Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Үшінші жыл қатарынан «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Қазақстан Республикасының (ҚР) «Үздік салық төлеушісі» атағына ие болды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) ТШО-ны «Ірі салық төлеуші» номинациясында үздік деп таныды. Бұл марапат ТШО-ның салық міндеттемелерін мүлтіксіз орындағанын және ел экономикасына қосқан елеулі үлесін растайды.
ҚР МКК атап өткендей, 2023 жылдың қорытындысына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінен түрлі санаттар бойынша 2 000 000-нан астам кәсіпкер қарастырылды. Басты назар тек төленген салық көлеміне ғана емес, төлем тәртібіне, фискалдық мониторинг бойынша ескертулердің жоқтығына, саладағы салық жүктемесінің коэффициентіне және басқа да қаржылық көрсеткіштерге аударылды. Салық төлеушілердің әлеуметтік жобалары және олар өз қызметiн жүзеге асыратын аймақтарда азаматтар үшін жұмыс орындарын ашу да елеулi мәнге ие болды.
«Біз бизнестің дамуы мен өсуін ынталандыру үшін жағдай жасап, меммлекет бизнеске тартымды болуы керек. Бұл – мемлекет басшысының ұстанымы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын ел бюджетін қосымша 700-800 миллиард теңгеге толықтырып отырады», - деді Ерұлан Жамаубаев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
Бұл құрмет ТШО-ның қаржылық үдерістерін жүйелі түрде басқару және заңнаманың барлық нормалары мен талаптарын қатаң сақтауының нәтижесі болып табылады. Қызметкерлердің корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін дәйекті түрде қолдауы, компанияға қазақстандық кәсіпорындар арасында көшбасшылар қатарында қалуына мүмкіндік береді.
«Біз үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасындағы үздік салық төлеуші атағын иеленгенімізді мақтан тұтамыз. Бұл құрмет ТШО-ның қауіпсіз және сенімді жұмысына ерекше көңіл бөліп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның игілігі үшін салықтық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауға ұмтылатынын растайды», - деді марапаттау рәсімінде ТШО-ның қаржы жөніндегі бас менеджері Дуайт Крэбтри.
Тек соңғы онжылдықта (2015-2024 жж.) ТШО өзінің негізгі өндірісіндегі қондырғылардың орташа сенімділігінің 98%-дан астамына қол жеткізіп, Қазақстан Республикасын сенімді кіріспен қамтамасыз ете алды. Оған қоса, ТШО көптеген жылдар бойы қазақстандық қызметкерлердің жалақысын, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуды, мемлекеттік кәсіпорындарға төлемдерді, қазақстандық серіктеске дивидендтер төлеуді, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке аударылатын салықтар мен роялти түріндегі төлемдерді қоса алғанда, Қазақстан экономикасына тұрақты және ашық төлемдерді қамтамасыз ете отырып, бизнес жүргізудің жоғары стандарттарын көрсетіп келеді. Тек соңғы 10 жылда ғана ТШО сыртқы және мұнай нарығының қолайсыз жағдайларына қарамастан, ҚР бюджетіне жылына орташа есеппен 5,7 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға төлемдерді тұрақты түрде жүзеге асырды. 2023 жылы ТШО Қазақстанға 14 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде тікелей қаржылық төлемдерді жүзеге асырып, Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілер арасындағы орнын нығайтты. Жалпы алғанда, 1993 жылдан бері ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемдері 196 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. 2010-2021 жылдары жүргізілген тәуелсіз зерттеу нәтижелеріне сәйкес ТШО өзінің бизнес серіктестерімен бірлесіп, Қазақстан экономикасының жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 11%-ын ынталандырып, мемлекет кірісінің шамамен 30%-ын қамтамасыз етеді.