасы ғана емес, қиын жағдайда қалған жандар алдындағы жауапкершіліктің көрінісі екеніне сенеді.
Осы уақыт арасында «Теңізшевройл» компаниясының ресми өкілі су басқан Құлсары тұрғындарына көмек көрсету үшін 2 миллиард теңге қаражат бөлінетінін хабарлаған болатын. ТШО мердігер компаниялармен бірлесе отырып, бөгет салуға және су тартып шығаруға көмектесу үшін Теңізден Құлсарыға арнайы техника, азық-түлік және жанар-жағармай тасымалдады. Компания отбасыларына қолдау көрсету үшін үйлеріне қайтып оралуы қажет болған ТШО-ның барлық қызметкерлеріне әл-ауқатына айтарлықтай зиян келтірместен қайтып оралуына жағдай жасады. Сонымен қатар, ТШО өзінің бизнес серіктестерімен бірге Атырау қаласының маңындағы Сарыөзек арнасының (Қара өзек) бойында бөгет салуға жұмылдырылды, бұл Атырау облысы әкімдігінің жедел штабының мәліметі бойынша Атырау қаласын су тасқынынан қорғаудағы негізгі шаралардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта, жағаларды бекіту жұмыстары аяқталды.