Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Ақтауда мұнай-газ саласының компаниялары мен мемлекеттік органдардың басын қосқан PetroHR конференциясы өтті. Конференцияда адам ресурстарын басқару жөніндегі мамандар компанияларында кадрларды дамыту қалай жүзеге асатыны туралы баяндады. Баяндамашылардың арасында «Теңізшевройл» (ТШО) адам ресурстарын басқару жөнідегі бас менеджері Камшат Байжанова да болды. ТШО конференцияның күміс демеушісі болғанын айта кету керек.
Бас менеджер өз баяндамасын компанияның басты құндылықтарының бірі адамдар екенін, сондықтан қызметкерлерінің дамуына ТШО үнемі көңіл бөлетініне мән беруден бастады.
«Адамдар біздің басты құндылықтарымыздың бірі» деп мәлімдеп қана қоймай, біз осы ұстанымды барлық процестерімізге қатыстырамыз. Ашық жарияланған «ТШО сара жолы» құжатында бейнеленген ұйымдық мәдениетімізді сақтау және дамыту бағытында үзбей жұмыс істейміз. Біз алуан түрлілік және инклюзия принциптерін ұстанамыз, кері пікір алу құралдарын енгіземіз, жетекшілік қабілеттерді дамытамыз және дамуға мүмкіндіктер береміз,» - деп атап өтті Кәмшат Байжанова.
Кадрлық жоспарлау және жоғары білікті мамандарды іздеу
ТШО-да кадрларды жоспарлау процесі үздіксіз жүреді. Оның аясында бизнестің мақсаттары мен адам ресурстарына сұраныс бағаланады. Кәмшат Байжанова штат кестесін стратегиялық жоспарлау кадрларға сұранысты анықтап, тиісті ресурстарды тарту стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Бәрі штат кестесін стратегиялық жоспарлаудан басталады. Әр ТШО бөлімшесі жыл сайын бизнестің мақсаттарына және қажеттіліктерге сүйеніп, штат кестесін дайындайды. Біз ресурстарды тарту стратегиясын, яғни нақты позицияны ішкі ресурстармен жабамыз ба, не сырттан жұмысқа аламыз ба, анықтаймыз, содан соң жұмысқа алу жоспары сәйкесінше әзірленеді. Маңызды жайт – осы процесстің барысында ұлттандыру жоспары да жүзеге асады. Осылайша компания қандай шешуші техникалық немесе басшылық лауазым қашан ұлттық кадрмен жабылатынын анықтауға мүмкіндік алады,» - деп түсіндірді Кәмшат Байжанова.
2007 жылдан бері ТШО-ның 460 ұлттық қызметкері басшылық, орта буын басшылық және шешуші техникалық лауазымдарда шетелдік қызметкерлерді алмастырғанын атап өту керек.
Жоғары білікті мамандарды тарту үшін ТШО тартымды жұмыс беруші брендін қалыптастырады. Компания жұмыс жәрмеңкелеріне белсенді қатысады, оқу орындарымен жұмыс істейді, тәжірибелі мамандарды жұмысқа алады. Маңызды фактор – бұл ТШО-ның ұйымдық мәдениетін ұйымдастыру болып табылады. Ол қызметкерлерге жайлы жағдай тудыруға ерекше көңіл бөледі, кәсіби және мансап тұрғысынан дамуға мүмкіндіктер ашады. Еске салайық, «Теңізшевройл» үш жыл қатарынан Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болып танылды.
Қызметті басқару және мансапты дамыту
«We Lead» жетекшілік қабілеттер моделіне құрылған ТШО қызметті басқару процесі (ҚБП) қызметкерге компанияның бизнестегі міндеттерімен үндесетін нақты мақсаттар қоюға арналған. Кері байланыстың – тұрақты, ал даму мақсаттарының белгілі болуы қызметкерлерге корпорацияның мақсаттарына жетуге қосқан үлесін көруге көмектеседі.
«Басты талап - қызметкердің алдына қойған мақсаттары бөлімшенің және жалпы компанияның бизнес мақсаттарымен үндесіп тұруы тиіс. Біздің процесімізді кері байланыс мүмкіндігі ерекшелейді. Кері байланыс жылына төрт мәрте ҚБП аясында өтетін кездесулер кезінде тұрақты беріледі. Бұл қызметкерлерге компанияның қызметіне және бизнес мақсаттарына жетуіне қосқан өздерінің үлесін көруге мүмкіндік береді,» - деп атап өтті Байжанова.
Мансапты дамыту ТШО стратегиясының маңызды элементін құрайды. Компания қызметкерлеріне әлеуетін бағалап, кері байланыс алуға және даму жоспарларын құруға мүмкіндік ұсынады. Байжанова ТШО-дағы әр басшыдан кадрларды дамыту комитеттерінің қолдауына сүйеніп, өз тобының дамуына жағдай жасау сұралатынын атап өтті.
Оқыту-даярлау және сабақтастықты жоспарлау
ТШО қызметкерлерін оқыту-даярлауға және дамытуға үзбей көңіл бөледі. Бұның тамаша мысалы – техникалық мамандықтар бойынша бойынша жас мамандарды дамытуға арналған «Horizons» бағдарламасы. Компания онлайн оқыту платформаларын, сандық дағдыларды және жетекшілік қабілеттерді дамыту курстарын ұсынады, жоғары білім алуға және кәсіби аттестациядан өтуге қолдау көрсетеді.
Сабақтастықты жоспарлау ТШО үшін қауіпсіздікті және үздіксіз өндірісті сақтау тұрғысынан айрықша маңызды. Компания кадрлық резервін тұрақты жаңартып отырады, үздік қызметкерлерді де тыс қалдырмайды. Шешуші лауазымдарға ізбасар үміткерлерді дамыту жоспарларын әзірлейді.
ККЖ-ҰЕҚБЖ мұрасы
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ - ҰЕҚБЖ) жүзеге асыру барысында ТШО оқыту-даярлау курстарынан өткен, білікті, 40 000 аса ұлттық маманнан тұратын мұра қалыптастыруға көмектесті. Бұл мамандар жинаған тәжірибесін Қазақстанның ішіндегі және шетелдегі басқа өнеркәсіптік жобаларда қолдана алады.
2019 жылы ТШО Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындарына арнап монтаждау, электрлік монтаждау, құрылыс сатыларын монтаждау, металл конструкцияларды монтаждау, дәнекерлеу, құбырларды монтаждау, аспаптарды монтаждау, құрылыс, оқшаулау қабатын монтаждау, әрлеу-бояу, құм ату сияқты сұранысқа ие кәсіби-техникалық мамандықтарға оқыту-даярлау бағдарламасын іске қосты.