Теңізшевройл заманауи экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдер өндіретін жетекші компания болып табыламыз. Біздің тарихымыз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуімен тығыз байланысты.Біз қоғамға пайда әкелетін және бизнесті қолдайтын, көліктерге жанармай болатын, үйлерді жылытатын өнімдерді қауіпсіз және сенімді түрде өндіріп, Қазақстан Республикасы және аумағында қызметімізді атқарып отырған Атырау облысының экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеміз.Қазақстан Республикасына, төрт акционерімізге, өзіміз тұрып, қызмет атқаратын аймақтағы жұртшылыққа және өзімізге құндылық жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Біз еліміздің экономикасының дамуына және оның келешегіне үлес қосып отырғанымызды мақтан тұтамыз – біз болашақ ұрпаққа жаңа мұра қалыптастырудамыз.
«Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде алып Теңіз кеніші және одан кішілеу болса да қоры мол Королев кеніші, сондай-ақ, барлау жүргізілетін болашағы зор бірнеше учаскелер бар.
(25 млрд баррель)
(1,6 млрд баррель)
Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 1,4 миллиард (11,5 миллиард баррель) тонна құрайды. Теңіз – әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең, алып кен орны болып саналады, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан. Теңіз коллекторы ұзындығы 21 шақырым (13 миль), ал, ені 20 шақырым (12 миль) жерді алып жатыр, Ал, мұнайлы қабатының биіктігі 1,6 километрге тең.
Шикі мұнай
(тонна)
Сұйытылған газ
(тонна)
Құрғақ газ
(м3)
Күкірт
(тонна)
(АҚШ долл.)
(АҚШ долл.)
Тікелей қаржы төлемдеріне ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
«ТШО-ның сара жолы» біздің кім екенімізді, неге сенетінімізді, мақсатымызға қалай жететінімізді және неге ұмтылатынымызды түсіндіреді Ол компания қызметкерлерімен қатар бізбен қарым-қатынас жасайтын тараптар үшін біздің құндылықтарымыз бен мінез-құлық үлгілеріміз жайлы ортақ түсінік қалыптастырады.
Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді көрсетеді және нәтижеге жеткізетін бағыт береді. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаларына сүйене отырып қызмет атқарамыз, жұмыс істейтін аймақтарымыздың заңдарын құрметтейміз және жұртшылығына пайда әкелеміз.
Біз мінсіздік пен оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біз жоғары өнімділік пен тұрақты жетілуді көздейміз. Біз ТШО жоғары көрсеткіштеріне бағытталған мінез-құлық үлгісін ұстанамыз және әрекеттеріміз бен олардың нәтижелеріне жауаптымыз.
Біз өзіміз бен өзгелер алдында адалмыз. Ең жоғары этикалық ережелерді ұстанып, бір-бірімізге құрметпен қарау және қолдау көрсету арқылы сенімге ие болуға ұмтыламыз.
Біз мемлекеттік органдар, үлескерлеріміз, жұртшылық, бизнес серіктестеріміз, тапсырыс берушілер мен жабдықтаушыларымыз және бір-бірімізбен сенімге негізделген, нәтижелі және конструктивті қарым-қатынас орнатудамыз. Бірлесе қол жеткізген табысымыз біз үшін ең басты жетістік.
Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Біз салдары ауыр оқиғалардың алдын алуға басты ден қойып, өндірістік қызметімізде жарақат пен оқыс оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерімізді саламыз.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) инжинирингтік қызмет көрсетуге маманданған қазақстандық компанияларды алдағы тендерлерге тарту мақсатында форум ұйымдастырды. Іс-шара қатысушыларға алдағы жобалардың ауқымымен, ТШО талаптарымен және тендер үдерісімен танысуға мүмкіндік берді. Бұл оларға байқауларға қатысуға тиянақты дайындалуға және неғұрлым бәсекеге қабілетті шешімдерді ұсынуға көмектеседі.
Теңіз кен орнында инжинирингтік жұмыстар операциялық тиімділікті сақтау мен кеңейтуде шешуші рөл атқарады. Басты міндеттердің бірі жабдықтардың өнімділігі мен сенімділігін арттыру үшін қолданыстағы технологияларды оңтайландыру болып табылады. Кен орнында олардың халықаралық стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарының орындалуын мұқият жоспарлау және бақылау жүзеге асырылады. Теңіз кен орны шын мәнінде әлемдегі ең күрделі және ірі мұнай-газ жобаларының бірі болып табылады. Мұндай нысанда технологиялық қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету озық технологиялар мен қатаң стандарттарды қолдануды талап етеді.
ТШО-дағы инженерлік жұмыстардың маңызды бөлігі жабдықты пайдалануға қатысты деректердің үнемі бақыланып, талдануы болып табылады. Бұл ықтимал тәуекелдерді жедел анықтауға және жоюға, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету қажеттілігін болжауға мүмкіндік береді. Компанияның инженерлері жергілікті компанияларды белсенді тарта отырып, Теңіз кен орнындағы барлық жүйелердің сенімділігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін заманауи аналитикалық құралдар мен технологияларды пайдаланады.
ТШО қазақстандық жеткізушілерді Теңіз кен орнындағы өз жобаларына белсенді тарта отырып, жергілікті қамтуды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қазақстандық кәсіпорындарды қолдау, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ озық технологиялар мен стандарттарды енгізу жергілікті компанияларға тендерлерге сәтті қатысуына мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық экономиканың өсуіне және отандық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етеді.
ТШО жобалық менеджері Шолпан Мәдиева соңғы жылдары ТШО жобаларының ажырамас бөлігіне айналған қазақстандық компаниялардың елеулі табыстарын атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті кәсіпорындар жоғары кәсіпқойлық танытып қана қоймай, әлемдік деңгейде табысты бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сай қабілеттерін де дәлелдеді.
— Біз ТШО-да қазақстандық қамтуды дамыту ел экономикасына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар біздің жетістігіміздің маңызды бөлігі екеніне нық сенімдіміз. ТШО жергілікті компаниялармен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға, олардың өсуіне және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына көмектесуге ұмтылады. Бұл жақында Теңіз кен орнында 7000-нан астам қазақстандық қызметкер мен 20 жергілікті мердігер компания жұмылдырылып, зауыттың тұтастығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жақсарту шараларын жүзеге асырған күрделі жөндеудегі табыстарымызбен расталады. Бұл шара біздің бірге жаңа биіктерге жете алатынымызды және жергілікті жеткізушілер үшін тұрақты болашақ құра алатынымызды көрсетеді. Қазақстандық компаниялардың ТШО жобаларына қосқан үлесі олардың болашақтағы өсуі мен тұрақты дамуының кепілі, - дейді Шолпан Мәдиева.
ТШО категориялық менеджері Тілекбек Искалиев ТШО-ның жергілікті компаниялармен ынтымақтастығының негізгі аспектілерінің бірі үнемі жетілдіруге ұмтылу болып табылатынын атап өтті. Қазақстандық компаниялар өздеріне жүктелген міндеттерді орындап қана қоймай, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін инновацияларды белсенді түрде енгізуде. Бұл прогресс бізді жергілікті кәсіпорындарды қолдауға және олардың одан әрі өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға шабыт береді.
— ТШО қазақстандық компаниялармен жаңа келісімшарттар, тендерлер және бірлескен жобалар арқылы олардың дамуына ықпал ете отырып, серіктестік қатынастарды нығайтуды жалғастырады. Біз бұл ынтымақтастық біздің жобаларымызға пайда әкеліп қана қоймай, ел экономикасы мен өнеркәсібіне елеулі үлес қосатынына сенімдіміз, – деп атап өтті Тілекбек Есқалиев.
Осылайша, инжиниринг жөніндегі форум әлеуетті серіктестерге маңызды ақпарат беріп қана қоймай, қазақстандық компаниялардың ТШО жобаларына қатысуын одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылау алаңына айналды. Қазақстандық қамтуды дамыту ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен орнықты дамуға бағытталған компания стратегиясының маңызды элементі болып қала береді.
АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ:
ТШО әрқашан Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі қатысушыларының бірі және жергілікті бизнесті дамытудағы жетекші ойыншылардың бірі болды. 1993 жылдан бері Теңізшевройл қазақстандық жеткізушілерден 49,2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тауарлар мен қызметтерді сатып алды. 2024 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық қамтуды дамытуға жұмсалған шығындар Келешек кеңею жобасы және Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) шеңберінде 440 миллионнан астам АҚШ долларын қоса алғанда шамамен 790 миллион АҚШ долларын құрады. Жалпы, ТШО сатып алған тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың жалпы деңгейі 1993 жылғы 11%-бен салыстырғанда 2023 жылдың соңында 71%-ға жеткенін атап өткен жөн. Бұл деректер мұнай-газ саласындағы жергілікті ресурстар мен кәсіпорындарды ілгерілету және дамыту ТШО-ның тұрақты дамуының ажырамас бөлігі екенін көрсетеді.